Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MKB_TOLYK_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
132.3 Кб
Скачать

1. Қр Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен ерекшеліктері.

Мемлекет түсінігін анықтау барысында біркелкі қоғамдық құбылыстарды әр адамның әрқилы қабылдау мүмкіндігін білдіретін субъективті сипатын ғана емес, сонымен қатар олардың объективті жағдайларын ескерген жөн. Бұл жерде сөз, ең алдымен, құбылыс ретіндегі мемлекеттің күрделілігі мен көпқырлығына және соған сәйкес оның түсінігін анықтау варианттарының көптігі туралы болып отыр. Осыған байланысты Г.Кельзен: «мемлекет түсінігін анықтаудағы қиыншылықтар аталмыш терминмен көптеген әр түрлі нысандар мен құбылыстар белгіленетіндіктен одан сайын күрделене түседі» деп атап өтеді. Жалпы алғанда мемлекет түсінігінің өзі кең және тар мағынада қолданылады.

Басқару-түрлі табиғи ұйымдастырылған жүйелердің белгіленген құрылымын сақтау үшін олардың қызмет ету режимін көтермелец үшін бағдарламаларын мақсаттарын жүзеге асыратын элемент немесе функция.

Мемлекеттік басқару дегенеміз– мемлекеттік органдарымызбен және мемлекет атынан жүзеге асырылатын қызметі, яғни мемлекттік міндеттерді, мақсаттарды жүзеге асырудағы іс-әрекетті. Мысалы: үкімет.

Мемлекет басқару бұл тек қоғам процес құбылысы емес сонымен қатар бқл ғылым және оқу курсы. Ғылым ретінде мемлекет басқару институттарын, органдарды, құбылыстарды, тәсілдерді, процестерді зерттейді, олардың жақсы жаман жақтарын анықтап кемшіліктерін талдайды.

Мемлекеттік басқарудың басты міндеті –тұлғаның ұжымның мемлекет пен қоғамның тіршілік әрекетін және өзара қатынастарын реттеумен және мемлекеттік билікті қолдану арқылы олардың рационалды қарым қатынастар орнату болып табылады.

Мемлекет басқарудың элементтері.

  1. Басқару субъектісі

  2. Басқару объектісі (тікелей және кері)

  3. Арадағы қатынас (мемлекеттік органдар)

Мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде «халық» болып табылады.

Қорыта айтқанда, мемлекет дегеніміз кез келген қоғамның табиғатынан туындайтын тар ауқымдағы міндеттерді ғана емес, сонымен қатар ортақ істерді атқару үшін қажетті саяси билік ұйым болып табылады. Бұл анықтама жоғарыда аталған анықтамаларға қарағанда мемлекет түсінігін ғана емес, сонымен бірге билік басындағы таптардың немесе топтардың мүдделерін қамтамасыз ететін институт болып табылады.

2. Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жіктелуі

“Қағида” ұғымы (латынның – бастау, негізгі деген сөзінен шыққан) адамның негізгі тәртіп ережесі, бастапқы, басшы идея дегенді білдіреді. Қағида өзіне мемлекеттік басқарудың мәндік қасиеттерін таңдайды және соның құрамынан бөлініп шығады. Осыған сәйкес мемлекеттік басқару қағидасы мемлекеттік басқару жүйесі құрылымдық элементтерінің ішкі келісімі мен мәнін білдіретін, негізгі басшылық бастамасы болады. Мемлекеттік басқарудың мәні мен жіктелуі бір жағынан ҚР әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуының жалпы заңдылықтарын, екінші жағынан – мемлекеттік басқарушылық саладағы обьективтік процесске негізделеді.

Мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде қағида заңдарда белгіленіп, бекітілуі тиіс. Тек осындай кезде ғана олар басқарушылық тәжірибе үшін міндетті заңды мәнге ие болады.

Мемлекеттік басқару қағидаларының қызметтік рөлін мына ұстанымдар арқылы білдіруге болады:

  1. Қағидалар басқарушылық қатынастарды құқықтық реттеуде бастапқы нұскама болып табылады.

  2. Қағидалар басқарушылық тәжірибеде ресми басғдарламалар ретінде болып тұр, себебі олар құқықтық актілерде бекітілген.

  3. Қағидалар мемлекеттік басқарудың құқықтық тіреулерге тұрақтылық береді.

Мемлекеттік басқару қағидаларының мәні мен жүйеленуі бір жағынан ҚР әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының жалпы заңдылықтарына, ал екінші жағынан мемлекеттік басқарушылық саладағы объективтік процестерге негізделеді.

- Еңбекті бөлушілік-еңбек өнімділігін жоғарлатуға септігін тигізетін.

- Биліктілік-әмір беруге құқығын көрсететін және бағынуға мәжбүр ететін күшінің болуы.

- Тәртіп-бағыну, ынталану, қызмет.

- әділеттілік.

- персоналдар құрамының тұрақтылығы.

- персоналдың бірлігі.

- жұмысшылардың бастамашылығы.

Мемлекеттік басқару қағидалары былай жіктеледі: жүйелілік, ғылыми, гуманизм, демократизм, заңдылық, биліктің бөлінуі, тиімділік, объективтік, жариялылық.