- •1. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, объектілері, есептері және әдістері.
- •2. Экологиялық білімнің қысқаша даму тарихы
- •3. Экология бөлімдері: аут-, дем-, синэкология, ғаламдық экология
- •4. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Тәжірибелік есептерді шешудегі экологияның ролі.
- •5. Қазіргі таңдағы экономикалық тенденциялардағы экологиялық мәселелердің алар орны.
- •6. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы, Тұрақты даму концепциясын жүзеге асыруда экологияның ролі. Туракты даму концепциясы 1987 ж
- •7. Дара экологиясы – аутэкология.
- •8. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі
- •9. Ағза және оның тіршіл ік ету жағдайлары. Тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.
- •10. Экологиялық факторлар, олардың сипаттамсы, жіктелуі
- •11. Антропогендік факторлардың арнайылылық әсері. Шелфордтың толеранттылық заңы.
- •12. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.
- •13. Ағзалардың тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы.
- •14. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
- •15. Популяция экологиясы – демэкология.
- •16. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық көрсеткіштері: саны, тығыздығы және биомассасы, жастық, жыныстық құрамы.
- •17. Популяцияның кеңістікте орналасуы және сипаттамасы: кездейсоқ, бірқалыпты және топтық.
- •18. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туу, өлім, тіршілік үшін күрестің қисықтары, өсу жылдамдығы.
- •19. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция саны өсімінің реттелуі.
- •20. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.
- •21. Бірлестіктер экологиясы – синэкология.
- •22. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, туралы түсініктер.
- •23. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооп ерация және т.Б.)
- •24. Түр аралық бәсекелестік – бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.
- •25. Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта : потенциалды және шынайы.
- •26. Экожүйедегі химиялық элементтер мен энергия ағымының айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.
- •27. Лидерманның 1% және 10% энергия туралы ережесі.
- •28. Биоценоздың трофтық құрылымы (продуцент, консумент, редуцент)
- •29. Қоректік және трофтық деңгейлер, қоректік торлар
- •30. Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)
- •31. Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)
- •32. Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)
- •33. Экожүйелердің біртұтастылығы мен тұрақтылығы. Табиғи экожүйелер тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері мен критерийлері.
- •34. Биосфера және оның тұрақтылығы.
- •35. Биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдері.
- •36.В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.
- •42. Қоршаған орта туралы бұұ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).
- •44. Европалық қалалардың тұрақты дамуының хартиясы (Дания, Ольборг қаласы, 1994).
- •45. Тұрақты даму факторлары: экологиялық ( өркениет дамитын коридор шегі), экономикалық (нарықтық жүйенің өзгеруі), әлеуметтік (ауыл шаруашылық саласы, адам құқығы, демография).
- •46. Тұрақты дамудың бағдарламалары мен принциптері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық, ғаламдық.
- •51. Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі ретінде – қоршаған ортаны оптимизациялау.
- •52. Жердің компоненттерінің сипаттамасы: Литосфера, гидросфера және атмосфера.
- •53. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.
- •54. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар.
27. Лидерманның 1% және 10% энергия туралы ережесі.
28. Биоценоздың трофтық құрылымы (продуцент, консумент, редуцент)
Бірлестіктердегі қоректік байланыстар – бір ағзадан екінші ағзаға энергия берудің механизмдері. Әр қауымдастықтарда қоректік тізбектер күрделі торларға айналған. Биоценоздардағы трофтық тізбектер өте күрделі, алайда жасыл өсімдіктермен жинақталған энергияның нақты порциясының жолы өте қысқа.
Трофтық деңгейлер — қоректік тізбектегі әр звеноның өз орны.
1-ші трофтық деңгей —продуценттер,
2-ші трофтық деңгей — шөпқоректі консументтер;
3-ші торфтық деңгей — жыртқыштар, етқоректі консументтер.
Әр қоректік тізбекте қоректің барлығы салмақ жинау мақсатында қолданылмайды. Оның жартысы ағзаның энергетикалық сұраныстарын өтеуге жұмсаладаы: тыныс алу, қозғалу, көбею, дене температурасын қалыпты сақтауға және т.б. Бұл ретте бір звенодағы биомасса келесі звеномен толық өңделмейді.
Экожүйе продуценттері синтездейтін органикалық заттардың химиялық байланыстарында күн энергиясын белгілеу жылдамдығы қауымдастықтың өнімділігін айқындайды. Уақыт бірлігіне шаққандағы өсімдіктер түзіп шығарған органикалық заттар массасын қауымдастықтың біріншілік өнімі деп атайды. Бұл өнімнің жартысы сол өсімдіктердің тіршілігі барысында жұмсалып қояды.
Бірінші өнімді пайдаланатын консументтер өз кезегінде екіншілік өнімді түзеді.
29. Қоректік және трофтық деңгейлер, қоректік торлар
Биоценоздардағы қоректік торлар көптеген қысқа қатарлардан түзіледі. Бұл қатарларда ағзалар бір-біріне заттар мен жасыл өсімдіктер жинаған энергияны беріп отырады. Алдыңғы түр келесі түр үшін азық болып табылатын мұндай қатарларды қоректену тізбегі деп атайды. Қоректену тізбегінің жеке звенолары трофтық деңгейлер деп аталады.
Қоректік тізбектердің екі түрін: жайылымдық және денритті бөліп көрсетуге болады.
Қоректік тізбектер бір-бірімен тығыз байланысты. Олар қоректену торын түзеді. Әр өндірушіде бірнеше консумент болады. Ал консументтердің көпшілігі полифагтар, яғни бір емес, бірнеше қоректену көзін пайдаланады.
Көптеген түрлер әр түрлі қоректік тізбектерге кіруі және әр түрлі орында болуы мүмкін.
30. Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)
Сандар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі ағзалардың санын көрсетеді. Орманның жайылымдық қоректік тізбегінде, продуцент-ағаш, ал бірінші ретті консумент- бунақденелілер болғанда, біріінші реттік консументтердің деңгейі саны жағынан өндірушілер деңгейімен салыстырғанға байланысты. Бұл кезде сандар пирамидасы кері болады.
Биомассалар пирамидасы әр түрлі трофтық деңгейдегі тірі заттың жалры құрғақ массасын сипаттайды. Өндірушілері өте ұсақ және консументтері ірі болған экожүйелерде соңғысының жалпы массасы барлық кезде продуценттердің жалпы массасынан жоғары болады, яғни биомасса пирамидасы да кері болады.
Энергия пирамидасы кезекті трофтық деңгейлердегі энергия ағымының шамасын немесе «өнімділігін» көрсетеді. Энергетикалық пирамида барлық кезде жоғары қарай сүйірленеді. Бірақ тамақпен бірге жүйеге түсетін барлық энергия көздері есепке алынуы керек.
