Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_dif_zachet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

22. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, туралы түсініктер.

Биоценозөсімдіктер, жануарлар, микроағзалар қауымдастығы.

Биотоп биоценоздың тіршілік мекені, бұл мекеннің абиотикалық жағдайлары біртекті қалыптасқан болып келеді.

Биогеоценоз – белгілі бір кеңістікте оналасқан, ұрпақ алмасу барысында заттар айналымының арқасында ұзақ тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар қауымдастығынан тұратын күрделі жүйе.

Экожүйе дегеніміз- зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде біртұтас ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы.

23. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооп ерация және т.Б.)

Бәсекелестіктің екі түрін ажыратады: түрішілік және түраралық. Ч. Дарвин түрішілік бәсекелестікті табиғи сұрыпталудың интенсивтілігін арттыратын маңызды форма деп белгілеген болатын.

Нейтрализм-бейтарап селбесу.

Комменсализм. Бір ағза екіншісінің есебінен тіршілік етеді, бірақ оған ешқандай зиян келтірмейді. Комменсализм паразитизмге қарағанда симбиозға жақындау.

Жер бетінде мекендейтін қоңыздарда гамазды кенелердің дернәсілдері кездеседі.Осы әдіспен олар таралады.

24. Түр аралық бәсекелестік – бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.

Әр алуан түр дарақтарының арасындағы тіршілік үшін күрес. Мысал: қоян-қасқыр, мысық-тышқан. Бұл барынша сан алуан және жан-жақтылықты қамтитын өзара әрекет. Жақын туысты түрлер арасындағы бәсекелестіктер жатады. Өсімдіктерде бәсекелестіктің мұндай түрі жүйелік алшақ топтарда айқын көрінуі мүмкін. Мәселен, орманда жапырақты және қылқан жапырақты ормандарда, ал шалғында біржарнақты және қосжарнақтылар бәсекелеседі.

25. Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта : потенциалды және шынайы.

Гаузе бәсекелестік ығысу принципін ұсынды: «бір экологиялық жағдаймен сипатталатын екі түр бір экологиялық ортада ұзақ уақыт бірге тірішілік ете алмайды».

Биогеоценоздарда бәсекелестік көп ретте жанама түрде байқалады. Белгілі бір экологиялық қуысты мекендейтін әр түрлі популяциялар экологиялық факторларға өзінше әр қилы жауап береді. Биоценозда неғұрлым түрлер алаундылықпен сипатталса, соғұрлым сол биогеоценозда бәсекелестік бәсең болып келеді.

26. Экожүйедегі химиялық элементтер мен энергия ағымының айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.

Энергия- материяның барлық түрлерінің өзара әсері мен қозғаласының жалпы сандық өлшемі. Ол табиғат құбылыстарын біріктіреді. Жүйедегі энергияның өзгеруі жұмыс орындалғын кезде жүреді.

Термодинамиканың бірінші заңы-энергияның сақталу заңы-табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды, жоғалып кетпейді.Ол тек бір түрден екінші түрге айналады. Ал энергияның мөлшері тұрақты болып қалады. Бұл заңға табиғатта белгілі барлық процестер бағынады.

Термодинамиканың екінші заңы бойынша энергияның өзгерісімен байланысты процестер тек энергия концентрленген түрден таралған күйге өткенде ғана өздігінен жүре алады. Энергияның қандай да бір бөлігі пайдалануға болмайтын түрде таралғандықтан энергияның өздігінен өзгеруінің тиімділігі барлық уақытта 100 %- дан кем болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]