- •1 Цифрлы тарату жүйелері (цсп) негізінде цифрлық біріншілік байланыс желілерін құру принциптері
- •1.1 Талшықты-оптикалық тарату жүйелерін таңдау
- •1.2 Жол қанынастар министрілігінің сандық біріншілік байланыс желісін құру принциптері. Сандық тасымалдау жүйесі
- •2 Оптикалық байланыс кабелін таңдау
- •3 Талшықты жарық өткізгіштердің параметрлерінің есебі
- •3.1 Талшықты жарық өткізгіш компонеттерінің сыну көрсеткіштерінің есебі
- •3.2 Жарық өткізгіштің сандық апертурасының есебі
- •3.3 Жарық өткізгіштің өшулігін есептеу
- •3.4 Оптикалық талшық дисперсиясының есебі
- •3.5 Фаза коэффициентінің, толқындық кедергінің және жарық өткізгіш бойымен таралу жылдамдығының есебі
- •3.6 Регенерациялық аймақтың ұзындығын анықтау
- •3.7 Оптикалық кабельдің өшулігі бойынша регенерациялық аймақтың ұзындығын анықтау
- •3. 2 Сурет. Лфд (Ge); 2 - лфд (GaJnAs) ақпаратының беру жылдамдығының фотоқабылдағыш сезімталдығына тәуелділігі
- •3.8 Оптикалық кабельдің өткізу әдісі бойынша регенерациялық аймақ ұзындығының анықталуы
- •4 Талшықты-оптикалық жолды салу
- •5 Оптикалық кабельді монтаждау
- •6 Сметалы-қаржылық есеп
- •6.1 Экономикалық тиімділікті анықтауға арналған маркетингтік және бизнес жоспарлар
- •6.2 Жөндеу және жер жұмыстарына әр түрлі бағалар жүргізу
- •6.3 Өндірістік жоспар
- •Қорытынды
5 Оптикалық кабельді монтаждау
ОК-ді монтаждау міндетті қызметтердің бірі, ТОБЖ-ның байланыс ұзақтығын және сапасын анықтауға арналған. Талшық пен кабельдің байланыстыру өндірістегі процесс сияқты іске асырылады. Сонымен қатар құрылыс және кабельдік сымдарда іске асады.
Монтаждау тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты монтаж стационарлық кабельдік сымдарда іске асырылады, ал уақытша монтаж мобильді байланыстарда қолданылады.
Оптикалық талшықтың байланыстырушылары реттелгенде, арматураны қолданамыз, ол талшықтарды үлкейтуге және механикалық қорғаныс реттеуде қолданылады.
Негізгі қойылатын талаптар: құрастыру оңайлығы, аз шығындар, ішкі механикалық және климаттық әсерге тұрақты болуы, сенімділік. Қосымша уақытша байланыстарға қойылатын талап: қайталап қосуда параметрлерінің өзгермеуі.
Оптикалық магистральды монтаждауда тұрақты байланыстырушы қолданылады. ОК-нің бір мекемеде немесе аудандарға енгізу үшін коннекторлар қолданылады, ал коннектор уақытша байланыстырғыштарға жатады.
ОК-нің байланыстыру мынадай жағдайда орындалады: байланыстыру басында екі талшық керек, талшықтың беткі қабатын, қорғанысын жою үшін химиялық және механикалық тазалау жүргізіледі. Химиялық тазалауға бояулар қолданылады, құрамында метиленхлориді қосылған.
Механикалық тазалау талшықтарды дайындауда кең қолданылады. Құрылғылар қатарында аналогты құрылғылар қолданылады. Талшықтарды тазарту үшін құрғақ мата немесе спиртпен сүртілген мата қолданылады.
Талшықтың жарамайтын немесе сынығы барларды шыңдану деп атайды. Сынық пайда қылу үшін алмазды кескіш қолданылады. Сынық пайда болғанда талшық созылады, ұзындығы ұзарып, шыңданады. Бұл екі операцияны да арнайы құрылғылар көмегімен орындалады. Қорғанған талшық құрылғыда рычагқа күш түсіріп талшықты зақымдайды, қысып және созып қыстырғыштармен сындырады. Шыңдану сапасы шыңдау құрылғысына байланысты және оператор іскерлігінен тікелей байланысты. Жаман шыңдау көп зиян алып келеді, тегіс немесе толқындық әсерлері болады, қолдануда үлкен шығындарға алып келеді.
Монтажды пышақпен ішкі полиэтиленнің қабығын ОК-де өшіріп, оптикалық талшықтың модулін табады. Гидрофобты толықтырғышты өшіріп, модульді бензинге жуып және оның ескі құсқысын сүрту керек.
Кабельдің муфтылы кірісіне ОК-ге ұзындығы 2 м дейін кіргізеді. ОК-дің күшті элменттеріне сәйкес келетін тіреулердің муфта түріне ілгішіне қатайтып қояды. Күш беретін элементтердің артықтарын қашықтату керек:
арнайы аспаптар арқылы 1м ұзындықта модулдерді қашықтатып, оптикалық талшықтарды жұқартады. Майлықпен суланған бензинді, гидрофобты толтырғыш оптикалық талшықтың бетінен қашықтату. Оптикалық модульдің соңын кассеттаның қатайтып қойған орнына қатайту керек.
оптикалық модуль түрімен қорғау жабу түсімен әйнек талшықтарына сәйкес келетін оптикалық талшықтарын құрылыс ұзындықтарын дәнекерлеуге арналған құрылғымен қосады. Бір жарық өткізгіштерге дәнекерлеу қорғанышына арналған жинақ гильзасын кигізеді. Стриперрамға 60мм ұзындыққа лайықты оптикалық талшықтың қорғағышын қашықтатады. Майлықпен сулы спиртте кварц жарық өткізгіштерін суын сүрту керек.
скалға арналған құрылғыға бір оптикалық талшықты жатқызу керек, скалдан кейін қорғалған жарық өткізгіштің жартысы 20 мм ұзындықта болу керек. Жарық өткізгіш скалы және дайын оптикалық талшық ақпарат қысымын жартылай өткізгішті дәнекерлеуге қатайтып қою керек. Қисаларсыз мына талшық тиісті анықталып, электродтардың симметтриялық салыстырмасы және шеттер аралықтары 1мм болу керек.
аналогты операциялар ды екінші оптикалық талшық өткізеді. Егер қанағатсыз оптикалық талшық дайындау сапасы дәнекерлеуге келмесе, онда даярлайтын операцияларды қайта қайталауға тура келеді.
эксплуатациялық аппаратуралардың инструкциясын бақылау бойынша дәнекерлеу жасау. Егер де дұрыс жалғанбаған жағдайда оптикалық талшықпен дайындық жұмыстарын және дәнекерлеуді қайта жасау керек егер де орташа нәтижесінде дәнекерленген талшықтарды аппарат қысымынан суырып алу, дәнекерлеу кезінде КДЗС көмегімен гильза кигізу керек, ал жарық өткізгіштің қоршағышы ең кемінде әр жаққа 10 мм кіріп тұру керек. Осыдан соң гильзаны талшықпен ірге пісіреді, термоусадканың гильзасы және талшықтарда механикалық функциясы болады.
Соғу мен полировка жасағаннан кейін талшықты микроскоппен немесе он еселі лупамен тексеру қажет. Сәйкессіздік болған жағдайда қайтадан соғу немесе полировкадан өткізеді.
Оптикалық талшықтардың жетілуі далалық аймақта дәнекерлеу әдісімен жүзеге асады.
Дәнекерлеу талшықтарды жанынан қыздырып, бір-бірімен біріктіруге негізделген. Қыздырудың қорек көзі ретінде электродтардың арасында туындайтын электрлік доға немесе лазер, газдық жанғыштың жалыны пайдаланылады. Бұлардың арасындағы ең кең қолданысқа енгені – электрлік доға болып табылады, себебі ол әр түрлі жағдайда жұмыс істеу мен қыздыру шамасын басқаруға мүмкіндік береді.
Дәнекерлеудің сапасы электродтардың ара қашықтығы, алдын-ала балқытылған уақыты мен дәнекерлеу уақыты, электрлік доғаның тогы мен тығыздау ұзындығына байланысты анықталады.
Қазіргі заманғы дәнекерлеу құрылғыларының бірқатарында дәнекерлеу процесін автоматты түрде жүргізетін микропроцессорлар орнатылған. Сондай құрылғылардың қатарына «Sumitomo type 35 SE» фирмасының ұсынған дәнекерлеу аппаратын жатқызуға болады.
Мұндай аппарат автоматты және қолмен жұмыс істеу жағдайында талшықтарды дәнекерлеуге мүмкіндік береді, дәнекерлеу алдында талшықтарды тестілейді, талшық бетінің сапасын тексереді, жұмыс істеудің оңтайлы параметрлерін орнатады, талшықтарды біріктіруде орын алатын жоғалтуларды есептейді, және, қажеь болған жағдайда, дәнекерлеуді қайта жүргізеді. Бұдан басқа аппарат бірмодты әйнек талшықтарын 0,01 дБ жоғалтуымен дәнекерлеуге мүмкіндік береді. Мұндай аппаратты қолдану келесі екі мақсатқа жетуге жол ашады: дәнекерлеудің жоғарғы сапасы және дәнекерлеуді жасаудың жоғары жылдамдығы.
Оптикалық кабельді монтаждау қосылу муфталарында жүзеге асырылады. Бұл шараларды келесі тәртіппен жүргізіледі:
Оптикалық кабельдердің ұштарын бензинге малынған мата көмегімен 3 м ұзындыққа дейінгі кабель бөлігін сыртқы ластанулардан тазалайды. Монтаждау құрылғыларының құрамына кіретін тістеуік пен қарапайым ара көмегімен оптикалық кабельдің екі жағынан да 1 м-ден кесіп тастайды. Содан соң муфтаны ашып, оның механикалық бекітілуіне бөгет болатын кассеталар мен өзге де элементтерді алып тастау керек. ОК-дің ұшынан екі метр қашықтықта оптикалық кабельде муфтаның бекітілу орыны таңдап алынады. Муфтаның бекітілу орны (ұзындығы 15-20 см) толықтай майлардан тазалануы керек.
Монтаждау құрылғысы көмегімен ОК-дің 2 м ұзындықта сыртқы полиэтиленді қабықшасын алып тастап, сыртқы күштеу элементтерін шығару қажет. Монтаждау пышағымен оптикалық кабельің ішкі полиэтиленді қабықшасын алып тастау керек.
Арнайы құрылғылар көмегімен оптикалық кабельдердің модульдерін 1 м ұзындыққа дейін алып тасау керек. Бензинге малынған майлықпен гидрофобты толтырушыны оптикалық талшықтардың бетінен сыпырып тастайды. Оптикалық кассета модульдерінің ұштарын кассетада бекітеді.
Оптикалық модульдің түсіне сәйкес біріктірілетін оптикалық талшықтар таңдап алынады. Стриппер көмегімен 60 мм ұзындыққа дейінгі талшықтың бөлігінің қорғаныс қабаты жойылады, нәтижеінде жалғыз-ақ кварцты талшықты жарық өткізгіштің өзі ғана қалады. Бензинге малынған майлықпен кварцты жарық өткізгіш толықтай тазалануы тиіс.
Біріктірілетін (дәнекерленетін) оптикалық талшықтардың біреуі кескіш құрал көмегімен қысқартылады, қысқартылған қорғалмаған талшықтың ұзындығы шамамен 20 мм болуы тиіс. Содан соң жарық өткізгіш, яғни оптикалық талшық жарық өткізгішті дәнекерлеуге арналған құрылғыға орналастырылады, біріктірілетін екінші талшық та аталған процестерден өткеннен кейін дәнекерлеуші құрылғыға орналастырылып, екі талқыш дәнекерлеу әдісімен біріктіріледі.
Оптикалық талшықтардың көп ретті қосылуы кезінде талшықтарды тексеру, оларды жарық көзіне қосу және жалғау, құрылғылардың конфигурацияларын өзгертуді жүзеге асыратын коннекторлар қолданылады. Конненкторларды қолданбас бұрын талшықтарды тазалайды.
Бір талшықты қосатын коннекторлар штекер және қосушы бөліктерден тұрады.
Коннекторлардың ең кең тараған бес түрі бар: SMA, биконикалық, ST, FS и D4.
