Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭБТ курс жұмысы каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
406.53 Кб
Скачать

2 Сурет- Байланыс жүйесінің жалпы құрылымдық сұлбасы

ХШК- хабарлар шығу көзі. Үзіліссіз хабарларды шығарады.

Хабар/сигн.- хабарды сигналға түрлендіргіш. b хабарды ua(t) бастапқы аналогтық сигналға түрлендіру үшін.

ШКК- шығу көзінің кодері. ua(t) аналогтық сигналды uц(t) цифрлық сиг-налға түрлендіру үшін. Бұл аналогты-цифрлық түрлендіргіш (АЦТ). Цифрлық бастапқы сигнал- бұл екілік қарапайым кодтың кодтық комбинациялардың тіз-бегі.

АК- арнаның кодері. Тарату дұрыстығын жоғарылату үшін. Қарапайым кодтың кодтық комбинацияларын, бөгетке орнықты (түзетуші) кодпен кодтай-ды. Цифрлық uц(t) сигнал, uцк(t) цифрлық кодталған сигналға түрленеді.

Модулятор. Бастапқы сигналдың параметрлерін арнаның параметрлер-мен сәйкестіру үшін. Төмен жиілікті uцк(t) цифрлық кодталған сигналды, арна-ның параметрлеріне сәйкес келетін s(t) жоғары жиілікті сигналға түрлендіреді. Модуляторда, тасушы сигналдың параметрін, uцк(t) ақпараттық цифрлық код-талған сигналдың зыңымен озгертеді. Сонымен, тасушы сигналға таратып бері-летін хабарды кіргізеді.

ШҚ- шығу құрылғы. Оған, көп жағдайда, сигналдың күшейткіші, спект-рін шектейтін жолақты сүзгі, таратқышты байланыс жолымен келістіретін құ-рылғылар. Шығысынан- күшейткен s(t) сигналы шығады.

БЖ- байланыс жолы. Сигналдарды тарату үшін арналған физикалық ор-тасы.

БШК- бөгеттер шығу көзі. s(t) сигналға қосылатын (t) бөгеттер мен бұрмалануларды шығарады. Сонымен, байланыс жолымен қабылдау жағына келетін сигнал- s(t)=s(t)+(t). Ол, тарату жағынан шыққан s(t) сигналға тура сәйкес емес.

КҚ- кіру құрылғы. Оған, көп жағдайда, бөгеттердің деңгейін төмендету ұшін жолақты сүзгі, сигналдың күшейткіші, қабылдағышты байланыс жолымен келістіретін құрылғылар. Шығысынан- s(t) сигнал шығады.

Демодулятор. Модуляциядан шығаратын құрылғы. Оның шығысынан тарату жағындағы цифрлық кодталған сигналға сәйкес uцк(t) сигнал шығады. Оның, тарату жағындағы uцк(t) сигналмен айырмашылықтары болу мүмкін (кодтық комбинацияларында қате алынған элементтері болу мүмкін).

АД- арнаның декодері. Тарату дұрыстығын жоғарылату үшін. uцк(t) ци-фрлық кодталған сигналдың, бөгетке орнықты кодтың кодтық комбинацияла-рын декодтап, олардың ішіндегі қате алынған элементтерін табу және түзету ұшін. Шығысынан цифрлық бастапқы uц(t) сигнал шығады.

ШКД- шығу көзінің декодері. Қарапайым кодтың кодтық комбинация-ларды декодтап, uц(t) цифрлық сигналды ua(t) бастапқы аналогтық сигналға түрлендіреді. Бұл цифрлы-аналогтық түрлендіргіш (ЦАТ).

Сигн./хабар- сигналды хабарға трлендіргіш. ua(t) бастапқы аналогтық сигналды b хабарға түрлендіреді. Қабылданған b хабарың, тарату жағындағы b хабардан айырмашылығы болуы мүмкін.

ХА- хабарларды алушы. Үзіліссіз хабарларды қабылдайды.

2 Аналогтық сигналды цифрлық сигналға түрлендіру

Аналогтық сигналды цифрлық ИКМ сигналға түрлендіру үшін АЦТ-те тізбектей үш операциялар орындау керек:

а) аналогтық сигналды уақыт бойынша дискреттеу, яғни ua(t) бастапқы аналогтық сигналдан, Тд уақыттық интервалы (дискреттеу интервалы) арқылы Uд(nТд) дискреттік санақтарын алу;

б) дискреттік санақтарды кванттау (мәндері (деңгейлері) бойынша дис-креттеу), яғни дискреттік санақтардың мәндерін, ең жақын Uкв(n∙Tд) кванттал--ған (рұқсат етілген) мәндеріне теңдету;

в) квантталған санақтарды кодтау, яғни квантталған мәндеріне сәйкес кванттау деңгейлерінің нөмірлерін симметриялық екілік кодпен кодтау.

АЦТ-тің құрылымдық сұлбасы 3 суретте келтірілген.