- •1.Іскерлік туризмнің теориялық негіздері
- •1.1 Іскерлік туризмнің мәні және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.2 Іскерлік туризмнің түрлері
- •2.1 Әлемде іскерлік туризмнің ұйымдастырылуы
- •Кесте 1. Қазақстанға іскерлік сапармен келушілер
- •Резидент еместер
- •Сурет 1 2013 жылғы келіп-кетушілердің саны сапар мақсаттары
- •2.2 Астанадағы іскерлік туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Турдың сипаттамасы
- •20 Желтоқсан
- •21 Желтоқсан
- •22 Желтоқсан
- •23 Желтоқсан
- •3.3 Брошюра
- •Астана қаласы-іскерлік туризмнің ордасы!
- •3.4 Туристерге ескертпе
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Резидент еместер
|
2011 жыл |
2012 жыл |
2014 жыл |
Барлығы |
548 313 адам |
551 966 адам |
596 965 адам |
соның ішінде: іскерлік және кәсіби мақсаттар |
529 544 адам |
529 488 адам |
568 968 адам |
Осыдан көретініміз іскерлік туризммен келушілер саы өте көп, яғни біздің елімізде іскелік туризм жақсы деңгейде. Оны ары қарай дамытуды қолға ауымыз тиіс.
Сурет 1 2013 жылғы келіп-кетушілердің саны сапар мақсаттары
бойынша адам
Кесте 3. Елдер бойынша келген қызмет көрсетілген резидент емес келушілер
Адам
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Барлығы |
548 313 адам |
549 966 адам |
554 145 адам |
соның ішінде: Италия |
41 595 адам |
45 969 адам |
51 698 адам |
2.2 Астанадағы іскерлік туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
Астананың әлеуметтік-экономикалық өміріндегі соңғы жылдардағы өзгерістер туризм саласын шапшаң дамытуға мүмкіндік берді. Саяхатшылардың елорда мызға деген қызығушылығы осы саланың жақсы көрсеткіштерімен дәлелденді.
Сондай-ақ, Франция астанасы Парижде өткен Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясында әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізетін мемлекетті анықтап, Астанаға үлкен үміт артты.
Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і қарсы дауыс берді. Бұның өзі - Астананың айқын жеңісі. Осылайша 2017 жылы Астанада өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңіріндегі ғана емес, ТМД аумағында өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ.
Еске салсақ, халықаралық көрме құқығы үшін Астана Бельгияның Льеж қаласымен бәсекеге түскен болатын. Астана халықаралық көрме үшін «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынса, бәсекеге түскен Льеж қаласы «Әлем мен адамзатты біріктірейік» тақырыбын ортаға тастаған еді. Сөйтіп, бұған дейін де жаһандық деңгейдегі ЕҚЫҰ саммиті, Азиада ойындары секілді жауапты шараларды өткізу арқылы әлем жұртшылығының назарын өзіне аударып келген Астана алдағы уақытта тағы бір қырынан танылатын мүмкіндік алды.
Тоқтала кететін жайт, Қазақстан Халықаралық көрме бюросының мүшелігіне 1997 жылы қабылданған болатын. Сонымен қатар, алғаш рет Қазақстанның көк Туы 1998 жылы Лиссабонда өткен EXPO-ның Халықаралық мамандырылған көрмесінде желбіреген болатын. Белсенді экспонент ретінде Қазақстан EXPO-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді. Дәл осы жылы көрме Жапонияның Аичи қаласында өткен болатын. Испанияның Сарагос қаласында өткен EXPO-2008 көрмесінде Қазақстан павильоны С санаты бойынша ІІІ орынға ие болғаны да белгілі. Ал Қытайдың Шанхай қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан павильонын жарты миллионнан астам адам аралап көрген еді. Ағымдағы жылы Қазақстан Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласына өткен EXPO-2012 көрмесіне де белсенді қатысты.
Елорданы осы заманғы әлемдік стандарттарға сай келетін қала ретінде, сондай-ақ оны Еуразиядағы халықаралық ықпалдастықтың ірі орталықтарының бірі ретінде дамыту жолында күрделі шаралар жүзеге асып жатқан кезеңде іскерлік туризм проблемаларын бүге - шігесіне дейін зерттеп, нақты жұмыс істеуге ықыласты.
Іскерлік туристік сапарларының мәнісін сараптағанда, олардың саны жылдан-жылға орта есеппен 20-30 пайыз өсіп келеді. Көпшілік іскер туристер Астанаға іскерлік әрі кәсіптік мақсатпен келеді. Демек, осының өзінен олардың ойға алған істерін орындаудың мүмкіндік аясы кеңи түскенін аңғару қиын емес.
Дегенмен, іссапармен келушілер қатарының көбейгенімен, Астанада туристік сала дами бастады деп айтуға болмайды, оның талабы - шетелдік туристік топтарға мінсіз қызмет ету.
Іскерлік сапармен келген туристердің мақсаты - Астананың әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани тіршілігімен танысу болса, бүгіндері қонақ үй нөмірлерінің жалпы саны 1529 болса, оларға бір кезектегі сыйымдылық деңгейі 2530 адам екен. Ал ірі халықаралық жиындардың кезінде қалаға 4 мыңға жуық адам келетінін ескерсек, осынау салыстырмалы саннан біраз қиыншылық болатыны байқалады.
Іскерлік сапармен келген туристерге қызмет жасайтын мейрамханалар мен кафелердің жұмысы бүгінде 572 бірлікті құрайды. Үстіміздегі жылдың тоғыз айында бұл сала бизнесі 60 пайызға жуық өскен.
Бұл саланың ең табысты түрі – іскерлік туризм. Мыңдаған адам Астанаға әртүрлі көрмеге, конференция мен семинарға қатысу үшін, яғни іскерлік мақсатпен келеді. Көптеген саяси-экономикалық, мәдени іс-шаралармен бірге, Астана күніне арналған бағдарламалар туристер үшін тартымды болып отыр. Астана күні қала брендіне айналып келеді. Туристердің елордаға, әсіресе, мереке қарсаңында көптеп келуі байқалады.
Астананың туристік бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында кәдесый өнімін және әлемнің озық тілдерінде таныстырылым материалдар мен жарнамалық-ақпараттық өнімді шығару жөніндегі жұмысы жалғасын табуда.
Алайда, туризм саласын өз деңгейінде дамытуда бірқатар кедергілерді жою керек болып отыр. Олар – қонақ үй және мейрамханалық қызмет сапасының төмендігі және қымбаттығы. Туризм саласындағы мамандардың даярлығы мен олардың біліктілігін жоғарылату да – туризм саласының күн тәртібіндегі мәселе. Осы ретте, ғылыми базаның жоқтығы да кері әсерін тигізбей қоймайды.
15-21 қазан күндері Астанада қаласында бизнес - сапар нарығындағы үлкен оқиға Abacus корпоративтік саяхат конференциясы – АСТС-2014 өтті. Бұл шараны ұйымдастырушы Азия-Тынық мұхиты аймағындағы туризм индустриясында қызмет көрсетуде басты жабдықтаушы – Abacus International компаниясы.
Осымен үшінші мәрте өтетін конференцияға қазақстандық және шетелдік ірі компаниялар басшылары, іскерлік сапарды ұйымдастыратын әкімшілік үйлестірушілері, әуе және қонақүй бизнесіндегі негізгі жабдықтаушы өкілдер, сондай-ақ корпоративтік клиенттерге түрлі қызмет көрсететін туризм индустриясының сарапшылары қатысты. Биылғы шара компаниялардың бизнес-сапары саясатын әзірлеу және енгізуде алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге, іссапарды ұйымдастыру бойынша шығындарды азайту және сапа деңгейін көтеру технологиясына арналды. Оған ірі және орта бизнестегі түрлі компаниялардан 300 делегат қатысты.
Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Индустрия және туризм комитеті ресми түрде қолдау көрсететін алқалы басқосуға, сондай-ақ корпоративтік басқарушылар қауымдастығы (Association of Corporate Travel Executives) да көмек қолын созуда. Бұл қауымдастық корпоративтік саяхатты басқару бойынша және әлемдегі 100 елден астам елде бизнес-сапар саласын жабдықтаушылармен жұмыс жөніндегі менеджерлерді біріктіретін кәсіби ұйым болып табылады.
Өткізілген іскерлік конференцияның негізгі идеясы – отандық нарықтағы іскерлік сапар саясатын әзірлеу және енгізудегі халықаралық тәжірибемен таныстыру, компаниялардың іссапар шығынын барынша азайту және қызметкерлерді тиімді басқару тәсілдерін көрсету болатын. Конференция жұмысына халықаралық компаниялардағы бизнес-сапарды басқару тәжірибесімен бөлісетін шетелдік мамандар қатысты. Бұл жиынның Қазақстанның саяхат индустриясына, оның ішінде іскерлік сапарды дамыту ісіне өз үлесін қосатыны сөзсіз.
Туризм – бұл әлемдегі дағдарысқа қарамастан, 1 пайыз, 2 пайыз, 10 пайыз өсімді көрсетіп отырған жалғыз сала. Туризм жұмыс орындарын құруда. Себебі, туризм дамып жатқан жерде қонақ үйлер, мейманханалар, шаштараздар бар, таксишілер, сатушылар қажет. ЭКСПО-ны өткізу туризмге серпін беретін болады. Президент дұрыс атап өтуде, ЭКСПО бүтін Қазақстанға ықпал етуі тиіс. ЭКСПО-ны өткізудің сәтті және сәтсіз мысалдары бар. Және Астанаға жақын орналасқан өңірлер ЭКСПО-ға келетін туристер үшін таласқа түсуде. Туристік өнімдерді құру үшін өңірлермен меморандумдар жасауда. Турист қайда, ненің барын білу үшін шеберлі жоспарды әзірлеп жатқан Қазақстанның Индустрияны дамыту институтымен жұмыс істеуде. Француздық жетекші сәулет компаниясы қаланың қай жерінде туризмді дамыту қажеттігін анықтауға көмектесетін болады.
ЭКСПО-ға 2 млн. турист келеді. Оның 90 пайызы бұл ішкі туристер. Малайзиядан туристердің келуі екіталай, олар Ресейден, Қытайдан болады.
Сонымен қатар, соңғы жылдары Қазақстанда үнді жәрмеңкесі, Индияда Қазақстан жәрмеңкесі жиі ұйымдастырылып жүр.
Үндістандағы ҚР елшілігі жыл сайын өткізетін осы шараның негізгі мақсаты Қазақстанның туристік бейнесін ілгерілету, екі ел арасында туризм саласындағы байланыстарды кеңейту, үнді қоғамын, ресми және іскерлер шеңберлері мен туроператорларын еліміздің туристік мүмкіндіктерімен кеңінен таныстыру болды.
Басқосуда Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы негізгі баяндама жасаған Қазақстанның елшісі Қайрат Омаров қатысушыларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайымен хабардар етіп, Қазақстан туризмінің дамуына және туристік тартымдылығына оң әсер ететін демократиялық түрленулер туралы әңгімелеп берді. Ол Қазақстан-2030 стратегиялық даму бағдарламасы шеңберінде екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, тереңдетуге септігін тигізетін туризм саласы өзара әрекеттің перспективалық бағыттарының біріне айналуда деп ерекше атап көрсетті.
Үнді тарапының өкілдері елшіліктің жәрмеңкені жыл сайын өткізу жөніндегі бастамасына жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екендіктерін білдірді. Үнді туроператорларының назарын ҚР Туризм және спорт министрлігі (ТСМ) дайындаған Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы бейне-презентациясы ерекше тартты. Жәрмеңке қонақтары алдында сөз сөйлеген осы министрліктің Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Қарлығаш Кәкен Қазақстанда туристік аймақтар жөніндегі басымды жобалар мен туристік кластерді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі шаралар туралы әңгімелеп берді.
"Эйр Астана" ұлттық әуекомпанияның аймақтық өкілі Ч.Гаманпиллаи қазақстандық әуетасымалдаушы және оның одан әрі даму басымды бағыттары туралы слайдық шоуды алға тартты. Үндістанмен қарым-қатынасқа тоқтала отырып, жақында әуекомпания өкілі жақын арада Алматы-Дели-Алматы бағытындағы аптадағы рейстердің санын екіден үшке дейін ұлғайтқандығын хабарлады.
Қазақстан Туристік ассоциациясының (ҚТА) өкілі Л.Шварц жәрмеңкеге қатысушыларға ҚТА-ның Қазақстан министрліктерімен және мекемелерімен еліміздің бейнелік жобаларын іске асыру жөнінде ынтымақтастығы туралы әңгімелеп беріп, Қазақстанды үнді туристеріне перкспективалық бағыттардың бірі ретінде ілгерілету бағытында екі елдің қоғамдық ұйымдарымен тығыз өзара әрекет дамытуға үмітін білдірді.
Шара аясында ынтымақтастық орнату мақсатында Үндістандық әлеуетті серіктермен екі жақты кездесулер мен жергілікті БАҚ-мен сұхбаттар өткізілді.
Жәрмеңке Үндістанның туризм бизнесіндегі компаниялардың қолдауына ие болды.
Міне, жоғарыдағы қарастырылған мәліметтерге қарағанда Қазақстанда бұрынғы мәліметтерге қарағанда іскерлік туризм анағұрлым дамыған.
3 Мәскеу қаласынан Астана қаласына арналған іскерлік тур
