
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Заң факультеті
- •Философия кафедрасы
- •Философия пәнінен лекция жинағы
- •Түркістан - 2011 ж.
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Каста дегеніміз не?
2. Жайнизмнің кітабы туралы не білесіз?
3. Буддизмдегі әлем түсінігің мәні?
4. Нирвана дегеніміз не?
5. Нирванаға жетудің жолдарын атаңыз?
6. қытай философиясының ерекшелігі?
7. Кун-фу-цзының еңбектері?
8. Дао ұғымының мәні?
5. Үй тапсырмасы:
Антикалық мәдениеттегі философия.
№3 Лекция сабағының тақырыбы: Антикалық мәдениеттегі философия
1. Сабақ жоспары:
1. Ежелгі грек өркениетінің өзіндік санасының ерекшеліктері және алғышарттары.
2. Софистика – философия және мәдениет құбылысы ретінде.
3. Сократ, Платон, Аристотель философиясы.
2. Сабақ мақсаты:
Антика философиясы тарихындағы көптеген философтардың дүниетанымдық ерекшелігі мен философиялық көзқарастарын болашақ мамандарға анализ жасай отырып түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Антика заманының философиясы б.д.д VІІ-VІ ғасырларда кіші Азияның батыс жағалауында гректер салған қалаларда өмірге келді. Б.д.д. VІІ-V ғасырларда антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі ал б.д.д. V-ІІІ ғасырларда ойшылдардың мәнділіктің генетикалық бастамасын, түп негізін, жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, философиялық ойлаудың биік деңгейге көтерілуіне байланысты кезеңді Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп екіге бөледі.
Зерттеуші ғалымдардың, әсіресе Дж.Реале мен Д.Антисери антик философиясы дамуы туралы көзқарастарын былай қарастырып отыр:
1. Б.з.д. VІ және V ғасырлар аралығын қамтитын физис және космос мәселелерімен айналысқан натуралистік кезең. Мұның өкілдері қатарына иониялықтар, пифагоршылдар, элеаттар, физик- эклек-тиктер жатады.
2. Адам болмысының мәнін айқындаумен тұңғыш айналысқан гуманистік кезең. Бұл кезеңнің басты өкілдері – софистер және Сократ.
3. Сезімнен тыс әлемнің ашылуы және негізгі философиялық мәселелерді органикалық түрде қарастырған Платон мен Аристо-тельдің үлкен синтез кезеңі.
4. Александр Македонский жорықтары дәуіріндегі эллиндік мектеп-тер мен пұтқа табынушылық заманы соңына дейін – кинизм, эпикреизм, стоицизм және эклектицизм бағыттары кезеңі.
5. Антиктік пұтқа табынушылық дүниетаным ойынынң діни дәуірі – неоплатонизм және оның модификацияларының жандану кезеңі.
6. Христиандық ойдың қалыптасуы және грек философиясының категориялары тұрғысында жаңа дін догмаларын рационалды қалып-тастыру кезеңі.
Ежелгі Грекия дүниетанымның жаңа формасы – философияны қалыптастырған негізгі үш мәдени орталықтың бірі болып табылады. Оның қалыптасуына Ерте Үнді және Ежелгі Қытай жерлеріндегі заңдылықтар қатты әсер етті. Бірақ эллиндік ақыл-ойдың дүниеге келтірген жемісінің шығыстық философиямен салыстырғанда өзіндік түбірлі ерекшеліктері болды. Философияның қалыптасуына алғы-шарт болған грек өмірі формалары қатарына мифология, дін, ғылыми білімнің бастапқы түрлері, әдеттік сана және тіршілік даналығы жатады.
Грек философиясы «физис» философтары немесе натур-философтар болған милет мектебі өкілдерінен (Фалес, Анакимандр және Анаксимен), Гераклиттен және Пифагордан басталады. Олар дүниедегі барлық заттардың түпнегізін іздеумен айналысты, нәтижесінде дүниетанымда төңкеріс басталып, философияның қалыптасуына әкеліп соқты.
Сократқа дейінгі кезеңде дүниеге келген алғашқы филосо-фиялық мектеп кіші Азияда шыққан Милет мектебі болды. Оның негізін қалаушы Милет қаласында өмір сүрген жеті данышпандар қатарына жататын солардың ішіндегі ең сыйлысы Фалес болды. Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен түннің теңесуі туралы» деген еңбектер жазған. Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы – су. Фалес біржағынан барлық денелер суда қалқып жүреді десе, екінші жағынан ол жай су емес ақыл - ойдың осы тұрғыдан ол құдай тектес дейді. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын олардың пайда болуын даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды.
Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы үлкен – Анаксимандр (б.д.д. 611-545ж.) жалғастырды. Негізгі еңбектері – «Табиғат туралы», «Жер картасы», «Глобус». Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түп негізі сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түп негізі апейронмен теңестіреді. Апейрон генетикалық бастама ретінде де, түп негіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің (жер, су, ауа, от) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі, бірақ апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі, және мәңгі. Ол еш уақытта қартаймайды, өлмейді және жойылмайды, және қозғалыста болады. Осы қасиеттердің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар – ылғалмен құрғақтық, салқындық пен жылулық шығарады. Олар екі-екіден қосылып жер – құрғақтықпен салқындық, су – ылғалдық пен салқындық, ауа – ылғалдық пен жылылық, от – құрғақтық пен жылылық түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр жер орналасады да, қалғандары оны сумен, ауамен, отпен қоршайды. Анаксимандр ілімінше тіршілік теңізбен құрлықтың шекарасы айда аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршақтарын тастап құрлыққа шығып тіршілік етті. Сөйтіп жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп ер жеткеннен кейін құрлыққа шығып өмір сүрді. Анксимандр ілімі қазіргі табиғаттану дилектикасының алғашқы қадамдары болды.
Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VІ ғасыр ортасы) жалғастырды. Негізгі еңбегі – «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп ауаны айтады. Ауа шексіз ол үнемі қозғалыста болады да бірде қоюланып, бірде сұйылып алуан түрлі заттармен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылған да алдымен отқа, содан эфирге айналса, қоюланғанда желге, бұлтқа, суға, жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да қоюлануы салқынға байланысты. Анаксименнің ілімінше жер және басқа аспан денелері ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер ауаның әсерінен ылғида қозғалыста болады. Ауа тек денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Анаксимен құдайларды да ауадан пайда болды деген пікір айтады.
Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (б.д.д. 544-483 ж.) болды. Оны іліміндегі терең ойлары үшін «тұңғиық» деп атаған. Гераклит заттардың түп негізін генетикалық бастамасын от деп есептеген. От мәңгі және құдай тектес. Әлемді құдайда, адамда жаратқан жоқ ол өз заңдылығымен бірде лапылдап жанып, бірде сөніп тұратын бар және болатын тірі от. Әлемнің өзгеру тәртібі мен өлшемі, оның обьективті заңы – логосқа байланысты. Логостың өзі от сияқты. Логос сонымен қатар адам жанына тән. Адамның жанына тән Логос ылғалдың булануынан пайда болады. Ал керісінше, жан өлгенде ол суға айналады. Жан қарама қарсы екі құбылысты ылғалды және құрғақ жаннан тұрады. Ылғалдық – жаман жандарға тән. Мысалы: маскүнемдерге, ауруларға. Ал құрғақ жан – данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Гераклиттің ілімі ежелгі грек стоиктер философиясына үлкен әсер етті. Солардың арқасында бүкіл батысқа тарады.
Пифагор (б.д.д. 580-500 ж.). Б.д.д. VI ғасырдың аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан ұлы Элладаға ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италияның, Силицияда пифагор-шылар мектебі деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алды. Пифагоршылыр қоғамда анархияның етек алуына, қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагор тек қана мате-матикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын сандар-ды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың ара қатынастарын олардың арасындағы пропорцияның әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты философиялық ілімнің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар барлық заттардың, ғарыштың негізі. Олар ғарыштың реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Бұл үйлесімділікті аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. Сандар тек денелерге ғана тән. Бастама емес олар әдептілікке де, рухани құбылыстарға да, жанға да тән. Жан дегеніміз сандардың үйлесіміділігі. Жан мәңгі өмір сүреді. Ол өлгеннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Яғни бұл жерде ежелгі Үндістандағы ведалық ілімнің әсерін байқаймыз. Пифагор ежелгі Үндістандағы философиялық көзқарастар сияқты жанды тазарту, оған құмарлықты жеңу, жастарды, үлкендерді бұлжытпай тың-дауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты қағидаларды сақтай отырып жетуге болады дейді. Қорыта айтқанда, Пифагор философтардың ішінде бірініші болып өз ілімінде сан катего-риясын жан-жақты қарастырған және өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан ғұлама. Пифагоршылар Гераклит сияқты ғарыш қарама қайшылыққа толы дей отырып олардың 10 жұбын атап көрсетеді. Олар: шектілік және шексіздік, тақ және жұп, жалпы және жалқы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу мен қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көп қырлылық. Осылардың ішіндегі ең маңыздысы шектілі пен шексіздік. Шекті нәрселерді танып білуге болса шек-сіздікті танып білу мүмкін емес. Шекте денелер геометрия арқылы мәлім болса шексіздік танымның мүмкіндік шеңберінен тыс сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.
Элеаттар мектебінің негізгі өкілдері Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі грек философиясының дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет өкілдері түп негіз – физикалық дене, ал Пифагоршылар – сан десе Элеаттарда түп негіз – болмыс. Элеаттар негізінің қағидалары мынаған сыяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға болмайды. Керісінше олардың бәрінде өздерін ақыл ой арқылы негіздеуге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді. Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі – Колофон, полисінен шыққан Ксенофан (б.д.д. 579-487 ж.) Оның пікірінше барлық заттардың негізі жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына жер мен қоса судың да маңызы зор. Жанның өзі де жер мен судан жаратылған. Ал судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Егер милет мектебінің өкілдері космостың бастамасын физикалық қасиеттері бар ауа, су, от, аппейрон десе, Ксенофан жер космостың түп негізі ретінде бір тұтастық деп тұжырымдайды. Ксенофанның құдайы – таза ақыл-ой. Оның барлық күші данышпандылығында. Ол әлемді тек ақыл оймен ғана басқарады.
Ксенофанның жалпы құдай туралы ілімін; әрі қарай дамытып, оны бір тұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл – Парменид (б.д.д. 540-480 ж.) болды. Оның негізгі шығармалары: «Табиғат туралы», «Ахиллес». Парменидтің қарастырған мәселелері – болмыс пен бейболмыстың арақатынастары мен болмыс ақыл ойға қатынасы. Бұл мәселелерді тек ақыл - ой арқылы шешуге болады.
Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, яғни болмыс - нақты өмір сүреді де бейболмыс деген жоқ нәрсе. Осы пікірін Парменид дәлелдеуге тырысқан. Парменидке дейінгі философтар өз пікірлерін дәлелдеуден гөрі метафорамен немесе ұқсастық тәсілін қолдану арқылы негіздеуге тырысқан. Парменидтің ойынша бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі оны танып білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды, басқаша айтқанда нақты өмір сүрмейтін нәрселерді түсінуге де ойлауға да болмайды. Ал болмыс бейболмыс болмағандықтан біртұтас және қозғалмайды. Болмыстың өткен кезеңі де болашағы да жоқ, ол өзгермейді дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп ол от пен жердің арақатынасын қарастырады.
Парменидтің ілімін ары қарай жалғастырушы оның шәкірті Зенон (б.д.д. 490-430 ж.) болды. Негізгі еңбектері: «Философтарға қарсы», «Табиғат туралы». Зенон Парменидтің болмыс жалқы, біртұтас және қозғалмайды пікірін басқа жолмен дәлелдеуге тырысты. Зенон өз дәлелін көзге көрінетін ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның физикалық әлем қарама-қарсылыққа толы. Сол себепті ол – ақиқатқа жатпайды. Ал нағыз ақиқат біздің біздің түсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс. Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің аты шулы тәсілі – «эпихеирема» арқылы дәлелдейді. Бұл тәсілдің мәні – тікелей дәлелдеу тәсілінің орнына кері бұрмалап қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы өзінің айтқан пікіріне қарсы пікірді мойындаттыру. Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің «Дихотомия» (ортасынан қақ бөлу) «Ахиллес және тасбақа», «Жебе», «Стадион» деген апорияларына сүйеніп дәлелдейді.
Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр т.б. жатады. Атомистік бағыттың, қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп болды. Ол әлем бөлінбейтін ұсақ, бөлшектерден «атомдардан» тұрады және олар бос кеңістікке алақұйын қозғалыста болады. Бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ, әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады. Левкиптің, бұл пікірлері Демокрит ілімінің, қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (б.д.д. 460-371ж) 70-тен астам шығармалар жазған: «Пифагор», «Планеталар туралы», «Адам табиғаты туралы», «Табиғат туралы» т.б.
Демокриттің ілімінше дүниеніц бастамасы - атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс -өзіндік пішіні, түрі жок,, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс -сансыз көп ұсақ, бөлшектердің, жиынтығы. Ұсақ бөлшектер-атомдардың, негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең қозғал-майды. Бұл қасиеттер атомдардың ішкі мәні. Ал сыртқы қасиеттеріне олардың өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ т.б. тәріздес. Атомдарды бос кеңістіке бөліп түрады. Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән, үздіксіз қозғалыста болады, бір-бірімен соқтығыстықанда, өздерінін, қозғалыс бағыттарын өзгертеді. Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердіц пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді: Бос кеңістіктегі атомдардың, тығыздығы әр түрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман - жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мыс: жер мен аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал аспаннан — от, ауа және ауа құйынын қуып жүрген жұлдыздар пайда болады. Тіршіліктің, шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндірді. Бұл жерде ешқандай да жоғарғы күштердің әсері жоқ.
Барлық тіршілік иелері, онын, ішінде өсімдіктердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған - жылулық. Жандар әртүрлі болады. Мысалы: Адам жаны ең жоғарғы сатыда тұр. Себебі онда жылумен қоса отта бар. Адам мен жануарлардың айырмашылығы-ақылында. Ал жанның, ақылдылығымен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланысты. Жан — атомда-рының жиынтығы. Демокриттің ілімінше ақылды жан-сана ұғымымен синонимдес ұғым. Демокриттің пікірінше шың мәнісінде - өмір сүретін атомдар, бос кеңістік және олардан туындайтын заттардан басқа адам ақыл
ойында да өмір сүретін құбылыстар бар. Олар — пікір арқылы қалып-тасқан сезімдік қасиеттер. Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар тек адамдардың, пікірінде ғана бар құбылыстар. Осы екі түрлі құбылыстардың өмір сүруіне сәйкес танымның да екі түрі болады:
а) сезім мүшелері арқылы танып білу олардың берген мәліметтері көмескі білім болгандықтан, олардың ақиқатты тануда ешқандай пайдасы жок.
ә) Ақыл - ой арқылы алған білімдеріміз заңды туылған білім болғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі дүниенің, алғашқы бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп біле алмаймыз, ал олардың мәнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлану керек. Демокрит сезімдік танымды ақыл-ой танымына қарсы қоймайды. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды. Жалпы таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын түсінген Демокрит, танымның, субъектісі болу кез-келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді.
2. Софистер. Б.д.д. V ғасырда Ежелгі грецияда құл иеленушілік демократия, логика, риторика, философияның жедел дамуына жол ашты. Соттарда халық жиналыстарында әдемі сөйлеп халықты мүмкін болса, өз қарсыластарында айтқанына сендіріп, өз жағына тарта білуі өнері алдыңғы қатарға шығады. Осыған байланысты риторика (әдемі сөйлеу өнері ) өнеріне ақы алып үйрететін ұстаздар, софистер пайда болды. Олардың басты қағидасы – «әркімнің өз ақиқаты бар». Софизмнің қалыптасуына Протагор, Горгий, Гиппий, Критий т.б. ойшылдар ат салысты. Солардың ішінде өз ерекшелігімен көзге түскен ойшыл – Протагор (б.д.д. V ғ.) болды. Негізгі еңбектері – «Ғылымдар туралы», «Мемлекет туралы» т.б. Протагор білімнің салыстырмалы екендігі туралы ілімін материяның абсолютті өзгермелі және тұрақсыздығы сияқты қасиеттеріне сүйеніп дәлелдейді. Протагордың пікірінше, «Адам барлық заттардың мөлшері» деген қағиданы ең негізгі қағида ретінде қабылдайды. Бұл қағидада да былай делінді: «Маған заттар қалай болып көрінсе, мен үшін олар солай болып қалады, ал саған қалай көрінсе, сен үшін солай болып қалады. Білімнің салыстырмалы екендігін Протагор: «Өздігінен ештеңе өмір сүрмейді және пайда болмайды, олар басқаларға қатынасы арқылы айқындалады, - деген пікір төңірегінде дәлелдейді. Алайда, софистер адамның бұзылған дәстүрлі өмір сүру тәртібінің орнына тартымды жаңашылдық ұсына алмады.
Сократта, Аристотельде софистік білімді, оның ішінде Протагордың ілімін сынға алып – софизм деген шын данышпандық емес, алдамшы данышпандық. Ал софистер осының арқасында пайда тауып жүрген адамдар деп көрсетеді.
3. Антика философиясының екінші кезеңі атақты ойшыл, философ Сократтың есімімен тығыз байланысты. Сондықтан Сократтан кейінгі немесе классикалық кезең деп аталады. Сократты сонымен қатар антик философиясы тарихының «кіндігі», «философияның бел ортасы» деп те атайды. Сократ жазбаша дерек қалдырмаған оның философиялық көзқарастары бізге Платон, Аристотельдердің еңбектері арқылы жетті. Сократ ауызша пікір таластырып, диалог арқылы өзінің қарсыластарын қарастырылып отырған мәселе туралы жаңа білім әкелуге тырысты. Бұл жолда ол мысқылдауды, ақиқатқа жетудегі таным құралы ретінде алады. Сократ қарапайым түк білмейтін адам сияқты көрінеді де, қарсыласына олардың өздері жақсы білетін сұрақтарды қояды. Қарсыласы ол сұрақтарға жауап бергеннен кейін тағы да, алдын – ала дайындалған сұрақтар қояды. Сөйтіп қарсыласы өзінің бастапқы айтқан пікіріне өзі қарсы пікір айта бастайды. Осы кезде Сократ мысқыл кекесінмен қарсыласын менменшіл өзім білем деген сияқты пікірінен толығымен арылтады. Сократ өзінің қарсыласын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы біртіндеп ақиқатқа жақындата түседі. Өзінің осы тәсілін ол – Майевтика деп атайды. Майевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Олай болса Сократ жалпыға қарай ой түзеп индуктивтік тәсілді қолдану арқылы жалпы ұғымды қалыптастырмақ болады. Бұл ретте қарсыластары ол ұғымды қалай қалыптастыру керектігін түсінбегендіктен ол ұғымның не екенін әлі сол Сократтың өзі де білмегендіктен ол: «Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін» деген қағиданы айтқан.
Осыдан келіп ол екінші қағиданы ұсынады. Ол: «Өзіңді өзің танып біл». Өзіңді өзің тану деген, өзіңді қоғамдық әдептілік тұлға ретінде қалыптастыру арқылы барлық адамдарға тән өнегелі негізгі қасиеттері төңірегінде этикалық ұғымдар қалыптастыру. Сократ бойынша таным игілікті істің, қайырымды қылықтың қажетті алғышарты.
Сократ сондай-ақ бақыттың жаңа ұғымын да қалыптастырды; адам өз бақытын да, бақытсыздығының да ұстасы. Сократтың өзі күш көрсетпеу төңкерісін теориялық тұрғыда негіздеп қана қоймай, өз өлімінің дерегі арқылы да оған мәңгілік өмір сыйлайды. Жанды адамның мәнділігі ретінде белгілеуі, танымды нағыз ізгілік ретінде өзін-өзі билей алуды ішкі еркіндік ретінде бағалауы – оның этикасының осы тұжырымдарды индивид автономиясын жария етті.
Сократтың өлімі сол кездегі философия саласына үлкен әсер еткен тарихи процеске айналды. Ол өзінің өлімі арқылы ( ол соттың үкіміне байланысты өзі у ішіп өлді.) өзі уағыздаған философиясының шындықпен, ақиқатпен сәйкес келетіндігін дәлелдеді. Сондықтан да Сократтан кейін пайда болған оның мектебі бірнеше тамаша ойшылдарды шығарып, дүниені таң қалдырды. Сократтың өмірі оның ілімінің қалай іске асқандығын көрсететін ғажайып өмір болды. Сократтың әр адамның өз пікірі болуы мүмкін, бірақ ақиқат олардың бәріне ортақ – ол біреу ғана деген тұжырым, сол сияқты ұғымдардың ауыспалылығы туралы идеялары өзінен кейінгі ойшылдарға үлкен әсер етіп, ұғымдар диалектикасы туралы ілімнің қалыптасуына және дамуына ой түрткі болды.
Б.з.д. ІV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықты көрінісін беретін екі философиялық жүйе – Платон және Аристотельдің жүйелері қалыптасты.
Сократтың философиясын дамытқан идеалист Платон (б.э.д. 427-347ж.ж.) Ертедегі грек идеализмі Платонның философиясында тұңғыш рет материализмге қарама-қарсы дүниеге көзқарас формасында көрінді. Осы кезден бастап материализм мен идеализм ертедегі грек философиясында және бүкіл одан кейінгі философиядағы өзара қарама-қарс екі негізгі бағыт болып қалыптасты. Платонның ілімі бойынша,болмыс шын және жалған дүние болып екіге бөлінді. Шын дүниеге жалпы идеялар - идеалдық мәндер жатады; ал жеке сезімдік заттар мен құбылыстар идеялар дүниесінің, яғни шын дүниенің көлеңкесі, сәулесі ғана болып табылады, сондықтан олар шындыққа жатпайды. Платон идеялар дүниесін жаратушы құдай дүнесі дей келіп, адам туылғанға дейін оның жаны сол дүниеде болады, ал содан кейін ол жан бұл дүниеге, яғни жер бетіне келіп, уақытша адам денесіне енеді де қайта шығып кете алмай тұтқын сияқты қараңғы қапаста өмір сүреді деп санады. Таным дегеніміз Платонның пікірінше, жанның жерге жеткенге дейін өткен өмірін еске түсіру болып табылады.
Платонның объективтік идеализмі ойлаудың диалектикалық дәлелімен ұштасып жатты: жеке мен көптің, тепе-теңдік пен өзгешеліктің, қозғалыс пен тыныштықтың диалектикасын байқауға болады.
Аристотель. Аристотельдің философиясы, бір жағынан, барлық көне грек философиясының қорытындысы іспетті. Ал екінші жағынан Аристотель көзқарасы орта ғасырмен жаңа дәуірдің ғылыми ілімдерінің қайнар бастауы болды. Бұл ұлы ойшыл көне грек данышпандары көтерген проблемаларға жан – жақты талдау жасап, өз заманындағы көкейкесті мәселелерді шешіп беруге ұмтылды. Ол, сондай-ақ, өзінің өмір сүріп отырған заманы әлі де күн тәртібіне қоймаған мәселелерді шешемін деп болашаққа ой жүгіртті.
Аристотель – Платонның шәкірті. Ұстазының көзі тірісінде шәкірті оның шығармаларына сын көзбен қарап, пікірлерін ашық айтпағаны рас. Бірақ кейін келе өзінің философия жүйесін жасау процесінде ол Платонның көзқарасына қарама – қарсы шықты.
Енді Аристольдің «метафизика» деген кітабындағы Платонға қарсы айтқан біраз пікірлеріне қысқаша тоқталайық.. Өйткені, бұл пікірлердің ішінде Платонды сынау ғана негізгі проблема болып отырған жоқ, Сонымен бірге осы ойлар жаңа философияның іргетасын қалайтын келелі мәселелерді қозғады,
Аристотель Платон сияқты ұғымдар мен идеялар өз алдына дербес өмір сүреді деген ойдан аулақ. Аристотельдің ойынша, осы болмыссыз, табиғатсыз бізді айнала қоршаған дүниесіз өз дербестігін жоғалтады. Платон ұғымдарының түрлері, идеяларды сезімдік заттар дүниесінің мәні деп қарап, оларды бір – біріне қарама – қарсы қойса, Аристотель бұған ашықтан ашық қарсы шықты. Оның айтуынша, мұндай жалған ойдың негізі тарихи жағынан алғанда өзінің бастауын сонау Гераклиттің диалектикалық көзқарасынан алады. Өйткені, Гераклит сезімдік заттар дүниесі үнемі өзгеріп, қозғалып отырады деген қағиданы негізге алды. Платон да өзінің философиялық жүйесінде осы Гераклиттің пікіріне сүйене отырып үнемі өзгеріп, қозғалып отыратын сезімдік заттар дүниесіне қатысты ешбір ақиқат жоқ деп есептеді.
Аристотельдің ойынша, Платон сияқты «идеяларды» өз алдына бөлек болмыс деп, оларды сезімдік заттар дүниесінен бөліп алудың таным теориясына ешқандай пайдасы жоқ. Негізінде сезімдік заттармен идеялардың болмыс табиғаты бір ғой.
Аристотель өзінің болашақ философиялық жүйесінің негізгі теориясын айқындап беріп отыр. Өйткені Платон өзінің философиясында мазмұн және форманы бір – бірінен бөліп алып, оларды алшақтатып жіберді. Ендеше, мұндай бір процестің екі жағын бір – біріне қарама – қарсы қою болмыстың мәнін аша алмайды.
Аристотельдің өзінің ұстазына бағыттаған екінші қарсылығында «Платон идеялар дүниесін жеке бөліп, оның сезімдік заттар дүниесі мен арасындағы байланысты үзіп жіберді» деп көрсетеді. Әрине, Платон олардың арасын қосуға әрекеттенді. Сондықтан ол сезімдік заттар дүниесі идеяларға бір шама «қатысы» бар деп есептейді. Оның бұл түсіндірмесі баяғы замандағы пифагоршылардың әдісін қайталағаны. Олар заттардың сандарға қатысы бар, яғни соларға еліктейді деген болатын. Мұндай ой желісі мәселені толық шешіп бере алмайды, қайта бұл екі дүниенің арасындағы алшақтықты қайшылыққа әкеліп ұрындырды.
Аристотель адамның ішкі рухани сапаларын жетілдірудегі пайда болатын диалектикалық қайшылықтарға да жан – жақты тоқталды. Мұнда екі жақа кететін ұшқарылық, сыңаржақтықтар бар. Аристотель бұл қарама – қарсылықтарды «аралық» және «орташалық» деп бөліп қарады. Егер осы екеуінің диалектикалық бірлігі болмаса, адамның қабілеті өз қасиетінен айырылған батпақ сияқты ортаға түседі, - деді. Бірақ, практикалық ақылды Аристотель тым асыра бағалаудан аулақ. . Ол практикалықты қайырымды кеңеспен, көрегендікпен, зерделілікпен, ойлап тапқыштықпен ұштастыра қарайды.
Аристотель адамдардың іс - әрекетіне ерекше көңіл бөле отырып, оны адамгершілік – саяси қызмет және шығармашылық деп екіге бөледі. Олар өзара бірлікте. Бірақ олардың арасында айырмышышылықтар бар. Олардың бірлігі – екеуіде ақылды жанның пайымдаушы құрамдас бөлігі екендігінде. Ал олардың айырмашылығы – шығармашылық пен адамгершілікті айыра білумен сәйкес. Өйткені, шығармашылық – сыртқы мақсат, ол өнер үшін қызмет етеді, ал адамгершілік болса, ол адамның іштей өзіне өзі қойған мақсаты адамның өзінің қалап алуымен тығыз байланысты.
Аристотельдің қоғамдық – саяси көзқарасы оның «Саясат» деп аталатын еңбегінде айқын көрініс тапты. Оның осы шығармасы «Этикамен» сабақтаса келіп, біртұтас ілім құрайды. Өйткені, оның «Саясат» деген шығармасындаға адам алдымен өзінің адамгершлік қасиеттерімен ғана айрықша даралануға тиіс. Ізгі ниетсіз адам нағыз бұзылған әрі дөрекі жан. Сондай – ақ, ол жыныстық қатынас пен тамаққа деген құмарлық жағынан хайуаннан ешпір айырмашылығы жоқ жануар болып шығады.
Аристотельдің ойынша, «Мемлекет өз табиғаты жағынан сан алуан болады. Оның құрылымы күрделі, әрі көптеген бөліктерден тұрады». Мемлекеттегі адамдар әртүрлі, олар біркелкі болуы да мүмкін емес. Мемлекет жанұялардан тұрады. Олардың да бір – бірінен айырмашылықтары бар.
Аристотельдің ойынша, демократияның бес түрі бар, олар екі текке бөлінеді: заңға негізделген демократия және жоғары өкімет билігі тобырлар қолында болған кездегі демократия. Егер өкімет билігі заңның емес, тобырлардың қолында болса, ондай демократия жағдайында негізгі рөл атқаратындар халық болмайды, керісінше соның атын пайдаланған жарамсақтармен даурықпалар ғана болады. Егер тиранның жанында жарамсақтар жүрсе не халықтың атынан даурықпалар басқарса, қандай ғана үкімет болса да күйреуге ұшырайды. Осындай демократияның кесірінен зардап шегетіндер - аристократия тобы, және қадірлі де сыйлы жандардың жеке меншігі. Сондай–ақ жерге ие болып, оны өңдейтін еңбек адамдары егіншілер де бұл демократиядан қысымшылық көріп жақсылыққа қолы жетпейді. Сонда оның пайдасына ие болатын кімдер дейсіз ғой? Олар, Аристотельдің ойынша, тәлім – тәрбие алмаған, жекеменшіктен, жерден және еңбектен қол үзіп қалған адамдар. Олардың өз алдына тиянақты да, ерікті, табанды бет алысы да жоқ..
Бұл демократия жағдайында бостандық, еркіндік деген ұғымдар ешбір мазмұнға ие болмаған бос сөз болып шығады. Өйткені, мұнда «еркіндік дегеніміздің не екенін нашар түсінеді».
Аристотель осы мәселелердің біразына айрықша қөңіл аударып, оларды ғылыми негізде талдауға ұмтылды. Сондықтан ойшылдар Аристотельді «Көптеген ой – пікір формаларымен, қоғамдық формалармен және табиғи формалармен қатар құн формасын тұнғыш рет талдаған ұлы зерттеуші» деп атады. Шынында да, сол көне құлдық заманның өзінде -ақ Аристотель тарихта алғаш рет еңбек бөлінісі тауарлы шаруашылық, айырбас, ақша, құнның екі түрі, қоғамдық өмірдің тағы басқа да құбылыстарын ғылыми негізде зерттеуге тырысты.
Аристотельдің адам тәрбиесі мәселесіне өзіне дейінгі ойшылдарға қарағанда айрықша қөңіл бөлгенін айта кетуіміз керек. Адамның жан – жақты мәдени және рухани дамуына ерекше ықпал етіп, айрықша рөл атқаратын ең алдымен - өнер. Ол адамдарды тәрбиелеудегі негізгі құрал болып табылады. Осы өнердің ішінен Аристотель трагедияны ерекше бөліп алып, оның адамдарға тигізетін әсерін барынша бағалады.
Афина мемлекетінде маңызды тәрбиелік рөл атқаратын өнердің тағы бір түрі бар. Ол – музыка. Оның әсері адамның сезімін жетілдіреді. Музыка адамның рухани дүниесін әсем дыбыстармен идеялды тербелістер арқылы объективті өмірдегі орын алатын сезімдік жайларды жеке түсінуге көмектеседі. Музыка, сонымен қатар, тек қана дыбыс пен шудың көрінісі болып қалмай, өз тыңдаушыларын, әсіресе, жастарды адам-гершілік пен парасат рухында тәрбиелеуге айрықша көңіл бөледі.
Аристотель болса барлық тәлім – тәрбие мәселесін адамның жан–жақты дамуына бағыттай отырып, өнердің басқа да түр-леріне ерекше назар аударды. Бір сөзбен айтқанда, Аристотель өнер және оның түрлері арқылы адамгершілік пен парасат-тылықты қалыптастырып, оларды шын мәніндегі адамның бойына бітетін бірден бір негізгі қасиеттер деп есептеді.
Аристотельдің философиясы өз заманымен шектеліп қалмай, оның көптеген идеялары кейінгі ойшылдарының арасынан қолдау тауып, шығармашылық пен дамытылды. Бұл жерде шығыстың орта ғасырдағы үлкен алыбы философия саласында «екінші Аристотель» атанған әл – Фарабидің еңбектерін атап өтсе жеткілікті. Оның «Философиялық трактаттары», «Әлеуметтік – этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», тағы басқа да еңбектері Аристотельдің көз қарасын барынша ілгері дамыта отырып, өз заманына сәйкес жаңа көзқарастарының негізін қалады.
Аристотель философиясы, бір жағынан, өзіне дейінгі философияның, ғылымның, таным теориясының, әлеуметтік - саяси, экономикалық ілімдердің бәрін жинақтаған көне грек дәуірінің энциклопедиясы болды. Екінші жағынан, Аристо-тельдің өзі көптеген философиялық саяси - әлеуметтік мәселе-лерді көтеріп, оларды өз заманының деңгейінде шешуге ұмтыл-ды. Оның қойған философиялық проблемаларының маңыз-дылығы сонша, олар келесі дәуірдегі ұрпақтардың игілігіне айналды.
Аристотель де негізінен алғанда мәселені біркелкі шешті. Олардың негізгі көңіл бөлген проблемасы адамды тәрбиелеу, оның ішкі рухани дүниесін жан-жақты жетілдіру еді. Оның үстіне Аристотель - көне грек философиясының ең жоғарғы шыңы, ол өзіне дейінгілердің қазынасын толық игере білді. Аристотельден кейінгі философия тек дағдарысқа ұшырап, одан соң барлығы қайтадан, жаңадан басталды деу қате болар еді. Әрине, Аристотельден кейінгі философияның теориялық деңгейі едәуір төмендеп кетті. Аристотельдің философиясымен аяқталған процесті жалғастырды да, екінші жағынан жаңа дәуір, орта ғасыр дәуірінің жаршысы болды. Бұл ағымдар-стоялықтар, эпикур-шілдер және скептиктер-философия тарихында бір-бірімен үнемі жауласып өткен топтар. Алайда, олар адам өмірінің негізгі мақсатын бақыт деп білді. Сондықтан олар адамның бақытқа жетуінің жолдарын өзінше көрсетіп беруге барынша ат салысты.
Қорыта келгенде түйіндеген ойымыз-көне грек филосо-фиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады. Ал одан кейінгі дәуір-орта ғасыр адамға тікелей назар аударып, оны ендігі жерде ғарышпен, табиғатпен, заттармен шатастырмай, оны құдайдың сүйген құлы, тірі жан деп есептеді. Сөйтіп, жаңа дәуірде адамды сезімдік материалдық зат деп қараудан арыла бастады. Бірақ адамды затпен, табиғатпен, ғарышпен шатастырған теріс көзқарастан толық арылуға әлі де көп уақыт бар еді. Ол үшін алдағы сан ғасырларды бастан кешіру керек болды.