
- •Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
- •Заң факультеті
- •Философия кафедрасы
- •Философия пәнінен лекция жинағы
- •Түркістан - 2011 ж.
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •7. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
- •4. Бақылау сұрақтары:
- •5. Үй тапсырмасы:
- •1. Сабақ жоспары:
- •2. Сабақ мақсаты:
- •3. Лекция мәтіні:
4. Бақылау сұрақтары:
1. Маркс бойынша қоғамның түрлері?
2. Мәдениет пен өркениеттің айырмашылығы?
3. Мәдениеттің қоғам дамуындағы ролі қандай?
5. Үй тапсырмасы:
Махаббат философиясы.Дін философиясы.
№13 Лекция сабағының тақырыбы: Махаббат философиясы.Дін философиясы.
1. Сабақ жоспары:
1. Махаббат феномені.
2. Суфизмдегі құдайға деген махаббат.
3. Дін философиясындағы мәселелер.
2. Сабақ мақсаты:
Махаббат пен дін арасындағы байланысты түсіндіру.
3. Лекция мәтіні:
1. Қадым заманнан ерекше әспеттеліп келе жатқан махаббатты – адам өмірінің ұлы жарастығы, адам жанының гүлдеп, шешек атуы; сүйіспеншілік жанарымен қарағанда ғана ашылатын әлемнің керемет сұлу суреті, өмірдің ыстық демі, ардақтылығы десе керек. Махаббатпен адамның күллі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйкімді, шарапатты ұлы істерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезмдері жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адам біреуді сүйгендіктен яки біреудің өзін сүйетінін сезгендіктен немесе біреудің сүйіспеншілігінен үміттенгендіктен, оның бойын күш жігер кернеп, биік мақсаттарға ұмтылады, асқан қажырмен және өнрепаздықпен жайшылықта қолан келмейтін үлкен істер тыныдырады. Әйтпесе, яғни сүйіспеншілік жоқ жерде, өмір мәнінен, бар әдемі бояғынан айырылып, көңілсіз, жансыз сұрқайлыққа айналады. Демек, махаббат - өзін үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу, сол екінші адамның қайғысына да, қуанышына да ортақ болу, айналаға соның көзімен қарау, сол арқылы тіршіліктің қадір қасиетін танып, оны ардақтау деген сөз. Адам жанынынң білгірі, орыстың ұлы философ жазушысы Л.Н.Толстой: «Сүю дегеніміз – сүйген адамның өмірімен өмір сүру», - дейді. Бұл даналық нақылда махаббаттың анықтамасы беріліп, сонымен қатар оған қойылатын талап та айтылған.
Шынайы махаббаттың басты белгісі - құлай сүйген адамына ешқашанда жаманшылық ойламау. Оның жануынан сөнуі тез жай сезімдерден айырмашылығы сонда. Алтын қазақ қағидасы да бар: «Сене артық жан жоқ деп, ғашық болдым, мен не болсам , болайын, сен аман бол».
Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші. Адамзаттың көркемдік тарихын мәдениет пен махаббат тарихы деуге де болады. Тұңғыш суретшінің қолфына құрал ұстатып, жартасқа бейне салдыртқан, тұңғыш ақынға шабыт сыйлап, өлең жаздыртқан осы махаббат екені даусыз. Ең ұлы көркем туындыларын авторлар махаббат сезімінінің әсерімен шығарғаны тарихтан аян.
2. Ал ортағасырда мұсылман ойшылдарымыз махаббатты сопылық мәселесімен етене қарасырған. Сопылық - өте күрделі философиялық діни феномен. Ол мұсылмандық шығыс халықтарының рухани өмірінде маңызды рөл атқарған көрнекті ағым. Ол ислам дінінен тарады, содан нәр алды, соның жүйесіне сүйенді. Бірақ ислам дініне тараған бағыттарға қарағанда, сопылық көлемі жағынан да, сенім, дүниеге көзқарас, дүниені қабылдау, дүниеге қарым-қатынас сияқты аса маңызды мәселелерді іздестіру тұрғысынан күрделі ағым.
Бұл ойда суфизмге тән қасиеттер–нұрлана отырып құдайға жақындау, шаттану арқылы–сезімді және рационалды танымға жету. Сопылық ойшылдар рационалды білімді толықтай теріске шығармаса да, оның мүмкіндіктерінің шектеулігін көрсеткен. Сопылар үшін таным дінмен шектелген. Олардың іздестіретін басты жауабы, тұрмыс бірлігінің ақиқатын табу. Сопылар ақиқатқа жеткенде, қиялды байытатын махаббат, эмоцияға кенеледі. Қиял, ғашық жүректе туатын болғандықтан, жүрек мистикалық танымның ерекше құралы болады.
Сопылардың таным туралы ойларын сипаттай келе Тәжікова К.Х. былай деп жазады: “Сопылардағы құдайды тану мистикалық сүйіспеншілікке тікелей байланысты, сондықтан да сопылар сүйіспеншілік– танымның дәл өзі деп есептеді”. Тәжікова К.Х. бұл пікірінде, сопылардың құдайды тануға ұмтылысы сүйіспеншілікпен теңестірілді, құдай сопылар үшін өзінің сүйіктісі бейнесінде көрінді, ол өздерін шексіз сүюші деп санады.
Сопылық символикада жүрек құдай сәулесі көрінетін айна деп есеп-теледі, ал одан құдайды көру үшін жүрек тазару керек. Осыны таныған адам өз күш-жігері мен ынтасын моральдық жағынан жетілдіруге жұмсайды. Осылайша, жүректі “жібітетін” жолдардың құдай ілімін танудағы дайындығымен әрине, адамға тән тілектер мен қызығушы-лықтардан бас тарту сопылық гносео-логияны құрайды.
Сонымен, махаббатты сыйлай білген адам – рухани дамудың адамы. Рухани дамудың бір ерекшелігі, ол адамның ішкі ар-ожданының көрсеткіші секілді. Рухани құндылық махаббаттың жемісі. Ал махаббат адамды жарқын болашаққа, мақсат мұратқа жетелейді. Мұны, біз, Қ.А.Ясауидің :
Ия, достар, пән махаббатты мақсат еттім,
Бұл дүниені дұшпан тұтып жүрдім міне.
- деген хикметінен көреміз.
3. Дін-әлемдік өркениетттегі барлық қоғамдарға тән тарихи,саяси-әлеуметтік,дүниетанымдық және психологиялық құбылыс.Адам рухымен тікелей байланысты дін адамзатпен ықылым замандардан бері бірге жасасып келеді.Дін сан қырлы,күрделі және нәзік нәрсе.Дінді Жаратушы мен адамның арақатынасы,адамның танымынан тыс күштердің барлығына сенуі және илану деп анықтауға болады.Діннің мәнін анықтаудағы барлық тұжырымдамаларды дүниетанымдық жағынан дінтанулық және теологиялық( діни ) деп екіге бөліп қарастыруға болады.Дінтануда дінді ғылыми тұрғыдан танудың тәсілдері философиялық-әлеуметтік,биологиялық,психологиялық және этнологиялық болып бөлінеді.
Дінтанулық тұрғыдан дін-қоғамдық сананың бір түрі,дүниетанымның нысаны,діни мәдениет түрінде көрінуі,әлеуметтік қызмет атқаратын құбылыс,адамның сезім дүниесі, адамның туа біткен қасиеті,этностың қалыптасуы мен ұлттық мәдениеттің факторы,
Дінтанулық тәсілдердің барлығы жеке-жеке алғанда діннің мәні,дін қалай пайда болды,ақиқат дін қайсы деген сұрақтарға толық жауап бере алмайды.Қазіргі кезде дінтануда діннің жүзден астам анықтамасы бар.Жалпы алғанда дінтануда дін әлемдегі құбылыстарды қабылдау мен түсіндірудің,әлемді тану мен меңгерудің өзіндік жолы,жеке адамдардың және қоғамның өмір сүру тәсілінің маңызды құрамдас бөлігі немесе мәдени феномен тұрғысында қарастырылады.
Теологиялық тұрғыдан дін- Құдай мен адам арасындағы байланыс.Дін адамның жаратылысынан келетін сезімі,адам бір нәрсеге сеніп өмір сүруге, өміріне мән -мағына беруге мұқтаж.Исламдық тұрғыдан адамзаттың алғашқы діні кемел дін яғни ислам діні.Адамдар кейіннен басқа қате сенімдерге бойұсынып,Алладан басқаға табынған.Ұлы Алла адамдарды алғашқы дініне қайтару үшін пайғамбарлар жіберген,кітаптарды аян етіп түсірген.Сонда да адамдардың ішінде илахи ( құдайлық) дінге сенбеген өздері шығарған діндерге сыйынғандары болған.Сондықтанда адамзат әлемінде илахи діндермен қатар адамзаттық діндерде жасап келеді.Діни сенім тұрғысынан дін-Алланың пайғамбарлары арқылы адамдарға түсірген екі дүниеде бақытты болу жолын көрсететін қағида ережелерінің жиынтығы.
Дін сөзі араб тілінде заң,қағида,жол,бағыт,сот,жаза және т.б мағыналар береді.Дін адам үшін,ол адамның пайдасын көздейді,адам жаратылысындағы сенім сезімін күшейтеді.Дін сезімі жаратылыстан келеді.Дін-адам рухының азығы.Рух пен тәнді тең дәрежеде қанағаттандыратын адам өз жаратылысының мақсатын жүзеге асырады.Дін адам мен қоғам өмірінің барлық саласын қамтиды,тек ғана адамның пайдасын мақсат етеді.Дін адамның мінез-құлықтарын жақсартып қабілеттерін жетілдіреді.
Дін анықтамалары:
Дін-кез келген мәдениет пен өркениеттің негізі,қозғаушы күші.
Дін- адам өміріне мән-мағына беретін сенім,ілім.
Дін-адамшылық өмірдің негізі.
Дінге қарсы атейзм жайлы айта кету қажет. Атейзм(а-жоқ,тейзм-құдай)-дінге қарсы дүниетанымның бір түрі. Атейзмнің радикалды және жұмсақ екі түрі бар.Радикалды атейзмді кешегі кеңес өкіметі жүргізді.Ал жұмсақ атейзм -дінге қатысты қазіргі дінтанудағы ұстаным,оның мәні мынада діннен адам мен қоғамға дәл қазір пайда бар ма ,онда дін бола берсін,келешекте ғылым білім дамыған кезде дін өмірден қалады деген көзқарас.Діннің дінтанулық тұжырымдамаларының барлығын осыған жатқызуға болады.Өйткені бұл көзқарастың басты ерекшелігі жоғарғы тылсым күшке сенбеуі.Ал өз кезегінде теологиялық бағыт барлық нәрсені бір жаратушыға сенім тұрғысынан қарастырады.
2.Діннің құрылымы.
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдіреттің арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім бір діни ілім түрінде тұжырымдалып,тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді.Ол құрылымдық жағынан діни сенім,дінілімі,діни ғұрып және діни ұйымнан тұрады.Енді осыларды жеке-жеке қарастырамыз.
а)Діни сенім.Діннің негізін сенім (иман) құрайды.Сенім-адамның ешқандай күдіксіз (күмәнсіз) бір нәрсені қабылдауы немесе сол нәрсеге илануы, басқаша айтқанда адамның психологиялық ахуалы.Сенім адамның табиғи жаратылысынан келетін сезімі.Сенімнің басты ерекшелігі шеткі даралық және сенім обьектісіне тікелей қатынас.
Сенім мен білім арақатынасын айта кеткен жөн.Білім сенімге қарағанда теориялық және практикалық тұрғыдан негізделген, қисынды және дәлелді.Ал сенім құбылысын ғылым табиғи психологиялық бастаулардан шығарады.Мұндай негіздерге жататындар:
-эмоция және сезім-жақсы және жаман сезімдер
-ерік
ә)Дін ілімі. Діни ілім-сенім мазмұнының жүйелі баяндалуы,яғни ешқашан өзгермейтін ақиқаттар.Маңызды жүйелі діндерде дінілімі қасиетті кітаптарда негізделеді.Қасиетті кітап мәні жағынан “ аян” ( орыс тілінде откровение ) деп аталады.
б) Діни ғұрып.Діни ғұрып- жеке және ұжымдыұ рәсімдердің белгілі бір нақты жүйесі,олар арқылы адам Құдаймен мистикалық тұрғыда байланысқа түседі.Діни ғұрып рәміздік іс әрекеттердің жиынтығы.Оған жататындар рәсім,дұға,ғибадат және т.б.Ғұрыпсыз дін болуы мүмкін емес,өйткені діни сана практикада ғұрып арқылы көрініс береді.
в) Діни ұйым.Әрбір діннің өз ұйымы бар.Діни ұйым –дінге сенушілердің әрекетін реттейтін және олардың қажеттіліктерін қаматамасыз ететін бірлестіктер жүйесі мен іс-әрекет түрі.Діни ұйымның негізгі түрлеріне жататындар: діни топ,діни қауым,деноминация,шіркеу және секта.
а) Діни топ-діни рәсімдерді бірге атқаратын кішкентай ұжым.
ә) Діни қауым-орталықтанған басшылығы жоқ діни қызметті бірге атқаратын ұжым,оған тән белгілер ерікті мүшелік және ғұрыптың жоғарылығы.Діни қауым өткен және қазіргі уақыттада діни ұйымның кең таралған түрі болып табылады.
б) Деноминация (латын.denominatio-арнайы ат беру) - ұйымдасу деңгейіндегі діни бірлестік. Бұл терминнің синонимі конфессия.
в) Шіркеу-сенім мәселері мен діни ғұрыпты реттеп отыратын діни қызметкер және қарапайым дін өкілдерінің орталықтанған сатылы бірлестігі.Шіркеудің классикалық үлгісі христиандықта.
Д) Секта-өзіндік діни ілім мен ғұрыпқа ие діни ұйым.ол өзі ұстанған жолдың дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді.Сектаға тән нәрсе-өздерінің Құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім,оқшауланушылық,ғұрыптарына ерекше беріктік,секта мүшелерінің теңдігін жариялау,дәстүрлі қоғамдық құндылықтар мен ұллтық ерекшеліктеге мән бермеу,келісімге келмеу және миссионерлікпен белсенді айналысу.