- •1.Іскерлік туризмнің теориялық негіздері
- •1.1 Іскерлік туризмнің мәні және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.2 Іскерлік туризмнің түрлері
- •2.1 Әлемде іскерлік туризмнің ұйымдастырылуы
- •Кесте 1. Қазақстанға іскерлік сапармен келушілер
- •Резидент еместер
- •Сурет 1 2013 жылғы келіп-кетушілердің саны сапар мақсаттары
- •2.2 Астанадағы іскерлік туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Турдың сипаттамасы
- •20 Желтоқсан
- •21 Желтоқсан
- •22 Желтоқсан
- •23 Желтоқсан
- •3.3 Брошюра
- •Астана қаласы-іскерлік туризмнің ордасы!
- •3.4 Туристерге ескертпе
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.1 Әлемде іскерлік туризмнің ұйымдастырылуы
Кейiнгi жылдары халықаралық туризмде маңызды рөлдi iскерлiк туризм алады, өйткенi сапарлардың үлкен бөлiгi iскерлiк мақсатта жасалады. Осыған байланысты iскерлiк туризм бұл – жиырмасыншы ғасырдың феноменi аталған әлемдiк экономиканың басты және қозғалыстағы салаларының бiрi. Iскерлiк туризм өркениеттi әлемiнде келешегi бар және табысты бизнес болып танылған. АҚШ-та, Ұлыбритания, Италия, Германия, Жапония, Франция, Қытай т.б. секілді туризмі дамыған елдерде жүз жылдан астам, Еуропада 50-жылдары, ТМД-да – оның iшiнде Ресей мен Қазақстанда бүгiн қалыптасты десек болады.
Бүгiнгi күнi, мамандар арасында ортақ «iскерлiк туризм» түсiнiгi жоқ. Бiреулердiң ойынша, бұл – шетелге көрме, конференцияға сапар десе, басқалар пайдалыны жайлымен бiрiктiру, яғни iскерлiк келiссөздер жүргiзу және жаңа жерлерде демалу; ал үшiншi бiреулер — «iскерлiк туризм» деген жоқ, өйткенi, анықтамасы бойынша iскерлiк болмауы мүмкiн дейдi. Бiрақ, барлық осы түсiнiктер мен анықтамаларға қарамастан, iскерлiк туризм ұғымы бар және экономикалық белсендi қалыптасқан, келешегi бар сала.
Iскерлiк туризм бұрынан берi жұмысын атқарып келедi, тек 1990 жылдан бастап бұл бизнес сферасы қанатын кеңге жайып, туризм саласының ең табысты саласына айналды. Тек Еуропаның өзiнде 1998 жылы iскерлiк туризмге 227 млрд. шығындалған. Дүниежүзiлiк туристiк ұйым мәлiметi бойынша iскерлiк туризмнен түскен табыс жыл сайын 4%-ға өседi.
Бұл Ассоциация 38 елден 2 мың мүшеден құралған. “SITE” -тың негiзгi жұмыс бағыты – бұл өз мүшелерiн маркетингтiк қолдау, тәжiрибе алмасу және тарату, арнайы әдебиеттер шығару.
Осындай ұйымдар көмегiмен бизнесмендерге әлем бойынша саяхаттау жеңiлдедi, өйткенi оларға дайын қызметтер жиынтығы немесе клиент қалауымен жаңа пакет өңделедi. Көрiп отырғандай, бұл ассоциациялардың рөлi өте маңызды және соған ұқсас ассоциациялар құру бiздiң елiмiз үшiн — өте өзектi. Бiрақ, бұл ғана мәселе болып тұрған жоқ, Қазақстанда басқа да iскерлiк туризм мәселелерi бар.
Туризмнің іскерлік түрін дамытуда еліміздің батыс аймағы қарастырылып отыр. Атаулы қойылған мақсаттан келесі міндттер анықталады:
- халықаралық туризм жiктелуiндегi iскерлiк туризм орнын;
- бұл саланы қалыптасуы мен iскерлiк туризм түрлерiн;
- қонақ үй таңдаудағы iскерлiк туристердiң қалауы қарастыру;
- іскерлiк саяхатшылардың қажеттiлiктерiн қанағаттандыру;
Сонымен қатар Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне, қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы мен мемлекет экономикасының кіріс секторы шеңберінде халықаралық кәсіпкерлік пен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға жәрдем ететін осы Қазақстанның кейбір облыстары, атап айтқанда Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Орал қалалары, Көкшетау, Шығыс Қазақстан облысы т.б. ықпалы зор екенін де айтып өтуге болады.
Іскерлік туризм көп салалы. Мамандар «бизнес – туризм» түсінігі орнына жиі ағылшын аббреавиатурасы – «MІCE» терминін қолданады, өйткені бұл аббревиатураны құрайтын сөздер – (Meetings; Incentives; Conferences; Exibitions - Кездесулер; Инсентивтер; Конференциялар; Көрмелер) бұл іскерлік туризм түрлері немесе бизнес – туризм құрылымы.
«Horwath Axe Consultants» мәліметі бойынша:
1) Жекелеген іскерлік сапарлар, олар бүгінгі күні іскерлік туризм құрылымының 70,8% құрайды;
2) Конференция, семинарлар – 12,6%;
3) Көрмелер – 10,3%;
4) Конгресстік туризм – 3,3%;
