- •1. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, объектілері, есептері және әдістері.
 - •2. Экологиялық білімнің қысқаша даму тарихы
 - •3. Экология бөлімдері: аут-, дем-, синэкология, ғаламдық экология
 - •4. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Тәжірибелік есептерді шешудегі экологияның ролі.
 - •5. Қазіргі таңдағы экономикалық тенденциялардағы экологиялық мәселелердің алар орны.
 - •6. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы, Тұрақты даму концепциясын жүзеге асыруда экологияның ролі. Туракты даму концепциясы 1987 ж
 - •7. Дара экологиясы – аутэкология.
 - •8. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі
 - •9. Ағза және оның тіршіл ік ету жағдайлары. Тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.
 - •10. Экологиялық факторлар, олардың сипаттамсы, жіктелуі
 - •11. Антропогендік факторлардың арнайылылық әсері. Шелфордтың толеранттылық заңы.
 - •12. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.
 - •13. Ағзалардың тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы.
 - •14. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
 - •15. Популяция экологиясы – демэкология.
 - •16. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық көрсеткіштері: саны, тығыздығы және биомассасы, жастық, жыныстық құрамы.
 - •17. Популяцияның кеңістікте орналасуы және сипаттамасы: кездейсоқ, бірқалыпты және топтық.
 - •18. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туу, өлім, тіршілік үшін күрестің қисықтары, өсу жылдамдығы.
 - •19. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция саны өсімінің реттелуі.
 - •20. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.
 - •21. Бірлестіктер экологиясы – синэкология.
 - •22. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, туралы түсініктер.
 - •23. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооп ерация және т.Б.)
 - •24. Түр аралық бәсекелестік – бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.
 - •25. Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта : потенциалды және шынайы.
 - •26. Экожүйедегі химиялық элементтер мен энергия ағымының айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.
 - •27. Лидерманның 1% және 10% энергия туралы ережесі.
 - •28. Биоценоздың трофтық құрылымы (продуцент, консумент, редуцент)
 - •29. Қоректік және трофтық деңгейлер, қоректік торлар
 - •30. Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)
 - •31. Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)
 - •32. Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)
 - •33. Экожүйелердің біртұтастылығы мен тұрақтылығы. Табиғи экожүйелер тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері мен критерийлері.
 - •34. Биосфера және оның тұрақтылығы.
 - •35. Биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдері.
 - •36.В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.
 - •42. Қоршаған орта туралы бұұ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).
 - •44. Европалық қалалардың тұрақты дамуының хартиясы (Дания, Ольборг қаласы, 1994).
 - •45. Тұрақты даму факторлары: экологиялық ( өркениет дамитын коридор шегі), экономикалық (нарықтық жүйенің өзгеруі), әлеуметтік (ауыл шаруашылық саласы, адам құқығы, демография).
 - •46. Тұрақты дамудың бағдарламалары мен принциптері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық, ғаламдық.
 - •51. Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі ретінде – қоршаған ортаны оптимизациялау.
 - •52. Жердің компоненттерінің сипаттамасы: Литосфера, гидросфера және атмосфера.
 - •53. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.
 - •54. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар.
 
31. Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)
Экожүйелердегі органикалық заттың жасалу жылдамдығын-биологиялық өнімділік деп атайды.
Бірінші реттік өнімділік деп, бірінші реттік өндірушілердің биомассасының түзілу жылдамдығын атайды.Бұл маңызды көрсеткіш. Себебі, ол экожүйенің биотикалық компоненті арқылы өтетін жалпы энергия ағынын, яғни экожүйеде мүмкін болатын тірі ағзалардың санын анықтайды.
Өсімдіктердің энергияны жинау жылдамдығын жалпы бірінші реттік өнім деп атайды.
Гетеротрофты ағзалардың органикалық заттарды жинау жылдамдығын екінші реттік өнім деп атайды.
32. Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)
Бір территориядағы антропогенді және табиғи факторлар әсерінен бір биоценоздың екінші бір биоценозбен алмасу процесі сукцессия деп аталады.Біріншілік және екіншілік сукцессияларды ажыратады.
Біріншілік сукцессия — бұл ретте қауымдастықтар таза, өлі субстартта орналасады.
Екіншілік сукцессия — бір қауымдастықтың сол ортаға бейімделген екінші бір қауымдастықпен алмасуы.
33. Экожүйелердің біртұтастылығы мен тұрақтылығы. Табиғи экожүйелер тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері мен критерийлері.
Экожүйе- зат, энергия, және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.
34. Биосфера және оның тұрақтылығы.
Алғаш рет “Биосфера” терминін 1803 жылы Жан-Батист Ламарк өзінің Гидрогеология туралы еңбегінде Жер бетіндегі тірі заттар қауымдастығын белгілеу үшін қолданды. Кейін термин ұмыт болды.
Биосфера – грек тілінен аударғанда “биос” – тіршілік және “сфера” – шар, “тіршілік аймағы” мағынасында.
1875 жылы терминге жаңадан өмір берген Вена университетінің профессоры, геолог Эдуард Зюсс болды.
Биосфера терминін кейін 1914 жылы В.И. Вернадский өзінің Жер қыртысындағы рубидийдің тарихы туралы мақаласында қолданды.
1926 жылы академик В.И. Верндаский өзінің “Биосфера” атты классикалық еңбегін басып шығарды.
35. Биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдері.
В.И. Вернадский бойынша биосфера Жер шарының уникалды геологиялық қабықшасы, геохимиялық және энергетикалық ауысымдар тірі ағзалардың суммарлық белсенділігімен айқындалатын жердің ғаламдық күрделі жүйесі болып табылады.
В.И. Вернадский биосферада әр алуан, бірақ геологиялық тығыз байланысқан 7 типті заттарды бөліп қарастырды:
1. Тірі зат – Жерде мекендейтін барлық тірі ағзалардың жиынтығы.
2. Биогенді зат – тірі ағзалардың тіршілік әрекеті негізінде түзілген геологиялық жыныстар: тас көмір, әктас және т.б.
3. Косты зат – тірі заттың қатысынсыз түзілетін заттар қауымдастығы, мысалы, жанартау атқылағанда түзілетін тау жыныстары.
4. Биокосты зат – костты процестер және тірі ағзалардың бірлесе атқарған іс- әрекеттері нәтижесінде түзілетін заттар (топырақ).
5. Радиоактивті заттар - өздігінен сәулеленетін және радиактивті сәуле шығару қабілеті бар заттар және олардың изотоптары, мысалы, уран, торий, стронций және т.б.
6.Шашыраңқы атомдар – гелий, сутегі, оттегі атомдары.
7. Космостық табиғаты бар заттар – метеориттер мен космостық шаң-тозаң.
Биосфераның орташа қалыңдығы 12-17 км-ге тең болса, максималды қалыңдығы – 33-36 км-ден аспайды. Бұл шектеулер шартты болып келеді.
Қоршаған ортаның және қоғамның дамуы біртұтас процеске айналған. Биосфераның келешектегі геологиялық кезеңін – ноосфера деп атайды. Ноосфера кезінде адамның саналы іс-әрекеті табиғаттағы басым бағыттаушы күш болып табылады.
В.И. Вернадский ноосфера туралы ой-пікірлерін тек өмірінің соңына қарай қарастырған болатын. Оның ойы бойынша қоғамның табиғат жағдайларын ескере отрыпы дамуы үшін арнайы құрылымдық ұйымдар мен комиссиялардың құрылуы қажет. В.И.Вернадскийдің “Ғылыми ой – планеталық құбылыс” атты еңбегінде ноосфераны қалыптастыру үшін нақты жағдайлар қатары келтірілген:
Адам Жердің барлық аудандарында орналасу керек;
Мемлекеттер арасында ақпараттармен алмасу құралдарын алмастыру;
Мемлекеттре арасындағы саяси байланыстарды нығайту;
Адам өзінің геологиялық іс-әрекетін өзге әрекеттерге қарағанда жоғары қою керек;
Биосфера шектерін кеңейтіп, ғарыштық кеңістікті игеру;
Энергияның жаңа көздерін ашу;
Әр дінге және нәсілге жататын адамдардың арасында теңдіктің орнауы;
Ішкі және сыртқы саяси сұрақтарды шешуде қоғамның ролінің басым болуы;
Қоғам өмірінде соғыстарды болдырмау;
Ғылыми ойдың тар шеңбердең шығуы;
Халықтық білім берудің ойластырылған жүйесін қалыптастыру.
