Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12345.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.72 Кб
Скачать

17 Сурет. Мпэ типті манометрдің сұлбасы

Сильфондық манометрлер Өлшеудің жоғары шегі 0,065 .ID 0,15 Д1Па манометрлер үшін, вакуумметрлер үшін және көптеген мановакуумметрлерге сезімталды элемент ретінде сильфон қолданылады (18 сурет), ол өзінің биіктігін һ шамасына , қысымның құламасына пропорционал өзгертеді; үлкен қысым Р2, сильфон үстінде, ал төменгі қысым Р1 — оның ішінде туындайды. Берілу механизмі көмегімен сильфонның түбінің жылжуы аспаптың тіліне беріледі. Сильфондар жезден, бериллді қоладан және тот баспайтын болаттан дайындалады. Сильфонның жұмысшы қадамы 5 -10 мм құрайды, бұл кезде оның деформациясы әрекеттегі күшке Ғ пропорционал болады. Күштің F деформация шамасына һ қатынасы сильфонның қаттылығы деп аталады. Сильфонның салмақ пен қысым бойынша сипаттамасы Р= Р2 - Р1 сильфонның тиімді ауданы көмегі арқылы өзара байланыста болады fэфф: fэфф=F/P (42) Сильфонның салыстырмалы үлкен жұмысшы қадамы және дамитын үлкен күші өлшенетін қысымның көрсеткішін дискалық немесе таспалы диаграммалық қағазға жазуға жеңіл мүмкіндік береді. Ең кеңінен тараған сильфонды манометрлердің типтері келесідей: МСК — манометр сильфонды көрсетуші; МСЖ — бұл да сол, тек өздігінен жазатын; МС-4 — манометр сильфонды жиілікті шығысты.Қысымды өлшеудің негізгі қателігі 1,0—2,5 % құрайды.

10 дәріс. Мембранды манометрлер. Мембранды манометрлерде сезімталды элемент ретінде серпімді немесе «әлсіз» мембраналар қолданылады. Серпімді мембраналар қатталған жұқа қабырғалы металдан жасалған қораб түрінде жасалады (9 сурет). Қораб ішіндегі қысым Р2 сырттағы қысымнан Р1 жоғары. Қораб ішіндегі қысым жоғарылаған кезде оның төменгі және жоғарғы бөліктері деформацияланады. Олардың жалпы деформациясы өлшенетін қысымның шамасы болып табылады. «Әлсіз» мембраналарда, созылмалы маталардан, резеңкеден немесе фторопласттан жасалған, мембранаға әсер етуші қысым Р2 және Р1 айырмасы, серіппе күшімен теңестіріледі. Мембрана орталығының орын ауыстыруы қысымның айырмасының өлшенетін шамасы болады.

18 сурет – Манометрдің сильфонды сезімтал элементі

Мембраналардың қысымнан иілуінің тәуелділігі жалпы жағдайда сызықты емес. Оған келесідей конструктивтік параметрлер әсер етеді: диаметр, қалыңдық, қатпарлардың саны мен пішіні, мембрана материалының серпімділік модулі, сондықтан оның сипаттамалары тәжірибелік жолмен таңдалады. Мембранды аспаптар, жалпы жағдайларда, салыстырмалы аз қысымдарды, сиреуді және қысым құламаларын өлшеу үшін қолданылады.

19 сурет – Серпімді мембраналы манометр

Мембранды аспаптар, жалпы жағдайларда, салыстырмалы аз қысымдарды, сиреуді және қысым құламаларын өлшеу үшін қолданылады.

Мысалы, тасқын өлшегіштер мен тартуды өлшегіштер 160-тан 40 000 Па дейін өлшейтін жоғарғы шекті шкалалы болады; тартутасқын өлшеушілер шкала ортасында нөл болатын — ұ80-нен ұ20 000 Па дейін. Аспаптардың негізгі қателіктері 2,5 % құрайды. Көптеген мембранды манометрлер ГСП бойынша бірегейлендірілген электрлік және пневматикалық сигналдары бар ара қашықтықты берілісті жүйелермен қамтамасыз етіледі, жабдықталады. 20 суретте автоматты бақылау және реттеу жүйелерінде жұмыс атқаруға арналған ММЭ мембранды электрлік манометрдің сұлбасы келтірілген, олар сұйықтар мен газдардың артықша қысымдарын тұрақты токтың 0-5 мА пропорционалды бірегейлендірілген сигналына үздіксіз түрлендіреді. Аспаптың Әрекет ету принципі коробканың 1 түрленуіне негізделген, ол өлшенетін қысыммен шартталады, токтық сигналға магнитомодуляциялық түрлендіргіш 3 көмегімен өтеді, құрылымы бойынша МПЭ типті манометрдің түрлендіргішіне ұқсаған (17 сурет).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]