Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эко1 ргр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.4 Кб
Скачать

2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау.

Үш өндірістік фактор-еңбек құралы, еңбек заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі және өзінді құнды анықтайды.

Өзіндік құнды азайтуды талдауда осы негізгі экономикалық элементтер арасындағы шығындар арқылы енгізуге болады. Бірақ тәжірибеде мұндай талдауды енгізу қиын, себебі шығын мен өзіндік құнның калькуляциясының есебі экономикалық элементтер арқылы емес, ол элементтер кешенді түрде көрсетілетін шығындар абында көрсетіледі (мысалы, жалпы цехтық шығындар).

Өнімнің бірлігіне өзіндік құнды анықтау.

Өзіндік құнды есептеуге қажетті ақпарат кәсіпорынның бухгалтер-

лік құжаттарынан, жабдықтаушылар шоттрынан, еңбекақы есептерінен, материадарды жіберуге жарналардан, шығындық ведомостволардар және т.б. алуға болады.

Өнім бірлігіне өзіндік құнды толық есептеу алдында белгілі уақыт кезеңіндегі өнім өндірісіне жалпы шығындарды білу қажет.

Жалпы шығындар тікелей және қосымша болып бөлінеді.

Тікелей шығындарға өнімге қосылған материалдар құны, жұмысшылар еңбекақысы және әлеуметтік сақтандыруларғааударымдар. Бұл шығындарды шығарылған өнім немесе өнім топтарына тікелей қатысты қылуға болады.

Жанама шығындар-бұл фирманың қызмет етуіне қажетті шығындар: құрал-жабдықты ұстау бойынша шығындар, арендалық төлемдер, коммуналдық қызметтің бағасы, коммерциялық шығындар, өнім өндірісі процесінде жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы, несиелер бойынша пайыздар және т.б.

Шығындарды осылайша бөлу қызмет түріне тәуелсіз әр типті кәсіпорында қолданылады. Қызмет түріне тек өзіндік құн құрылымындағы тікелей және жанама шығындар арасындағы пропорция ғана тәуелді болады.

2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі.

Кәсіпорынның өндіріетін әрбір өнімнің толық өзіндік құнын біле отырып, сатып алушыға осы өнімнің өткізілу бағасын немесе құнын анықтауға болады.

Әрине, өткізу бағасын орнатқан кезде төмендегідей басқада элементтерді ескеру қажет:

    • бәсекелестер бекіткен осы сияқты өнімдердің бағасы;

    • берілген өнімге сатып алушы төлеуге келісетін-баға;

    • сапасы жағынан ұқсас басқа бұйымдар бағасымен салыстыру;

Мысалы, кәсіпкер өз шығындарын (тікелей және жанама) жабқысы келеді, және 20% табыс алғысы келеді:

Толық өзіндік құн 20,89 тенге

Табыс 4,18 тенге

Сату бағасы 25,07 тенге

Бұл жағдайда кәсіпкер сатудан 20% табыс ала алмағанын көруге болады. Табыс тек қана 16,8%-ды құрайды (ол 4,18 және 25,07 арасындағы қатынаспен есептелген) және табсы нормасы ( маржасы) деп аталады.

Бұл жерде есептелген баға, тек өнімді өткізуге қажетті бағаны ғана көрсетеді.

Осындай сападағы нанды фирма 22 теңгеге сата отырып ( толық өзіндік құннан жоғарырақ), фирманың жақсы табыс табуы қиынға соғады. Сондықтанда фирма өзіндік құнды осы өнімге ұқсас өнім өндірушілердікінен жоғары болмайтындай етіп, түсіруі қажет болады.

Егер өзіндік құн құрылымын қарастыратын болсақ, фирманың өндіретін наны басқа бәсекелестердікіне қарағанда дәрумендендірілген.

Фирмаға осы ерекшелікті ескеру қажет, осы ерекшелікті тұтынушыға жеткізу үшін фирма сәйкесінше ақпараттық және

жарнамалық компанияның қызметін қолдану қажет, бұл компанияның көмегімен фирма өзінің өнімінің басқа өндірушілер өнімімен салыстырғанда қосымша қаситтері бар екенін жария ете алады. Оған тұтынушыларды өзінің өнімінің бағасының жоғары болуының себебі әртүрлі дәрумендермен байытылғандығына байланысты екенін сендіру қажет.

Басқа жағдайда фирмаға басқаша стратегияны таңдау қажет болады, тіпті өндірістік шығындарды азайтып және өз өнімінің бағасын нарықтағы бағамен теңестіру үшін витаминдерден бас тартуға мәжбүр болады. Әйтпесе, оның өнімі нарықтағы бәсекелестердің өнімінен жеңілу қаупі болады.

Бұл жағдайда өнімді қандай бағамен сатуға тырысатын әр түрлі нұсқаларды қарастыру қажет.

Әрине, өнімге бағаны құн арқылы орнату тәсілінен басқа да нұсқалар бар.

Өндірістің жаңа жүйесі шаруашылық ерекшелігін, шығын дәрежесін, өнім сапасын ескере отырып дұрыс баға жүйесін жасауды талап етеді. Бірақ кәсіпорындардың өндірісін тиімділік жағынан теңестіру үшін өнім түрлерінің сату бағасына жоспарлы түрде үстеме қосылады немесе кемітіп сатуға пайыз белгіленеді. Бағаны белгілеу үшін салалық өнімнің толық өзіндік құнын алады, сонан соң оған өзіндік құннан белгіленген мөлшердегі рентабелділікті (сомасын) қосады. Сөйтіп пайданы өзіндік құнмен салыстырып дұрыс баға белгіленеді. Пайданы толық өзіндік құнан белгіленген рентабелділік арқылы есептеп шығарады. Өндірісті одан әрі дамыту үшін өнімді сатқаннан түскен ақша барлық жұмсалған шығыннан (өзіндік құннан) артып, қажетті мөлшерде пайда әкелуге тиіс.