Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

1 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Дизельдің бүріккіштерін сынау

Жұмыстың мақсаты: Cтуденттерді қолданылатын құрылыммен, бүріккіштерді бөлшектеу дағдысымен және сынау әдістемесімен таныстыру;

1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер

Бүріккіш дизельдің жұмыс цилиндріне сұйық отынды тозан түрінде шашыратып беруге және оны жану камерасынын ішінде таратуға арналған бөлшек. Бүріккіш қамтамасыз ету керек:

1) жану камерасында жанармай ағынын бірқалыпты таратуды;

2) жапармай ағынын қажетті қашықтыққа жеткізуді;

3) майда ұсақ бүркуді.

Бүріккіштер екі турге бөлінеді: ашық және жабық.

Қазіргі дизельдерде жабық түрдегі бүріккіштер қолданылады.

Жабық бүріккіште жанармайды цилиндрге кезекті шашу аралығындағы уакытта жану камерасы мен бүріккіштің ішкі қуысы арнайы серіппенің әсеріндегі иненің көмегімен бір-бірінен бөлінеді.

Дизельдерді пайдалану кезінде бүріккіштердің істен шығу себептері; иненің бекіткіш конусының герметикалылығын жоғалтуы, жанармайдың нашар шашырауы, шашыратушы тесіктер тығыздығының нашарлауы және тозуы, жоғарғы қысым түтігінің үзілуі немесе жарылуы, бүріккші корпусында жарықтың пайда болуы, шашырату қысымының бұзылуы, серіппенің сынуы, т.б.

Техникалық күтім (ТК) кезінде шашырату сапасын тексеру және серіппе қысымын реттеу үшін бүріккішті дизельден шешіп алады.

Күнделікті жөндеу кезінде бүрккішті бөлшектейді. Бөлшектеуді төмендегідей тәртіппен жүргізеді.

- бүріккішті шебер үстелінің арнайы ұясына бекітеді,

- серіппенің тостаканын бұрап алады;

- серіппені тәрелкесімен, содан кейін итергіш пен саңылаулы сүзгіні тығыздаушы сақинасымен шығарып алады;

- саңылаулы сүзгіні тығыздаушы сақинамен бірге бөліп алады;

- шашыратқыш корпусын инесімен және ине көтерілуін шектеу-шісімен шығарып алады;

- сырықтың көмегімен сопло ұшын және аралық төсемін итеріп шығарады.

Бөлшектеп болғаннан кейін бүріккішті күйеден тазартады, қыл щеткаларды пайдаланып тазартылған керасинде жуады және тексереді. Қалпына келмейтін бөлшектерді ақаулайды, ал қалпына келетіндерін жөндейді. Жинауды бөлшектеуді кері ретпен жүргізеді. Жинақталған бүріккішті сынау стендісіне орнатады.

Стенд үсті дюралюминиймен қапталған үстел (1) болып табылады (1.1-сурет).

1-бак; 2-термометр; 3-деңгей өлшеуіш; 4-тұндырғыш; 5-отын сорғысы; 6-манометр; 7-бүріккіш; 8-қабылдаушы цилиндрі; 9-отын жинағыш; 10-тартқыш желдету

1.1-сурет. Бүріккішті сынауға арналған стенд

.

Үстелге отын деңгейін өлшеуіш (3) жэне термометрлі (2) отын құюға арналған бак (1) орнатылған. Отын бактан тұндырғышқа (4) келіп түседі.

Тұндырғышта кір бөлшектері түбіне тұнып, отын тазартылады. Тұндырғыштың төменгі жағында жиналған кірлерді ағызып жіберуте арналган тығын бар. Отын тұндырғыштың жоғарғы жағынан отын сорғысының (5) плунжер үстілік кеңістігіне ағады. Отын сорабы иінтірегінің көмегімен отын жоғарғы қысым түтігіне айдалады, одан бүріккішке (7) ағады. Түтіктегі қысымды манометр (6) көрсетіп тұрады. Бүріккішті сынау кезінде отын цилиндрмен (8) қағып алынып, тартқыш желдету (10) көмегімен отын жинағышқа (9) сорылады.