Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бекназар Н..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
31.61 Кб
Скачать

Астана Медицина Университеті” АҚ

Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы

Орындаған: Бекназар Н.

Топ: 316 ЖМ

Тексерген: Мусин Б.С.

Астана 2014 ж.

Жоспары

І. Кіріспе

1.1. Эпидемиологиялық процесс туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Эпидемиялық процестің көріну заңдылықтары

2.2. Эндемиялық және экзотикалық сырқантанушылық

2.3. Аймақтық нозоареал түсініктері

2.4. Эпидемиялық процестің жылдық, маусымдық көрінулері, Эпидемиологиялық процестің аумақ және уақыт бойынша көрінуі.

Қазіргі кездегі сипаттамасы.

III. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер

І. Кіріспе

1.1. Эпидемиологиялық процесс туралы түсінік

Эпидемиялық прооцесс – тізбекті заңдылықтармен бірінен соң бірі ізінше біріншісінен келесісі пайда болатын өзіндік инфекциялық жағдай (ауру немесе тасмалдаушы) немесе эпидемиологиялық ошақтар.

Эпидемиологиялық процестің қарапайым негізі инфекция қоздырғышының көзі, берілу механизмі мен қабылдағыш халық болып саналады.

Эпидемиологиялық процестің ішкі реттелу заңдылықтары, яғни қоздырғыш пен ие арасындағы әрекеттестік неше түрлі сыртқы көрінісімен сипатталады. Эпид процестің осы қырына Л.В.Громашевский көп көңіл бөлген. Ол табиғи мен әлеуметттік процестерді эпид процестің қосымша қозғаушы күші деп санаған. Эпид процестің сан мен сапа жағынан өзгеруі де дәл осындай. Бұл әлеуметтік табиға процестердің сан мен сапа жағынан өзгеруіне тікелей байланысты деп тұжырымдады.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Эпидемиялық процестің көріну заңдылықтары

Э пидемиялық процестің көрінуі

 

Интенсивтілік

 

Уақыт бойынша таралуы

(қауіп уақыты)

 

Аймаққа таралуы (қауіп аймағы)

 

Халықтың әр түрлі топтарының арасында таралуы

(қауіп қатер тобы)

Эндемиялық сырқаттанушылық деп табиғи және әлеуметтік жағдайға байланысты оыс жерде тұрақты қалыптасқан ауруларды айтамыз,

Экзотикалық сырқаттанушылық деп қоздырғышты басқа жерден әкелгенде, осы жерге тән емес аурулардың пайда болуын айтамыз.

Эпидемиялық сырқаттанушылықты кең мағынада осы науқастың жалпы болуын айтады, ал тар мағынада оның сырқаттанушылықтың белгілі деңгейден (спорадиялық деңгейден) артық болуын немесе оның бұрын оның осы жерде болмай, жаңадан пайда болуын айтамыз. Осы тұрғыдан қарағанда экзотикалық сырқаттанушылықты әр уақытта эпидемиялық деп айтуға болады. Мысалы, 1999 жылы Алматы қаласында аздаған уақыт ішінде іш сүзегімен 29 адам ауырды, Бұл жағдайды Эпидемиялық сырқаттанушылық деңгейі деп, осы қалада 20-100 адам гепатиттің А түрімен ауырса, оны спорадиялық сырқаттанушылық деп атайды. Дәл осындай сандық мөлшерлердегі сырқаттанушылық белгілі бір бала бақшасында тіркелсе, бұл жағдайды эпидемия деп айтуға болады. Егер осынша мөлшерде ауру қысқа уақыт ішінде дәл осы жерде болса, оны эпидемиялық бұрқ ету деп атайды.

Эпидемиялық процестің көрінуін сандық анықтау тәсілдері арқылы сипаттауға болады. Бұл нақты аурудың түрлеріне мінездеме беруде пайдаланылады. Оларға жататын көрсеткіштер: сырқаттанушылық, өлім-жетім, мүгедектік, преваленттілік (тиімсіздік), жұмыс қабілетін жоғалту, экономикалық зардап, т.б. Олардың сандық көрсеткіштері пайызбен, белгілі халық санына шаққан санмен, ақшаның мөлшерімен және т.б. көрсеткіштермен сипатталады.

Эпидемилық процестің көрінуін зерттеу негізінде сырқаттанушылыққа әсер ететін әр түрлі факторлар туралы ұғвмдар қолданылды. В.Д.Беляков осы ұғымдарға төмендегілерді жатқызады:

Қауіп-қатерлі аумақ;

Қауіп-қатерлі топ пен ұжымдар;

Қауіп-қатерлі уақыт.