2.3. Аймақтық нозоареал түсініктері
Белгілі бір науқастың аумақта таралуын нозоареал деп атайды.
Түрлері: Әлемдік және аймақтық нозоареал.
Әлемдік нозоареал деп науқастың бүкіл дүние дүзінде таралуын айтамыз. Мысалы, туберкулез, бруцуллез, дизентерия, грипп, вирусты гепатиттер және т.б. Жер шарының барлық жерінде кездеседі.
Аймақты нозоареал дегеніміз аурудың кейбір шектелген аумақта таралуы. Мұндай табиғи-ошақтық зоонозды инфекцияларға тән. Дегенмен кейбір антропоноздардың таралуы белгілі бір аумақпен шектеледі. Мысалы, тырысқақ ошақтары Оңтүстік шығыс Азия аумақтарымен шектеледі, өйткені осы жерлерде тиісті әлеуметті жағдай тырысқақ қоздырғышының өсіп өніп, таралуын ыңғайлы болып саналады.
2.4. Эпидемиялық процестің жылдық, маусымдық көрінулері
Жұқпалы аурулардың көп жылдық және бір жылдық серпілісін зерттеу эпидемиялық процестің көрінуін сипаттауда маңызды орын алады.
Сырқаттанушылықтың көп жылдық серпілісінде эпидемиялық тенденция, циклдік және тұрақты көтерілу және төмендеу сияқты өзгерістер болады.
Эпидемиялық тенденция эпидемиялық процестің көп жылдық дамуындағы қарқынды өзгерісінің негізгі бағытын көрсетеді. Ол сырқаттанущылықтың тұрақтылығын, жоғарылағанын немесе төмендегенін сипаттайды. Эпидемиялық тенденцияның осы үш түрі эпидемиялық процестің реттелу динамикасының жағдайын сипаттайды.
Циклдік көріністер көп жылдық серпілісінде халықтың сырқаттанушылық деңгейінің тұрақты түрде ауытқуын сипаттайды. Әр түрлі жағдайға байланысты кейбір нозологиялық түрлерде кіші, орташа және үлкен циклдер кездеседі. Олардың ұзақтылығы 2-5, 7-15, 20, тіпті одан да көбірек жылдар болуы мүмкін. Мысалы, менингококк инфекциясында сырқаттанушылықтың циклдік ауысуы 15-20-30 жылға созылуы мүмкін. Вирусты А гепатитінің жалпы ауытқу циклі 5-6 жыл, ал Орта Азияда ол 2-3 жыл.Оның себебі мынада: бұл науқаспен ең алдымен жас балалар ауырады, оларды өмірлік иммунитет пайда болады. Келесі иммунсыз халық тобы (балалар) құрылғанша, жоғарыдағы келтірілген жылдар аралығы өтеді. Осы циклдің Орта Азияда жиі болатын себебі: иммунсыз балалар тобының тез жиналуы және нәжіс-ауыз арқылы жұғу механизмінің қарқынды болуы.
Эпидемиялық процестің көрінісінің жылдық серпілісі аз циклділік ауытқуымен сипатталады. Ондай аз ырғақтықайталану циклінің бір жылдық ішіндегі көрінісін маусымдық деп атайды. Сырқаттанушылықтың осы жылдың белгілі бір айындағы маусымдық көтерілуі мен оның келесі жылдың оыс айындағы маусымдық көтерілуінің аралығын эпидемиялық жыл деп атайды.
Маусымдық көрініс ретінде аэрозольді антропоноздардың қысқы мезгілінде көтерілуімен ішек антропоноз инфекцияларының жазғы мерзімде көтерілуін айтады.
Эпидемияның пайда болуын уақыттық белгімен талдаған кезде оның қарқынды және созылмалы деп бөледі.Әдеттегі күшті эпидемия бір мезгілде жұққанда болады.Алғашқы ауру инкубациялық мерзімнің барынша аз кезінде,соңғы ауру барынша көп кезеңінде байқалады.
Эпидемиялық аумақтың белгісімен талдағанда:жергілікті (белгілі бір аумақтық және халық тобын қамтыған) және кеңейтілген (қосымша аумақтық және халық топтарын қамтыған) түр деп бөледі.Даму қарқыны бойынша тез және жай өтетін түрлері болады.
Әрбір инфекцияның эпидемиялық процестерінің ерекшеліктерін, маусымдық мезгілдерін, жұғу жолдарын біле отырып, біз түрлі алдын алу шараларын өткізу арқылы адамдарға жұғу, пайда болу қаупін азайтамыз.
Тәжікстан елінде тұрғындардың полиомиелитке шалдығуының қолайсыз жағдайы орын алды. Індеттің сырттан әкелініп таралуын болдырмау үшін облыста шаралар жүргізілуде.
–– Республиканың барлық аумақтары сияқты Жамбыл облысында да көптеген жылдардан бері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының барлық әлемде полиомиелитті жою бойынша жүргізіліп жатқан бағдарламасы жүзеге асырылуда, нәтижесінде 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросы Қазақстан Республикасы аумағында жабайы полиовирус айналымының жоқ екені туралы қорытынды берді, сонымен біздің еліміз полиомиелиттен бос аумақ ретінде сертификатталды. Облыста жабайы штамм себеп болған полиовирус соңғы рет 1992 жылы тіркелген болатын.
Қытай мен Өзбекстандағы демографиялық өсімі де болашақта аймақтың бас ауруына айналуы мүмкін. Қазір өзбек билігі еңбекке қабілетті азаматтарының көпшілігін жұмыспен қамти алмауда. Жұмыссыздар Қазақстан мен Ресейге ағылып жатыр. Егер Өзбекстан билігі жұмыссыздық мәселесін қазірден бастап шешпесе, кейін қиын жағдайға тап болуы мүмкін. Өзбекстандық келімсектердің Қазақстан мен Ресейден әріге асып жұмыс істеуге қабілетсіз. Сондықтан бұл мәселе Орта Азия елдерінің мазасын қашырып тұрған жайы бар, – деді Камал Бұрханов
Эпидемиялық процестің көрінуін зерттеуде халықтың қандай топтарында сырқаттанушылықтың жиі немесе сирек кездесетінін анықтаудың маңызы зор. Бір аумақтың ішінде белгілі бір аурумен сырқаттанушылық әртүрлі топтардаәрқалай болып келеді. Оның себептерін анықтау, қарсы шараларды алдын ала атқару үшін қажет.
Сырқаттанушылықтың әртүрлі топтардағы мөлшерін анықтау кезінде оларды жасына, кәсібіне, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған топтарға жататынына, халықтың тығыздығына, санитарлық жағдайына, иммундығына, алдын ала жұқпаларға қарсы егілуіне баса көңіл бөлінеді.
