Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НОК практический МЦМ ПЕРЕВОД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.06 Кб
Скачать

Тәжірибелік тапсырмалар

Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»

Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»

1 тапсырма

Муфель пешін қолдана отырып қорғасынды құю.

Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері

Үрдістің теориялық білімі. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерінде өз бетімен жұмыс істеу. Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин.

30 мин. (қалыпты құюға 20 мин.)

Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері

Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 %

Қауіпсіздік техникасы – 10 %

Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 %

Өлшемдерді бақылау – 15 %

Уақытты сақтау – 5 %

Тапсырманы орындау технологиясы

Қажетті құралдар мен материалдарды дайындап алыңыз. Қорамжәшікті жұмыс үстеліне дәл орналастырыңыз. Құюға арналған үлгіні графит жоңқасымен өңдеңіз. Тегістегіш құралын қолдана отырып, қорама жасауға арналған қоспаны қорамжәшікке тығыздау. Қорамжәшікті төңкеріп, қалыптың тұтастығын бұзып алмай үлгіні алып шығу. Қысқыштарды қолдана отырып, балқыған қорғасыны бар отбақырды алып шығып, аталған үлгінің қалпын құю. Суығаннан кейін дайын болған бөлшекті алып шығу қажет. Бөлшекті өлшеп, нақты анод көлеміне қатысты масштабын есептеу, формула бойынша: Масштаб=Рнақ.көл.÷Рүлгі

Қажетті жабдықтар тізімі

Жеке қорғаныс құралдары, муфель пеші (жылулық), қорамжәшік, тегістегіш құрал, сызғыш, калькулятор, отбақыр, бөлшек үлгісі.

Шығыс материалдарының тізімі

Қорғасын, қорама жасауға арналған қоспа, графит жоңқасы.

Тәжірибелік тапсырмалар

Мамандық : 1003000 «Түсті металдар металлургиясы»

Біліктілігі: 1003193 «Техник-металлург»

2 тапсырма

Кептіру әдісімен ылғалдылық пайызын анықтау.

Бақыланатын білім, іскерлік пен дағды түрлері

Үрдістің теориялық білімі. Технологиялық көрсеткіштерді анықтау. Технологиялық жабдықтардың негізгі түрлерінде өз бетімен жұмыс істеу. Жұмысты орындау кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.

Тапсырманы орындаудың мөлшерленген уақыты, мин.

30 мин.

Тапсырманың орындалуын бағалау өлшемдері

Бағытты ескере отыра атқарымдылығын тексеру (талаптарға сәйкестік деңгейі) – 60 %

Қауіпсіздік техникасы – 10 %

Бұйымның (өнімнің) сырт көрінісін тексеру – 10 %

Өлшемдерді бақылау – 15 %

Уақытты сақтау – 5 %

Тапсырманы орындау технологиясы

3 ыдыстың салмағын (ВТ 6000; ВМК 1501) электронды таразыда өлшеу. Мәліметтерді жазып алу. Зерттеліп отырған концентратты ыдысқа салыңыз. Жалпы салмақты өлшеу қажет. Дайындық жұмыстары өткізілгеннен кейін өлшенген затты кептіргіш шкафқа орналастырыңыз. Бағдарламалық жасақтама көмегімен кептіргіш жабдықтың температурасы мен жұмыс уақыты белгіленеді. Уақыт өткен соң, қауіпсіздік техникасын сақтай отыра, кептірілген материалды электронды таразыда өлшеу керек. Мәліметтерді жазып алып, есептеу жүргізу қажет. фомула бойынша ылғалдылық пайызын анықтаңыз:

W= (m1-m2)÷m1×100

Қажетті жабдықтар тізімі

Кептіргіш шкаф, электронды таразы (ВТ 6000; ВМК 1501), ыдыс, жеке қорғаныс құралдары, калькулятор.

Шығыс материалдарының тізімі

Концентрат (Қоңыраттың мыс концентраты)