Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_dif_zachet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

11. Антропогендік факторлардың арнайылылық әсері. Шелфордтың толеранттылық заңы.

Толеранттылық диапазоны.

Антропогендік факторлар-адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы.

Антропогенді факторлардың өзіндік ерекшеліктері:

Табиғат пен қоғам арасында күрделі қарым-қатынас (зат пен энергия алмасу) қалыптасқан. Адамның іс-әрекеті өзіне қолайлы тіршілік жасауға бағытталғанмен, табиғат заңдылықтарын ескермей тірлік ету, өз өміріне қауіп төндіреді.

Шелфордтың толеранттылық заңы. Толеранттылық диапазоны.

Ортаның ағазға деген жалпы кешенді әсерінде, сол ағзаға ерекше қатты әсер ететін, тіршілігін тоқтатуға бағытталған факторлар бөлініп шығады. Бұл заңдылықты алғаш рет В.Шелфорд (1913ж.) ашқан. Ағзаның тіршілігне қатер төндіруші экологиялық фактордың минимум көрсеткіші мен максимум көрсеткіші де болуы мүмкін. Ал ортасындағы диапазон ағзаның осы факторға деген төзімділігін (толеранттылығын) айқындайды.

12. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.

Егер ағзаға әсер ететін фактордың шектері неғұрлым кең болса және сол шектер араларында ағза тіршілік ете алса, онда сол түрдің экологиялық иімділігі және төзімділік шегі соғұрлым жоғары болып келеді. Толеранттылық шегі кең ағзалар төзімді болып, оларды эврибионтты ағзалар деп атайды.

Жағымды факторлардың бір көрсеткіші минимумға немесе максимумға ауытқыса, онда белгілі бір түрлер сол ареалдан ауысып кетуге тырысады немесе өлімге ұшырайды. Осындай ағзаларды стенобионтты деп атайды. Олардың экологиялық иімділігі мен толеранттылық диапазоны өте төмен болып келеді.

13. Ағзалардың тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы.

Абиотикалық факторлар-бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі ( температура, қысым, ылғалдылық).

Абиотикалық:

• климаттық (жарық, ылғал, қысым, температура, ауа қозғалысы)

• Эдафикалық ( топырақтың құрамы, ылғал және жылу сыйымдылығы, тығыздығы, ауа өткізгіштігі)

• Орографиялық (рельеф, теңіз деңгейінен биіктігі, жартастың экспозициясы)

• Химиялық (ауаның газдық құрамы, судық тұздылығы, қышқылдық.)

14. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.

15. Популяция экологиясы – демэкология.

Популяция дегеніміз-бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар тобы. С.С.Шварцтың берген анықтамасы бойынша: популяция- бұл қоршаған ортаның үнемі өзгеріп отыратын жағдайында санын тұрақты ұстап белгілі бір түрдің ағзаларының элементарлық тобы. Популяция ұғымын латын тілінен аударғанда-халыұ, тұрғындар деген мағына береді. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық сипаттамасы болады.

16. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық көрсеткіштері: саны, тығыздығы және биомассасы, жастық, жыныстық құрамы.

Популяция – бір түрге жататын, жекеленген генетикалық жүйе құрайтын бірыңғай абиотикалық факторлары бар кеңістікте тіршілік ететін даралар жиынтығы. Мысалы, қорқау қасқырлар популяциясы.

Популяция саны – берілген территориядағы немесе көлемдегі даралардың жалпы саны. Мысалы, Семей орман резерватында 458 дана тиіндер мекен етеді; Бұл көрсеткіш тұрақты емес, оның өзгеруіне келесілер әсер етеді: көбею, өлу және миграция интенсивтілігі.

Популяция тығыздығы – популяция алған кеңістіктегі аудан немесе көлем бірлігіне шаққандағы даралардың орташа саны. Мысалы, 1 м3 суда 5млн хлорелла даралары кездеседі. Оптималды тығыздық - популяцияның территорияны тиімді пайдалануымен қатар популяцияішілік функцияларын жүзеге асыруы кезіндегі жағымды көрсеткіш.

Биомасса- бір түрдің, түрлер тобының немесе бүтіндей бірлестіктердің тіршілік ететін мекенінің бірлік бетіне не көлеміне келетін жалпы массасы немесе көлем бірлігіне салмағы бойынша өрнектелген тірі ағзалар мөлшері.

Жыныстық құрылым популяциядағы жыныстардың қатынасын көрсетеді. Бұл көрсеткіштің негізінен жыныстық көбеюі басым түрлер үшін маңызы зор. Аталықтар мен аналықтардың жасы мен жыныстық жетілу жағдайлары популяция санын ұстап тұруға әсер етеді. Аталықтар мен аналықтардың қоректенуі, өмір ырғағы және мінез-құлқы әр түрлі болуы мүмкін.

Жастық құрылымы тек жасы мен әр түрлі топтардың қатынасын ғана емес, бұл қатынастың жыл маусымдарындағы биогеоценоздардың ауысуы кезіндегі өзгерісін, популяцияның жаңару жылдамдығын, жастық топтардың қоршаған ортамен өзара әсерін көрсетеді:

  • Жаңадан туылған;

  • Жас-өсіп келе жатқан даралар, жыныстық жетілмеген;

  • Жартылай ересек-жыныстық жетілуге жақын;

  • Ерсек-жыныстық жетілген жануарлар, көбейетін немесе физиологиялық жағынан көбеюге қабілетті жануарлар;

  • Қартайған-көбеюге қабілеті жоқ даралар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]