Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОК практический МЦМ ПЕРЕВОД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.06 Кб
Скачать

Тәжірибелік тапсырмалар

Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»

Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»

13 тапсырма

УПИ 1500 пешін қолдана отыра қорытпа (қола) құю

Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері

Үрдістің теориялық білімі. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерінде өз бетімен жұмыс істеу. Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин.

30 мин.

Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері

Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 %

Қауіпсіздік техникасы – 10 %

Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 %

Өлшемдерді бақылау – 15 %

Уақытты сақтау – 5 %

Тапсырманы орындау технологиясы

Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алыңыз. Қорамжәшікті жұмыс үстеліне дәл орналастырыңыз. Құюға арналған үлгіні графит жоңқасымен өңдеңіз. Тегістегіш құралын қолдана отырып, қорама жасауға арналған қоспаны қорамжәшікке тығыздау. Қорамжәшікті төңкеріп, қалыптың тұтастығын бұзып алмай үлгіні алып шығу. Қысқыштарды қолдана отырып, балқыған қоласы бар отбақырды алып шығып, аталған үлгінің қалпын құю. Суығаннан кейін дайын болған бөлшекті алып шығу қажет. Бөлшекті өлшеп, нақты анод көлеміне қатысты масштабын есептеу, формула бойынша: Масштаб=Рнақ.көл.÷Рүлгі

Қажетті жабдықтар тізімі

Жеке қорғаныс құралдары, УПИ – 1500, қорамжәшік, тегістегіш құрал, сызғыш, калькулятор, отбақыр, бөлшек үлгісі.

Шығыс материалдарының тізімі

Қола, қорама жасауға арналған қоспа, графит жоңқасы.

Тәжірибелік тапсырмалар

Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»

Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»

14 тапсырма

АҚМ-ның (айналма-құйғыш машина) жұмыс істеу қағидаты және аталған жабдықпен жұмыс істеу кезіндегі тәуекелдерді бағалау.

Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері

Үрдістің теориялық білімі. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау. Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин.

30 мин.

Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері

Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 %

Қауіпсіздік техникасы – 10 %

Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 %

Өлшемдерді бақылау – 15 %

Уақытты сақтау – 5 %

Тапсырманы орындау технологиясы

Жабдықтың құрылымдық элементтерін, технологиялық көрсеткіштерін, жұмыс тәртібін, дайын өнімнің басты сипаттамаларын айту. Жұмыс орнындағы барлық тәуекелдерді анықтау қажет.

Қажетті жабдықтар тізімі

АҚМ пішіні, бір парақ қағаз, қалам

Шығыс материалдарының тізімі

Бір парақ қағаз