Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ekologia_dif_zachet.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
159.23 Кб
Скачать

9. Ағза және оның тіршіл ік ету жағдайлары. Тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.

Тіршілік ортасы – тірі затты қоршап, онымен жанама немесе тура байланыста болатын табиғаттың өлі және тірі компоненттерінің нақты жағдайлар жиынын атайды.

Жер планетасындағы тірі ағзалар эволюция барысында 4 тіршілік орталарын игерген. Олар:

  • Су ортасы;

  • Құрлық-ауа;

  • Топырақ;

  • Тірі ағза.

Су ортасы. Бұл ортада алғаш тіршілік пайда болды. Гидросфера Жер шарының 71%-ын алып жатыр. Су ортасында жануарлардың 150 000 түрі (жер шарындағы жалпы жануарлар түрінің 7%.) және 10 000 (8%) өсімдік түрі кездеседі.

Су ортасының қасиеттері:

  • Жоғары тығыздық;

  • Қысымның әр алуан ауытқушылықтары;

  • Оттегінің салыстырмалы аз мөлшері;

  • Күн сәулелерін жақсы сіңіруі;

  • Тұзды режимінің бар боллуы;

  • Горизонтальды ағыстарының жылдамдығы;

  • Қалқымалы заттардың құрамы және сапасы және т.б.

Құрлық-ауа ортасы. Құрлық-ауа ортасында тіршілік ететін жануарлар газтәрізді орта –ауамен қоршалған. Осы ортадағы жануарларды аэробионттар деп атайды, олар қатты субстрат үстінде (топырақ) жүреді нмесе сонда бекіп өседі.

Құрлық – ауа ортасының қасиеттері:

  • Жарықтың жоғары интенсивтілігі;

  • Температураның үлкен ауытқұлары;

  • Географиялық жағдай, маусым, тәулікке байланысты ылғалдылықтың ауытқулары;

  • Ауа массаларының қозғалуы – желдің болуы.

Топырақ. Топырақ – құрлықтың жұқа, борпылдақ, құнарлы беткі қабаты, ол ауа қабатымен жанасып жатады. Топырақ күрделі 3 фазалы жүйе болып табылады. Ондағы қатты бөлшектер сумен және ауамен қоршалған. Топрықта көп ретте ұсақ микроорганизмдер мен бактериялар шоғырланған.

Топырақ ортасының қасиеттері:

  • Температуралық ауытқулар әлдеқайда реттелген;

  • Грунт сулары мен жауын-шашын сулары топырақтың ылғалдылығын қамтамысыз етеді;

  • Топырақта органикалық және минералды заттар жинақталады;

  • Тығыздығы ауа ортасымен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Ағза ортасы. Бұл - түрлер арасындағы паразиттік немесе симбиозды қатынасты қарастыратын арнайы тіршілік ортасы болып келеді. Қазіргі таңда анықталған барлық көпжасушалы ағзалардың ішінде міндетті түрде өзге ағзалар тіршілік ететіндігі дәлелденген.

Ағзалардың қоршаған ортаға байланысты бейімделушілігінің 3 типі:

Морфологиялық бейімделу – иесінің морфологиялық-құрылымдық ерекшеліктеріне негізделіп, ағзалар өзінің құрылымын өзгертеді;

Физиологиялық бейімделу - әрбір мүшелердің функциясын алмастыруы;

Этологиялық бейімделу – жүріс- тұрысының фомаларын өзгерту.

10. Экологиялық факторлар, олардың сипаттамсы, жіктелуі

Қоршаған ортаның экологиялық факторлары, классификациясы:

Абиотикалық:

• климаттық (жарық, ылғал, қысым, температура, ауа қозғалысы)

• Эдафикалық ( топырақтың құрамы, ылғал және жылу сыйымдылығы, тығыздығы, ауа өткізгіштігі)

• Орографиялық (рельеф, теңіз деңгейінен биіктігі, жартастың экспозициясы)

• Химиялық (ауаның газдық құрамы, судық тұздылығы, қышқылдық.)

Биотикалық:

• фитогенді (өсімдіктер)

• зоогенді (жануарлар)

• микробиогенді (вирустар, бактериялар)

• антропогенді (адамның іс-әрекеті).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]