
- •1.Іскерлік туризмнің теориялық негіздері
- •1.1 Іскерлік туризмнің мәні және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
- •1.2 Іскерлік туризмнің түрлері
- •2.1 Әлемде іскерлік туризмнің ұйымдастырылуы
- •Кесте 1. Қазақстанға іскерлік сапармен келушілер
- •Резидент еместер
- •Сурет 1 2013 жылғы келіп-кетушілердің саны сапар мақсаттары
- •2.2 Астанадағы іскерлік туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
- •Турдың сипаттамасы
- •20 Желтоқсан
- •21 Желтоқсан
- •22 Желтоқсан
- •23 Желтоқсан
- •3.3 Брошюра
- •Астана қаласы-іскерлік туризмнің ордасы!
- •3.4 Туристерге ескертпе
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қазақ-гуманитарлық заң университеті
«Экономика, менеджмент және туризм» кафедрасы
Мамандығы 5В090200-«Туризм»
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Іскерлік туризмді ұйымдастыру ерекшеліктері»
Орындаған : Шәйдікерім Ж.Ж
Тексерген : Сейлов Ғ.А
Астана 2014
мАЗМҰНЫ
Кіріспе........................................................................................................................3
1. ІСКЕРЛІК ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Іскерлік туризмнің мәні және оны ұйымдастыру ерекшеліктері....................5
1.2 Іскерлік туризмнің түрлері...................................................................................9
2.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ Іскерлік туризмді ұйымдастыру ерекшеліктеріН ТАЛДАУ
2.1 Әлемде іскерлік туризмнің ұйымдастырылуы.................................................14
2.2 Астанадағы іскерлік туризмнің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.............20
3.москва қаласынан астана қаласына арналған іскерлік тур..............................................................................................................................25
3.1 турдың сипаттамасы...............................................................................25
3.2 Турдың бағдарламасы.............................................................................26
3.3 брошюра...........................................................................................................29
3.4 туристерге ескертпе.................................................................................29
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Әлемдік экономикада туризм табыстылық дәрежесі бойынша маңызды орынды тұрақыт иеленіп келе жатқан болашағы зор сала. Туризмнің дамуы елдің экономикалық жағдайын жақсартуға және бір-бірімен өзара байланысты салалардың қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Туризм – экономиканың табысты саласы, ол елдің валюталық жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге жалпы ішкі өнімді толықтырудың көзі болып табылады. Туризм саласының дамуы көбінесе экономика мен туристік фирмалар және қонақүйлердің қызметін ұйымдастырмен байланысты.
Туризмді табыс көзі ретінде қарастыратын болсақ, туризмнің бірнеше түрлері бар екенін, оның ішінде бүгінгі зерттеу тақырыбымызға орай іскерлік туризмді және оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталғанымыз жөн.
Іскерлік туризм тұсында Елба сы ның халыққа 2008 жылғы «Қазақстан Республикасының басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру» атты Жолда у ын да былай деген болатын: «Әлемдік бизнестің, іскерлік ту ризмнің, халықаралық маңызы бар ғылыми және мәдени шара лар өткізудің тартымды орнына айналдыру үшін қаланың бедел дік бейнесін көтере беруге баса көңіл бөлу керек» [1]. Бұл жерде Астана қаласына, Астана қаласының көркеюіне айтылып отыр.
Елбасы талап етіп отырған – шаһардың беделдік бейнесін көтеру, осы беделдік бейнеге қызмет ететін тағы бір тұжырым іскерлік туризмді жақсы жолға қою мен тікелей сабақтасып жатады.
Мемлекет аумағына келіп жатқан туристердің 70 пайызының негізгі мақсаты – іскерлік қарым-қатынастар орнату болып табылады. Демек, біздің мемлекетіміз шетел инвесторларының бар болуы себебімен тартымды аймақ болып саналады.
Қазақстанда қазіргі кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр, соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген мемлекеттермен экономикалық тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, жыл сайын елімізге іскерлік мақсаттағы сапармен келушілердің саны көбеюде. Соның ішінде атап айтқанда Түркия, Қытай, Италия, Жапония т.б. шет мемлекеттер туристері мен олардың біздің елдегі компаниялары елеулі орын алды.
Зерттеу пәні- Қазақстан іскерлік туризм.
Зерттеу нысаны - Қазақстан іскерлік туризімнің маңызы.
Курстық жұмыстың мақсаты болып Қазақстанда іскерлік туризмнің орнын анықтап, оны ұйымдастыру ерекшеліктеріне мән бере отырып, Қазақстандағы экономикалық қарым-қатынастың дамуындағы іскерлік туризмнің табыс түсіру жолдарын қарастыру табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін алға қойылған міндеттерге мыналар жатады:
- іскерлік туризм туралы ұғым, даму бағыттарын ашу;
- шетелде iскерлік туризмнiң дамуын қарастыру;
- Қазақстандағы iскерлік туризмнiң ерекшелiгiн ашу;
- Қазақстанда іскерлік туризмді дамытудың жолдарын ұсыну;
- Қазақстандағы iскерлік туризмді дамыту болашағын қарастыру.
Іскерлік ту ризм жыл дан-жылға үлкен сұра нысқа ие, бұл қазіргі за манғы іскерлік өмірдің қарқын ды да му ынан ту ын дап отыр.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған ідебиеттер тізімінен тұрады.
1.Іскерлік туризмнің теориялық негіздері
1.1 Іскерлік туризмнің мәні және оны ұйымдастыру ерекшеліктері
Іскерлік туризм дегеніміз не? Бизнеспен, не басқа мақсатымен айшылық алыс жерден келген іскер адамдар өз жұмыстарын орындағын соң, тосын шаһардың тарихи, мәдени орындарын аралап, сұлулық көрінісін тамашалайды. Бұл адамдардың тобы іскер-турист деп аталады.
Іскерлік туризм дегеніміз - кәсіптік міндеттерді орындаумен тікелей байланысты саяхат. Бүкіл әлемдік интеграция мен іскерлік байланыстардың өсуінен іскерлік туризм жылдан жылға маңызды орын алуда. Іскерлік саяхаттардың мақсаты - фирмалардың объектілерін көру немесе оған қызығушылық тудыру, іскерлік кездесу, мәселелерді шешу, сонымен қатар жиналыстар, конференциялар, семинарлар мен симпозиумдарды ұйымдастыру [2].
Іскерлік туризм қазіргі кезде ең тез дамып келе жатқан туризм түрі, бірақ өзіндік үлкен табысты туризм түрі болып тек XX ғасырдың 80-90 жылдары қалыптаса бастады. Дүниежүзілік экономиканың глобальдылығы мен оған іскерлік интенсификациясы, ғылыми және мәдени байланыстардың тікелей қатысы іскерлік туризмді динамикалық тез өсетін әлемдік шаруашылықтағы салаға айналдырды. Сондықтан іскерлік туризм XX ғасырдың экономикалық феномені болып табылады.
Іскерлік (кәсіпкерлік) өзінің алғашқы пайда болып дамуы кезеңінен-ақ ғалымдардың, саясаткерлердің, қоғамдық ортаның назарын өзіне аударып келеді. Өйткені іскерлік қай елде болмасын қоғам үшін тиімді еңбек процесімен, шығармашылық ізденістермен, еңбек салаларындағы прогреспен тікелей байланысты.
Іскерлік көпсалалы болғанымен, оны, негізінен, өндірістік еңбек пен қызмет көрсету саласы еңбегінен көру дәстүрге айналған. Жалпы алғанда, еңбек саласы - адамдардың әлеуметтік арабайланыстарының, адамдық қасиеттердің ашылып көрінуі айнасы, мүдделер ұқсастығы мен алшақтығының, үйлесімділікпен қарама-қайшылықтардың, біліктілік пен білімділіктің байқалатын кеңістік алаңы. Осы алаңда тек ізгілікті іскерлік қана емес, топтық немесе жекебастық эгоистік ниеттер мен әрекеттер байқалады.
Қоғамдар, негізінен, әлеуметтік көпқабатты, әркелкі таптар мен әлеуметтік топтардан құралатындықтан, бизнестік құрылымдар, оның неғұрлым іскер алдыңғы қатары өзінің қоғамдағы әлеуметтік-экономика-лық және саяси, мәдени мүддесі мен материалдық жағдайына байла-нысты ерекшеленіп тұратын өзіндік әлеуметтік қабат.
Инновациялық идеяға негізделген жобалар қоғамдық ортада, солқоғамдық ортаның қатынасуымен іске асатындықтан, кәсіпкерлер қоршаған әлеуметтік ортаның сұранысы мен бақылауынан тыс қала алмайды. Бұл тек бір елдің емес, әлем елдерінің капиталды қолында ұстаған әлеуметтік қабатына қатынасты. Қазіргі заман әлеуметтанушысы И. Валлерстайнның «капитализм шегі жоқ капиталды өсіруге тырысу-шылықжәне нарықтық индивидуализм нарықтан тысжатқан нормалар-мен үйлеспесе, ұйымдастырушы негіз бола алмайды» деген тұжырымы да тек батыстық іскерлікке қатысты емес [3].
Іскерліктің қоғамда алатын орны, әлеуметтік мәні және іскер адамдардың жекебастық, тұлғалық ерекшеліктері туралы ойды ортаға салу барысында танымал философтар, экономистер мен әлеуметтанушы-лардыңой-пікірлері мен әлеуметтік, саяси бағалаулары, тұжырымдары ескерілді. Өйткені олар мәселеге нақты тарихи кезеңнің, нақты қоғамдық және әлеуметтік қатынастардың шындығы тұрғысынан қарап бағалалап, талдау жасаған. Соның біразына назар аударалық.
«Іскерлік туризм» ұғымы 18-ші мыңжылдықта Еуропа елдерінде нарықтық қатынастың пайда болуымен байланысты қолданысқа енген. Сол тарихи уақытта кәсіпкерлік сауда және саудагерлік қызметте өз көрінісін тапқан. Олар қоғамдықортада, негізінен, басқа адамдар есебінен пайда табуға ұмтылып, рахат өмірге құлшынғандар ретінде танылған. Сол себепті заман ойшылдары мұндай адамдар билікке жіберілмеуі керек деген пікірлерін білдірген.
Экономиканың ғылым мен техника жаңалықтары негізінде дами бастауы «іскерлік» туралы қоғамдық пікірді өзгерткен. «Іскер адам» деп жаңа идея әкелуші, жаңа енім өндіруші, жаңа қызмет көрсетуші және қатерлі жауаптылыққа бас тіге алатын білікті және білгір адамдар танылған (Катальон). Бірқатар қоғамтанушылар іскерлікті қаржынының іске салынуы және үнемшілдікпен байланыстырса, Австрия ғалымы В. Зомбарт іскер тұлғаның іс-әрекетін инновациялық, жаңартушылық қызмет ретінде қарастырып, іскерлік қызметті біртұтас әлеумеітік процесс деп бағалаған.
Кәсіпкерлік - пайда табу емес, негізгі іс-шаруашылығы аясында ұдайы өндірісті ұйымдастыру, басқару (Ж.Б. Сэй).
Іскерлік - жаңартпашылдық кәсіпкерлік: өндіріске жаңа технология-ның енгізілуі, жаңа шикізат өнімдері, жаңа байланыс көздері және вндірілген өнімнің жеткізілуі, жаңа нысандарды игеру және жасау, кәсіпкерлікті жаңартпашылықпен тексеру (И. Шумпетер).
Іскерлік үшін керегі - өндіріс құралдарына, соңғы өнімге меншік, меншікті беру немесе алу құқығы, келісімшарттар және жаңа даму көздері, шаруашылықсубъектісініңжеке автономиясы, айырбас, тауар-ақша қатынастары, еңбекті еркін сатып алу (А. Тюнен).
Жұмыс бере алатын тек ірі кәсіпорындар ғана емес, әрі шағын және орта іскерлік, олардың өз арасында ынтымақ, ауызбірлік, әлеуметтік ынтымақ керек (А. Тюрго).
Өткен мыңжылдықтың ірі ғылыми тұлғалары Ф. Хайек және Дж. Гэлбрейттің тұжырымдауынша, іскерлікті бейнелейтін басты адамдық қасиеттер-жаңалықты сезінгіштік пен бастамашылдық, еркін іс-әрекет пен толеранттылық (басқаның табысына көз алартпау, төзімділік), жауаптылық пен әлеуметтік протекция, ендіріс түрақтылығын қамтамасыз ету [4].
Еңбек бөлінісі кәсіптік жіктелуге, әріптестік пен бәсекелестікке мүмкіндік тудырады және ол іскерлікке негізделген әлеуметтік ынтымақтастықты, бірлескен үйлесімді еңбекті жоққа шығармайды. Сонымен қатар еңбек белінісі ғылымның жетістігін ендіруші күшке айналдыруды тездетеді және бәсеке әлеуметтік қатынастарды «теріс» аударып, қоғамдық ынтымақты бүлдіреді. Сол себепті ендігі жерде қоғамның біртұтастығының кепілі - мемлекет болмақ. Еңбек бөлінісі жағдайындағы басты құндылық - тұлғалардың дамуы мен олардың бірлеее еңбек ету тіршілігі. Ендігі жерде капитализм өз «ауруларынан» (бәсеке, тартып алу, жанжал, қанаушы еңбек түрлері, жұмысшылардың деградациялық тежелістері, т.б.) өзі арылуға тиіс. Оның ақылға сиымды жолы - қоғамның әлеуметтік проблемаларын талдау және оны шешудің реформалық жолы (Э. Дюркгейм).
Үш ғасырға жақын тарихы бар, капиталистік өндіріс және қатынастармен бірге есіп қалыптасқан, «капитал» ұғымымен етене үйлескен іскерлік (кәсіпкерлік) - әлі де сыры толық ашылып, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктері зерттеліп болмаған әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени құбылыс. Дегенмен, экономикасы мен ғылыми - технологиясы жоғары дамыған, соған лайықты қоғамдық қатынастары қалыптасқан батыселдерінің ғалымдарының ой-пікірлері онымен қазіргі уақытта да санасуды талап етеді. Батыстық әріптестеріміздің тұжырымдарына сүйенсек, қазіргі «Бизнес» деп аталған әлеуметтік-экономикалық құбылыстың ішкі мазмұны мен құрылымына тереңірек үңілу қажет. Біз шынайы іскер кәсіпкерді де, коммерсант пен ұсақ саудагерді де «бизнес» астына біріктіруді әдетке айналдырып алғанбыз. Шын мәнінде, іскер кәсіпкер мен басқа бизнес субъектілерінің мақсат-мүддесі мен қызметінің, оның шаруашылығының әлеуметтік және экономикалық функционалдық қызметінің сипатында үлкен айырмашылық бар. «Іскер» деп жаңашыл, озық идеяның субъектісін, озық идеяны іске асыру арқылы езіне де, еліне де еселеп пайда әкелетін, капиталын отанының және әлемдік қауымдастықтың өркениетті дамуына бағыттаған ірі, орта және шағын кәсіпкерлікті айтса болар [5].
Біреудің өндіріп қойған даяр тауарын әкеліп сатушы ғана болмағандықтан, капиталын жаңашыл идеяға, технологияға, ұйымдастыруға салатындықтан, оның өзінің және қоғамның күткен нәтижесі мен сенімі алдындағы жауапкершілігі ете жоғары. Сондықтан «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп халық даналығы айтқандай, мақсат еткен іс барынша муқияттылықты, жинақылықты, біліктілікті, қатаңесеп пен елшемді, аса жоғары білікті және сенімді мамандардың қатынасын талап етеді.
Өзі өндіріспен, озық технологиялармен, кадр даярлау мәселесімен шұғылданбайтын, тек басқалар өндіргенді тутынушыға жеткізушілер, жеткізіп сатушылар іс-әрекетінде ешқандай ізденгіш кәсіпкерліктің элементі кездеспейді десек қателесерміз. Алайда булар капиталын сауда ісіне, сатып алған тауарды екінші рет саудалауға салды.
Іскерлік пен сауда коммерциясы арасында қайшылық та кездесіп турады. Жарнамалық РР-дың кушімен отандық емес енімдердің өтімділігі арттырылады, сейте отырып, ел өндірісіне қолдау жасау, ол үшін сұраныс тудырудың орнына, оның өнімін нарықтан ығыстыру психологиясының ырқында кетеді.
Нарық, ол - бәсеке. Оның идеясына сай сапалы өнім оны жасаушылардың кімдер екеніне қарамастан алда журуге тиіс. Коммерцияның басты қағидасы осы болар. Ал сапалы енім өндірушілер және өндіруге тиістілер кім? Іскер кәсіпкерлер. Олай болғанда, өмірдің өзі, өркениетті нарықтық қатынастың өзі іскер кәсіпкерлерді алға шығарып, оларды ел тағдыры үшін жауапты әлеуметтік қабат, ерекше әлеуметтік топ етіп тұр.
Іскерліктің ерекше маңыздылығы оны мемлекет тарапынан қолдауды да езіндік ерекше құбылыс етіп тұр. Дегенмен, бүгінгі «Бизнесті мемлекеттік қолдау» дегеніміз не? Ол іскерлікті қолдау ма, болмаса коммерцияны не сауданы қолдау ма? Бұлардың аражігін айыру тетіктері қаншалықты жетілген немесе мемлекеттің қолдау саясатының бұларға қатынасы бірдей ме? Ал ендіруші де, жеткізуші де, сатушы да іскерліктің ішкі өзара үйлесіп жатқан біртұтас жүйесі болған жағдайында мемлекеттік қолдаудың өзіндік ерекшелігі бар ма?
Тәуелсіз жас қазақстандық қоғамның 90-жылдары нарықтық қатынасқа, капитапистік өндіріс тәжірибесіне бет алған кезеңі көпқырлы дағдарыс жылдарымен қатарлас келді. Сол себепті іскерліктің дамуының да бұрылысты тұстары аз болған жоқ. Жаһанданушы әлем мен мемлекеттердің жаңа жағдайға трансформациялық бейімделу процесінің, трансұлттық экономикалық, ғылыми жөне мәдени-білімдік ағымдық қозғалыстардың іскерліктің бағыт-бағдарына, ұстанымындағы құндылықтарына өзінің ықпалын тигізіп отырғаны сөзсіз.
Қазіргі өркениетті және әлеуметтік бағдарланған экономикалық қатынастарға ену жағдайында, бизнес, іскерлік, мемлекеттік бақылау мен қолдау саласында әлі де жауабын тауып болмаған сұрақтар баршылық. Тақырыпқа сай танымдық және сараптамалық зерттеулер аясына неғұрлым тереңдеп енген сайын жауабын іздеген сұрақтар да көбейе түсуде [6].
Сонымен, іскерлік - әлеуметтік процесс. Ол қоғамнан тыс жүріп жатқан жоқ, сондықтан одан тәуелсіз бола алмайды және іскерлік идея мен іс-әрекет қоғамдық ортаның қатынасуымен іске асады. Ал іскерлік дегеніміз - озық ақыл-ой, инновациялық шығармашылық ізденіс, қаржыны әлеумет, ел үшін игілікті іске салатын, болжамдау, бағдарлау, жобалау, басқару, бақылау менеджменті барынша жетілген, істің нәтижелілігіне жауапкершілікті, пайданы оның адамдықорта игілігі үшін маңыздылығымен өлшемдей алатын бизнестің жоғары түрі. Іскер тұлғаның әлеуметтік жауапкершілігі мен мәдениеті бизнестің мақсат-мүддесі мен нәтижесін әлеумет, мемлекет мүдцесімен адамгершілікті үйлестіре алатынынан көрініс табады. Белгілі бір қоғамдық ортада, оның игілікті қырларын пайдалана отырып, тек жеке бастық немесе шағын эгоистік топ мүддесін кездеу - шынайы іскерлік емес, бизнестік қабілеттің қылмыстық, әлеуметтік ортаның мүддесіне қайшы келетін іс-әрекетке бағындырылуы. Мұндай мінез-құлық құбылыстары іскерлік-ті өзінің әлеуметтік, прогрестік мәнінен айырады.