
- •Зертханалық жұмыс №1 microsoft access мәлiметтер қорымен танысу.
- •Зертханалық жұмыс №2 Кесте құру конструктор режимі
- •Зертханалық жұмыс №3 Кесте құру кесте шеберi (мастер) режимi көмегiмен құру
- •Зертханалық жұмыс №4 форма жасау .
- •І. Кесте шебер көмегімен форма құру
- •II. Форманы баспаға шығару.
- •Зертханалық жұмыс №5 кестенi редакторлеу. Сұрыптау, iздеу.
- •Сұрыптау. I- тәсiл
Зертханалық жұмыс №1 microsoft access мәлiметтер қорымен танысу.
М
ақсаты:
Microsoft
Access
мәліметтер қорының мәнін, мәліметтер
қорының алғашқы жұмыс істеу тәсілдерімен
танысу. Анықтама
жүйесімен жұмыс істеуді үйрету.
Программаны iске қосу Iске қосу Программалар Microsoft Access (Пуск ПрограммыMicrosoft Access)
Microsoft Access мәлiметтер қорының алғашқы жұмыс терезесi экранға шығады.
Бұл терезеден үш мүмкiндiктiң бiрiн - бұрын жазылған мәлiметтер қорын (открыть база данных), шебердi жүктеу (Запуск мастер), жаңа мәлiметтер қоры (новая база данных) жолдарын таңдап алуға болады. Мысалы бұрын жазылған мәлiметтер базасы Атосалон.mdb файлын таңдау және Ок пернесiне шерту. (Егер тiзiмде жоқ болса, онда әртүрлi файлдар (другие файлы) пунктi таңдау арқылы)
А
втосалон: мәлiметтер қорының (автосалон: база данных) терезесi экранға шығады. Мұнда Microsoft Access-тiң барлық негiзгi объектiлерiмен танысуға болады.
Кесте - негiзгi объектiлерiнiң бiрi. Кесте қосымшасын қосып Авто кестесiн ашу .
Ашылған Автосалон:кесте (Автосалон: таблица) сұқбат терезеiнiң төменгi жағында орналасқан бағытауыш пернелер жылжытып көремiз.
4
–шi жазбадағы Фольксваген-Пассат сөзiн жанама менюден Көшiрмесiн алу (Копировать) командасын таңдау.
11-шi жазбаға барып жанама менюден Кiрiстiру (вставить) командасына шерту және қалған өрiстердi толтыру.
Кесте терезесiн жабу өзгерiстi сақтамай.
Осы әркеттердi пайдаланып сұрау, форма, есеп берудi ашып көру.
Терезенi әзiрше жауып қоя тұрайық оң жақ бұрыштағы “х” пернесiне шерту.
М
еню қатарынан ? белгiсiн шерту арқылы Access анықтамалық жүйесiн ашып, оның Анықтаманы шақыру (вызов справки) командасын таңдау.
Ашылған Microsoft Access: анықтамалық жүйе (справочная система: Microsoft Access) терезесiнiң Мазмұн (содержание) бетiн ашамыз.
Осы беттен Microsoft Access-ке кiрiспе (введение в Microsoft Access) қатарын шертiп, анықтаманың нұсқаларын орындау арқылы мына тақырыптармен танысып шығу керек: Мәлiметтер базасы деген не?, кестелер: кестелер туралы жалпы мәлiметтер, кесте режимiмен жұмыс iстеу.
“Анықтамалық жүйесiн” жабу керек.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР:
Мәліметтер қоры, өріс, жазба деген не? Реляциялық, желілік, иерархиялық мәліметтер қорының ерекшеліктерін ата? Дәптеріңе жауаптарын жаз.
Анықтама жүйесінен Жаңа мүмкіндіктер бөлімінен: Microsoft Access 97 жаңа бөлімдері, Microsoft Access 97 алғашқы жұмыс т.б. танысу.
Бұрын жазылған кез келген мәліметтер қорын ашып көр.
Зертханалық жұмыс №2 Кесте құру конструктор режимі
М
ақсаты:
Мәліметтер
қорын құру және кестеде мәліметтерді
енгізу, оны өңдеу, конструктор режимінде
кестені жасауға және оның құрылымын
өзгертуді үйрету.
С
порт мәліметтер қорын ашу
Iске қосуПрограммалар Microsoft Access (Пуск –Программы – Microsoft Access) командасын орындаймыз. Ашылған Microsoft Access сұқбат терезесінен жаңа мәлiметтер қоры (новая база данных) опциясын таңдаймыз да Ок батырмасын шертеміз.
Ж
аңа мәлiметтер қоры файлы (Файл новой базы данных) терезесінен файл аты (имя файла) спорт деп теріп жазып құру (создать) батырмасына шерту
Спорт мәлiметтер қоры (Спорт база данных) терезесінен Кестелер (таблицы) объектісін таңдап құру (создать) батырмасына шерту.
Жаңа кесте (Новая таблица) терезесінен конструктор режимін таңдап аламыз да Ок пернесiне шерту
К
онструктор терезесiмен танысайық, мұнда өрiс аты, мәлiметтер типi, жазба, өрiстiң қасиетi (имя поля, тип данных, описание және свойтсва полей) көрсетiлiп тұр.
«Чемпионаты мира» кестесі мына өрістерден тұрады: год, страна, 1 место, 2 место, 3 место, 4 место. Түйінді өріс (ключвое поле)-год.
Кесте1: кесте (Таблица1: таблица) терезесінің өрiс аты (имя поля) өрісіне год теріп жазып Enter пернесін басамыз, сол кезде мәлiметтер типi (тип данных) өрісіне мәтiндiк (текстовый) және қасында тілсызық (▼) пайда болады. Тілсызық шертіп ашылған тізімнен сандық (числовой) таңдап аламыз. Өрiстiң қасиетiн өрiс форматы (формат поля) 0000 деп жазамыз, ол мiндеттi түрде төрт символвалдан тұрады. Енгiзу маскасына (Маска ввода) 0000 шаблонын енгiзу .
Алдыңғы әрекеттерді пайдаланып қалған страна, 1 место, 2 место, 3 место, 4 место өрістерді енгіз.
Т
үйінді өріс белгісін қою үшін год өрісіне барып тышқанның оң батырмасын шертіп, ашылған меню тізімінен түйінді өріс (ключвое поле) командасын таңдап аламыз.
Кестені Файлсақтау (Файлсохранить) арқылы «Чемпионаты мира» деген атпен сақтаймыз да терезені х батырмасына шертіп жабамыз.
К
естеге мәліметтер енгізу үшін «Чемпионаты мира» ерекшелеп терезенiң оң жағындағы Ашу (открыть) батырмасына тышқанды шерту.
Чемпионаты мира:кестесi» («Чемпионаты мира»:таблица) терезесiне мына кестенi толтыр.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ЖАТТЫҒУЛАР:
Конструктор, түйінді өріс дегенміз не? Өрістердің қандай типтерін білесіз? дәптеріңе жазып ал
«Жүргізушілер» мәліметтік қорының кестесі берілген. Осы конструктор режимі кесте құр. (Қосымшаны қара)
Әрбір өрістің типін және енін анықтау
Түйінді өрісін анықта
Кестеге 5 адамды толтыр.