- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
- •Тәжірибелік тапсырмалар
Тәжірибелік тапсырмалар
Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»
Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»
11 тапсырма |
Электролиздеу топтамасының тәуекелдерін бағалау, тәуекелдерді азайтуға қажет іс-шараларды анықтау. |
Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері |
Үрдістің теориялық білімі. «Қауіпті сәйкестендіру және тәуекелді бағалау» стандартын, қауіпсіздіктің бес қадамын білу, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау. |
Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин. |
30 мин. |
Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері |
Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 % Қауіпсіздік техникасы – 10 % Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 % Өлшемдерді бақылау – 15 % Уақытты сақтау – 5 % |
Тапсырманы орындау технологиясы |
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс орнындағы барлық тәуекелдерді анықтау қажет, яғни, қызмет көрсету алаңдарында қоқыстың болуы, қоршаулардың күйі мен бар болуы, жарықтың болуы, электр жабдықтарының жерге тұйықталуы, шектеу құралдарының жұмыс істеуі, жұмыста қолданылатын құралдардың сәйкестігі, сонымен қатар, осы учаскеде басқа қызметтердің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы білу. |
Қажетті жабдықтар тізімі |
«Қауіпті сәйкестендіру және тәуекелді бағалау» стандарты, қауіпсіздіктің бес қадамы, қалам және бір парақ қағаз. |
Шығыс материалдарының тізімі |
Анықталған тәуекелдерге байланысты (жарық шамы, қоршаулар және т.б.) |
Тәжірибелік тапсырмалар
Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»
Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»
12 тапсырма |
Жылу пешін қолдана отырып қорғасынды құю. |
Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері |
Үрдістің теориялық білімі. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерінде өз бетімен жұмыс істеу. Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау. |
Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин. |
30 мин. (қалыпты құюға 20 мин.) |
Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері |
Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 % Қауіпсіздік техникасы – 10 % Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 % Өлшемдерді бақылау – 15 % Уақытты сақтау – 5 % |
Тапсырманы орындау технологиясы |
Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алыңыз. Қорамжәшікті жұмыс үстеліне дәл орналастырыңыз. Құюға арналған үлгіні графит жоңқасымен өңдеңіз. Тегістегіш құралын қолдана отырып, қорама жасауға арналған қоспаны қорамжәшікке тығыздау. Қорамжәшікті төңкеріп, қалыптың тұтастығын бұзып алмай үлгіні алып шығу. Қысқыштарды қолдана отырып, балқыған қорғасыны бар отбақырды алып шығып, аталған үлгінің қалпын құю. Суығаннан кейін дайын болған бөлшекті алып шығу қажет. Бөлшекті өлшеп, нақты анод көлеміне қатысты масштабын есептеу, формула бойынша: Масштаб=Рнақ.көл.÷Рүлгі |
Қажетті жабдықтар тізімі |
Жеке қорғаныс құралдары, жылу пеші, қорамжәшік, тегістегіш құрал, сызғыш, калькулятор, отбақыр, бөлшек үлгісі. |
Шығыс материалдарының тізімі |
Қорғасын, қорама жасауға арналған қоспа, графит жоңқасы. |
