Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы

Бакта тұндырылған сұйық сорғы арқылы су қыздырғышқа келіп түседі. 95-100 ˚С-қа дейін қыздырылған сұйық жоғары қысыммен камералардың ішінде орналасқан шашыратқыш құбырларға келеді. Қолданылған сұйық бакқа келіп түседі де, қайта тұндырылады. Тұндырылған қалдықтар арнайы себетке жиналады. Бакты толтыру үшін су қалыпты деңгейде болатын кіші бактан келіп түседі.

а) жалпы көрінісі; б) камераның кесіндісі; в) бактың сұлбасы; г) лентаның жетегі

5.1-сурет. Үш камералы жуу машинасы

Жөндеу зауыттарында әмбебап жуу машиналарынан басқа арнайы бөлшектерді жууға арналған жуу машиналары да қолданылады. Мұндай машиналарды ағымды бөлшектеу кеңістіктерінде орналастырады. Сондықтан бөлшектердің цех ішінде тасымалдау ара қашықтығы айтарлықтай қысқарады, сонымен қатар цех ішінде тазалық сақталып отырады. Егер бөлшектерді бөлшектеу орнынан жуу машинасына дейін тасымалдағанда, бөлшектерден май ағып өндіріс орнын ластайды.

Коллектор мен құбырдан ажыратылмаған цилиндр блогін жуу үшін арналған машина. Бұл машина дизельді бөлшектеу орны мен блокты жинау орны арасында орналасқан.

Жуу машинасының құрылысы: камера, рольганг, червякті редуктор, балка, шашыратқыш коллектор. Червякті редуктор рольганг рамасының төменгі жазықтығына бекітілген. Редуктор бөлшектері ортақ білікпен орнатылған және де электроқозғалтқыш арқылы қозғалысқа келеді. Екі дөңгелек те сағат тілі бойымен айналады. Сол жақта орналасқан редуктор білігінің екі соңындағы дөңгелектерге кривошиптер бекітілген. Балканың оң жағындағы ұшы оң жақта орналасқан редуктор білігінің дөңгелегіндегі кривошипке орнатылған екі роликке тіреледі. Оң және сол жақтағы кривошиптердің синхронды айналуына байланысты балка перекладинасы кривошип сызған шеңберге тең шеңбер сызып отырады. Кривошиптің 180˚-қа айналу кезінде балканың жоғарғы жазықтығы рольганг жазықтығынан жоғары болады, тағы 180˚-қа айналғанда балка жазықтығы рольганг жазықтығынан төмен орналасады.

Осының көмегімен жуылатын блок балка көмегімен рольганг үстіне көтеріледі, бірнеше уақыт аралығына оң жаққа көтеріледіде, рольганг үстіне түсіріледі. Балка келесі айналым жасап, рольгангтан төмен орналасады, блокқа түйіседі де келесі операцияны орындау үшін блокты көтереді. Осы арқылы блок біртіндеп сол жақтан оң жаққа қарай ауысады. Ыстық су сорғылық станциядан құбыр арқылы 4-5 атмосфералық қысыммен машинаға беріледі. Содан кейін құбыр арқылы сорғылық станцияның төменгі багына ағады. Құбыр желдету қызметін де атқарады. Блокты рольгангтың сол шығыңқы жағына орналастырады.

Бірқалыпты кіру жапқышын көтеріп, рольганг бойымен машинаға бағыттайды. Электроқозғалтқыш өшірілген кезінде балканың арнайы блокировкасының көмегімен, балка төменгі қалпына келеді де, блокты бағыттауға кедергі жасамайды.

Осыдан кейін жапқышты түсіріп, балканың электроқозғалтқыш жетегі мен сорғыны іске қосады. Коллектордан өткен блок электрлік блокировка механизмімен байланысқан роликке әсер етеді. Сонымен қатар жетектің электроқозғалтқышы автоматты түрде өшіріледі, осыдан кейін балка төменгі жағына келіп тоқиайды. Осы уақытта сорғылық станциядағы сорғы да өз жұмысын тоқтатады. Осыдан кейін шығу жаппқышын көтереді де, блокты рольгангтің оң жағында орналасқан шығыңқы бөлігіне шығарып жібереді.