
- •1. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, объектілері, есептері және әдістері.
- •2. Экологиялық білімнің қысқаша даму тарихы
- •3. Экология бөлімдері: аут-, дем-, синэкология, ғаламдық экология
- •4. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Тәжірибелік есептерді шешудегі экологияның ролі.
- •5. Қазіргі таңдағы экономикалық тенденциялардағы экологиялық мәселелердің алар орны.
- •6. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасы, Тұрақты даму концепциясын жүзеге асыруда экологияның ролі. Туракты даму концепциясы 1987 ж
- •7. Дара экологиясы – аутэкология.
- •8. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі
- •9. Ағза және оның тіршіл ік ету жағдайлары. Тіршілік орталары және олардың сипаттамасы.
- •10. Экологиялық факторлар, олардың сипаттамсы, жіктелуі
- •11. Антропогендік факторлардың арнайылылық әсері. Шелфордтың толеранттылық заңы.
- •12. Стенобионтты және эврибионтты ағзалар.
- •13. Ағзалардың тіршілігіндегі абиотикалық факторлардың экологиялық мағынасы.
- •14. Ортаның экологиялық сыйымдылығы.
- •15. Популяция экологиясы – демэкология.
- •16. Популяция туралы түсінік. Популяцияның статистикалық көрсеткіштері: саны, тығыздығы және биомассасы, жастық, жыныстық құрамы.
- •17. Популяцияның кеңістікте орналасуы және сипаттамасы: кездейсоқ, бірқалыпты және топтық.
- •18. Олли принципі. Популяцияның динамикалық сипаттамалары: туу, өлім, тіршілік үшін күрестің қисықтары, өсу жылдамдығы.
- •19. Популяция санының экспоненциалды және логистикалық өсімі. Популяция саны өсімінің реттелуі.
- •20. Популяция тығыздығына тәуелді және тәуелсіз факторлар.
- •21. Бірлестіктер экологиясы – синэкология.
- •22. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе, туралы түсініктер.
- •23. Экожүйедегі түр аралық байланыстардың негізгі формалары (нейтрализм, комменсализм, протокооп ерация және т.Б.)
- •24. Түр аралық бәсекелестік – бірлестіктердің түрлік құрамын сақтайтын механизм ретінде.
- •25. Г.Ф. Гаузенің бәсекелістік принципі. Экологиялық орта : потенциалды және шынайы.
- •26. Экожүйедегі химиялық элементтер мен энергия ағымының айналымы. Термодинамиканың бірінші және екінші бастамалары.
- •27. Лидерманның 1% және 10% энергия туралы ережесі.
- •28. Биоценоздың трофтық құрылымы (продуцент, консумент, редуцент)
- •29. Қоректік және трофтық деңгейлер, қоректік торлар
- •30. Экологиялық пирамидалар (сан, биомасса, энергия)
- •31. Экожүйелер өнімділігі (біріншілік және екіншілік)
- •32. Экожүйенің табиғи дамуы (1-лік және 2-лік сукцессия)
- •33. Экожүйелердің біртұтастылығы мен тұрақтылығы. Табиғи экожүйелер тұрақтылығының негізгі көрсеткіштері мен критерийлері.
- •34. Биосфера және оның тұрақтылығы.
- •35. Биосфера концепциясының қалыптасуы, биосфера эволюциясы. В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдері.
- •36.В.И.Вернадскийдің Ноосфера және Биосфера туралы ілімдерідегі тірі заттардың концепциясы. Тірі заттың ғаламдық ролін анықтау.
- •42. Қоршаған орта туралы бұұ-ның бірінші конференциясының декларациясы (Стокгольм, 1972).
- •44. Европалық қалалардың тұрақты дамуының хартиясы (Дания, Ольборг қаласы, 1994).
- •45. Тұрақты даму факторлары: экологиялық ( өркениет дамитын коридор шегі), экономикалық (нарықтық жүйенің өзгеруі), әлеуметтік (ауыл шаруашылық саласы, адам құқығы, демография).
- •46. Тұрақты дамудың бағдарламалары мен принциптері - жергілікті, аймақтық, ұлттық, халықаралық, ғаламдық.
- •51. Табиғатты тиімді пайдаланудың теориялық негізі ретінде – қоршаған ортаны оптимизациялау.
- •52. Жердің компоненттерінің сипаттамасы: Литосфера, гидросфера және атмосфера.
- •53. Табиғат ресурстарының классификациясы: сарқылатын, сарқылмайтын, қалпына келетін, қалпына келмейтін.
- •54. Биологиялық ресурстар және азық-түлік қауіпсіздігі. Табиғатты тиімді пайдалану, аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар.
1. Экологияның ғылым ретіндегі анықтамасы. Экологияның мақсаты, объектілері, есептері және әдістері.
«Экология» терминін алғаш ғылымда 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель өзінің «Ағзалардың жалпы морфологиясы» атты енбегінде көрсеткен. «Экология» термині грек тілінен аударғанда oikos – үй, тұрақ; logos – ғылым мағынасында.
Экология, бұл – жалпы барлық тірі ағзалардың өзара қарым – қатынасы және олардың қоршаған ортамен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым болып табылады.
Экология саласының мақсаты – адам денсаулығына және өміріне қолайлы болып келетін қоршаған ортаны қалыптастыру.
Экология есептері:
Экологиялық жүйелердің барлық деңгейлерінің тұрақтылығын бағалаудағы теориялар мен әдістерді жасау;
Даралар экологиясының, популяциялар экологиясының, бірлестіктер экологиясының, ғаламдық экологияның мәселелерін зерттеу. Қоршаған ортаға тірі биотаның әсерін реттейтін биоалуандылық мәселелерін қарастыру;
Табиғи және антропогенді сипаттағы факторлар әсерінен туындаған биосферадағы өзгерістерге зерттеу жүргізіп, баға беру. Мүмкін болатын өзгерістерге болжау жасау. Сол өзгерістер нәтижесінде туындайтын экологиялық салдарға баға беру;
Табиғат ресурстарының жағдайы мен динамикасына сапалы баға беру, оларды пайдаланудың экологиялық салдарын ашу;
Қоршаған орта сапасын басқаратын әдістерді жаңартып шығару;
Адамзат қауымында экологиялық ойлау саласын жақсарту, экологиялық этика мен мораль нормаларын қалыптастыру.
Қоғам мен мемлекеттің экологиялық қауіпсіз тұрақты дамуы үшін экономикалық, әлеуметтік және т.б мәселелерді жақсарту.
Әдістері:
Дала әдістері. Табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан популяцияның дамуы мен өміріне нақты әсер ететін барлық экологиялық факторлар кешенін зертеуге ыңғайлы әдіс болып табылады. Оған келесілер жатады:
қоршаған орта жағдайын бағалау және тіркеу әдістері. Мысалы, метеоролгиялық бақылаулар, мониторинг және т.б.
Ағзаларды санау әдістері. Бұл әдісті көбіне өсімдіктер және жануарлар экологиясында пайдаланады. Популяциядағы даралар динамикасын зерттеу үшін ең тиімді әдістердің бірі.
биомасса және өсімдіктер мен жануарлар өнімділігін бағалау әдістері. Биомасса – тұратын жерінің ауданына немесе көлеміне сай келетін бір түрге жататын даралардың немесе барлық биоценоздың жалпы массасы. Биологиялық өнімділік – аудан бірлігіне шаққандағы уақыт бірлігінде түзілетін ағзалар биомассасының өсімі.
Тәжірибелік әдістер. Зертханалық жағдайда тірі ағзаға қоршаған ортаның жеке факторларының әсерін зерттеуге мүмкіндік туғызады.
Математикалық модельдеу және экологиялық болжау әдістері. Антропогендік факторлар әсеріне және климаттық өзгерістер әсеріне тәуелді экожүйелердің дамуын болжауға мүмкіндік жасайды.
2. Экологиялық білімнің қысқаша даму тарихы
Экологиялық білімнің қалыптасу тарихында негізгі үш кезеңді бөліп қарауға болады:
Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарына дейін. Экологияның ғылым ретіндегі пайда болуы және қалыптасуы: тірі ағзалардың қоршаған отамен қарым-қатынасы туралы мәліметтерді жинап, оларды алғаш рет ғылыми тұрғыда топтастыру.
А.Реомюр, А.Трамбле, Ж.Бюффон, К.Линней, С.П.Крашенников, К.Ф.Рулье және т.б.
Екінші кезең – ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап ХХ ғасырдың 50- ші жылдарына дейінгі аралық. Экологияның жеке білім саласы ретінде қалыптасуы.
Бұл ретте экология негізінің дамуына Ч.Дарвиннің еңбекетрі маңызды роль атқарды. «Табиғи
сұрыпталу жолмен түрлердің шығуы немесе тіршілік үшін күресте мықты түрлердің сақталуы»
атты еңбегі ерекше орынға ие. Осы ретте 1866 жылы неміс биологы Эрнст Геккель Дарвин
еңбегін жалғастырып экологияны биологиядан бөлек салаға алып шығады.
В.И.Вернадский, В.Шелфорд, Ч.Эльтон, К.Раункиер, А.Тенсли, В.Н.Сукачев, Г.Г.Гаузе.
Үшінші кезең – ХХ ғысырдың 50-ші жылдарынан бастап қазіргі күнге дейін. Экологияның кешенді ғылымға айналуы: оның құрамына биоэкология, география, геология, химия, физика әлеуметтану, мәдениет теориялары, саясаттану, медицина, қоршаған орта туралы ғылымдардың бөлімдері кіреді.
Ю.Одум, Ю.А. Израэль, Н.Н. Моисеев, В.И.Данилов-Данильян, Дж.М. Андерсен, А. Швейцер.