Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12345.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.72 Кб
Скачать

32 Сурет. Фазалық ультрадыбысты шығын өлшеуіштің принципиалдық сұлбасы

Калориметриялық шығын өлшеуіштер. Бұл шығын өлшеуіштердің әрекеті, ағын жылдамдығына пропорционал қыздырғыштан өлшеуішке газ ағынымен тасымалданатын жылулық энергиясын өлшеуге негізделген. Калориметриялық шығын өлшеуіштің сұлбасы 40 суретте келтірілген. Құбырда қыздырғыш Rқ орналастырылған, ол токтың тұрақтандырылған көзінен Uт және қыздыруға дейінгі және кейінгі температуралар айырмасын өлшеуге арналған электрлік кедергілер термометрлерінен Rt1 және Rt2 қоректенеді. Термометрлер тұрақты регистирлі Rl, R2 және реохордпен Rр теңестіруші көпірдің өлшеуші сұлбасында екі жанаспалы иықтар түзейді. Көпірдің қоректену диагоналына cd қоректену кернеуі U0 сыртқы көзден беріледі. Өлшеуші диагоналға ab нөл аспап НП қосылған. Калориметриялық шығын өлшеуіштің жетістігі болып табылатындар: өте аз шығындарды өлшеу мүмкіндігі, тіпті ішкі диаметрі 2—3 мм құбырлардағы; жоғары дәлдіктік (қателік 0,5 – 1 % құрайды); өлшеу диапазонының кеңдігі (10 : 1) және бүлкілді (соққылы) ағындар шығынын өлшеу мүмкіндігі.

33 Сурет. Калориметриялық шығын өлшеуіштің принципиалды сұлбасы

Сұйықтар мен газдар мөлшерінің жылдамдықты және көлемдік есептеуіштері. Жылдамдықты есептеуіштерде сезімталды элемент болып айналшық табылады, ол аспап арқылы ағып өтетін сұйық ағынының қозғалысы әсерінен айналады. Айналшықтың айналу жылдамдығы n ағынның орташа жылдамдығына vорт.пропорционал: n=Кvср (56) мұндағы К – аспаптың механикалық және гидравликалық қасиеттерін сипаттаушы коэффициент. Ағынның көлемдік шығыны Q = vорт s (мұндағы s — ағынның көлденең қимасы) болғандықтан: n=КQ/s. (57) Сонымен, айналғыштың айналу жылдамдығы өлшенетін шығынға пропорционал. Жылдамдық vорт белгілі бір шекке жеткен кезде, пропорционалдық коэффициенті К тұрақты болуын тоқтатады, бұл өлшеулердегі үлкен қателіктердің пайда болуына әкеледі. Сондықтан әрбір есептеуіш үшін максимал және минимал өлшеу шығындары анықталған, яғни оны қолдану мүмкіндігінің диапазоны. Айналғыш пішіні бойынша жылдамдықты есептеуіштер екі топқа бөлінеді: шиыршықты айналғышты және қанатты айналғышты. Шиыршықты айналғыштар бақыланатын ағынға параллель орнықтырылады, қанаттылар - перпендикуляр. Қазіргі уақыттың жылдамдықты шиыршықты айналғышты және электрлік импульсқа айналдыру жылдамдығының жанасусыз түрлендіргішті есептеуішінің қарапайым сұлбасы 34 суретте кескінделген. Түрлендіргіш орамалы тұрақты магниттен тұрады. Жылдамдықты есептеуіштердің негізгі кемшіліктері олардың көрсеткіштерінің бақыланатын сұйықтың тұтқырлығына тәуелділігі болып табылады. Тұтқырлықты өзгерту кезінде өрнектегі (57) пропорционалдық коэффициенті өзгереді, сондықтан жылдамдықты есептеуіштер негізінен судың мөлшерін өлшеу үшін қолданылады. Бұл кемшілік мөлшердің көлемдік есептеуіштерінде болмайды, мұнда жұмысшы механизмнің әрбір жүрісі үшін аспап арқылы бақыланатын ортаның белгілі бір көлемі өтеді:

V=nV1 (58) мұндағы n-жұмысшы механизмнің жүріс саны; V1 – бір жұмыс жүрісіндегі аспап арқылы өтетін ортаның көлемі.

16 сурет. Шиыршық айналмалы жылдамдықты есептегіш сұлбасы

Бұл көлемді есептеуіштерді сұйықтар (оның ішінде тұтқырлы) және газдар мөлшерін өлшеу үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сусымалы материалдардың автоматты дозалауыштары. Бұл аспаптар сусымалы материалдардың мөлшері (массасы) мен бір мезеттегі шығынын өлшеуге арналған. Осыған байланысты дозалаушыларды үлесті және үздіксіз әрекетті деп бөледі. Үлесті дозалаушылар, теңестіру әдісіне қарай рычагты, серіппелі, құрамдас, тензометриялық және пневматикалық сезімталды элементті болып бөлінетін таразылаушы құрылғыны көрсетеді. Рычагты таразыларда бақыланатын жүктің теңесуі, призматикалық тіректерге орнықтырылған, эталонды жүкпен рычагта немесе рычагтар жүйесінде жүргізіледі. Металлургиялық өндірісте теңиықсыз көпрычагты таразылар қолданылады, олардың рычагтарының иықтарының жалпы қатынасы 1 : 10-нан 1 : 105 дейін, бұл массасы жүзден мыңдаған килограмға дейінгі қатты түйірлі және сусымалы материалдарды дозалауға мүмкіндік береді; мысалы, теміржол вагондары таразылары, негізгі қателіктері 0,1 % жоғары емес. Қолдану тәжірибесінен белгілі, мөлшерді анықтаудың қосынды қателігі материал үлкен үлестермен өлшенген сайын төмен болады. Серіппелі теңестіруші механизмдер өлшеудің жоғары дәлдігі талап етілмеген жағдайларда салмақты құрылғыларда қолданылады. Күшті электрлік немесе пневматикалық сигналдарға түрлендіруші дозалаушылар көрсеткішті ара қашықтыққа беретін құрылғылармен жабдықталады және автоматты үлесті және үздіксіз дозалау жүйелерінде қолданылады. Автоматты үлестік дозалаушылар, материалдың қатаң анықталған мөлшерін өлшеп алуға мүмкіндік беретін, автомат-кескіштердің әртүрлі тегімен жабдықталған рычагты таразылар базасында орындалады. Үздіксіз әрекеттегі сусымалы материалдардың автоматты дозалаушылары қатты заттың бір сәттік шығынын тіркейді және технологиялық процестерде жеке ағындардың немесе сусымалы

материалдардың ағындары арасындағы қатынасты тұрақтандыру үшін қолданылады. Ең кең тараған түрі автоматты таспалы салмақтық дозалаушылар, оларда материал үздіксіз қозғалыстағы таспалы тасымалдағышта тартылады, ал таразылау нәтижелері бойынша оның шығыны реттеледі. Үздіксіз әрекеттегі таспалы автоматты дозалаушының принципиалды сұлбасы 35 суретте кескінделген. Ол таразылаушы құрылғының 2-4 рычагтары жүйесіне ілінген, таспалы тасымалдағыштан 1 тұрады. Таспа қозғалысқа электрқозғалтқыш пен жетек 5 арқылы келтіріледі, ол тасымалдағыштың рамасына орнықтырылған. Шанаптан сусымалы материал қозғалыстағы таспаға электрдірілдеткішті қоректендіргішпен 6 беріледі. Материал массасы тасымалдағышта жүкпен 7 теңестіріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]