- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Ревматизм.
Ревматизм - созылмалы инфекциялық-аллергиялық ауру. Көбіне 7-15 жас аралығындағы балалар ауырады. Дәнекер тіні зақымданады, әсіресе жүрек, қан тамыр, буындардың.
Себептері:
β-гемолитикалық стрептококк. А тобы [баспа, тонзилит, тіс құрты, гайморит, фарингит, ЖРВИ (стрептококкпен байланысты болса), стрептодермия т.б.]
2-4 апта өткесін дамиды-ревматизм, немесе оның қайталануы-рецидив.Стрептококк микробының бойында 20-дан астам антиген, фермент, эндотоксин бар. Ревматизмге алып келетіні – стрептолизин – 0; фибринолизин, М-антиген т.б.
тұқым қуалайтын бейімділік
Патогенезі: микроб немесе оның токсиндері→дәнекер тініне→негізгі зат пен коллагенді ыдыратады→фермент жүйесі бұзылады→қан тамыр қабырғасының өткізгіштігін өсіреді.
Патоморфология:
мукоидтық ісіну
б. фибриноидтық ісіну
в. гранулямалар пайда болуы
г. Склероз
Жіктелуі: Фазасы:
өршіген (активность) – I, II, III дәрежелі
Өшкен (не активный)
Клиникалық-анатомиялық сипаттамасы:
А. Өршіген фазада
Жүрек зақымданса
1. Ревмокардит біріншілік қақпақшалар ақаусыз
2. Ревмокардит қайталанған (қақпақша ақауы бар, қандай)
3. Ревматизм жүректе белгілі өзгеріс жоқ
Басқа жүйелер зақымданса
Полиартрит, серозиттер (плеврит, перитонит т.б.)
Хорея, энцефалит, церебральдық васкулит
васкулит, нефрит, ирит. Иридоциклит, гепатит
Б. Өшкен фазалар
1. Миокардиосклероз
2. Жүрек ақауы (қандай)
Ағымы: жедел (2 ай), жеделдеу (2-4 ай), созылыңқы, солғын (4 ай), толассыз қайталайтын.
Қан айналыс бұзылысы:
ҚБ жоқ
ҚБ I дәрежелі
Қб II дәрежелі
Қб III дәрежелі
Диагноз қойғанда осы жіктелуге қарай қояды. Мысалы: ревматизм біріншілік, өршіген фаза, II дәрежелі өршу, эндомиокардит, полиартрит, жедел ағымды, ҚБ І.
Клиникасы: ревматизммен көбінесе мектеп жасындағы балалар ауырады. Аурудың бірінші шабуылы көбінесе қатты түрде басталады: әлсіздік, дене қызуы жоғары, интоксикация белгілері, буын ісу белгілерінен полиартрит не арталгия пайда болады. Полиартриттің ревматойдты артриттен айытмашылығы: ірі буындар қабынады (тобық, тізе, шынтақ), олардың симметриялы зақымдалуы, ауру белгілерінің тез басылуы, тиісті ревматизмге қарсы дәрі қолданғанда азайып жойылады, буынның қабынуы ауыр болсада ешқандай өзгеріс қалмайды. Полиартриттің белгілері: ісіну, қызару, ауыру, буын ыстығының жоғарлауы, қимылының бұзылуы. Ауырған балаларда 80-85% полиартрит өокен соң жүректің қабыну белгілері шығады – кардит, көбінесе миокардит – хал жағдайы нашарлап, өңі бозарады, жүректің соғуы жиілеп, ауру сезімі, ентігу басталады. Жүрек көлемі үлкейіп, тахикардия, брадикардия, экстросистолия, тондар әлсіреп, систолалық шу пайда болады. Тиісті ем қолданбаса 1-2 апта өткенде эндокардит белгілері шығады – қақпақшалар зақымданып, жүрек ақауы пайда болады. Ең жиі зақымданатын – митралдық қақпақша. Негізгі белгісі – қатты естілетін, үрлеген сарынды систолалық шу жүрек ұшында. Миокардтың зақымданғанын ЭКГ, ЭХОКГ арқылы анықтаса, қақпақшалардың зақымдануын ФКГ-мен анықтайды. Балаларда соңғы уақытта жиі кездесетін ревматизмнің түрі – хорея. Кіші хореяда нерв жүйесінің, қыртыс астындағы түйіндер, глия тіні зақымданады. Көбінесе ауыратын 5-10-14 жастағы балалар, жиі ер балалар. Кіші хорея жедел басталады, дегенмен белгілірінің көбі созылмалы түрде дамиды. Ауырған баланың жүйке жүйесінің жұмысы бұзылады. Гиперкинездер пайда болады, гемихорея түрінде, яғни оң не сол жақ қол мен аяқтың керексіз, шамадан артық қимылдары пайда болады, қолына зат ұстай алмайды, аяғын сүйрете басады, бет аузы жыбырлап, сөзінің анықтығы, жазуы бұзылады, қимылы дәлдігі кетеді, бұлшық еттер әлсіз (гипотония), гипорефлексия, эмоциялық беріксіздік, селқостық, ұмытшақтық, шаршағыштық шығады. Хорея 2-3 айға созылады. Дер кезінде берілген ем аурудың барлық белгілерін толық жояды. Көбінесе кіші хореямен ауыратын балада кардит кездеспейді. Балаларда ревматизмдік энцефалит, менингит сирек кездеседі. Балалар арасында ревматизмнің қайталамалары (рецидивтер) жиі кездеседі, сондықтан әрбір келесі рецидивтер жүрек клапандарына әртүрлі ақаулар түсіреді.
Өте жиі кездесетін ақаулар:
Митралдық қақпақшаның жетіспеушілігі
Митралдық тарылу
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Қолқа стенозы
Диагнозы: ревматизм диагнозын қою үшін Нестеров жасаған критерийлерді қолдану жөн. Олар негізгі (үлкен), қосымша (кіші) критерийлерге бөлінеді.
Негізгілері:
кардит
полиартрит
хорея
анулярлық эритема
тері астындағы түйіндер (узелки)
ревматизмдік анамнез
байқау емі
Қосымшалары:
клиникалық – дене қызуы, әлсіздік, шаршағыштық, терінің бозаруы, терлегіштік, атралгия;
лабораториялық – лейкоцитоз, диспротейнемия, СОЭ, ЭТЖ, С-реактивті белоктың шығуы, ЭКГ, ФКГ, ЭХОКГ.
Осы критерийлердің негізгілерінің екеуі қосымшаларының екі-үшеуі бар болса ревматизм диагнозын анық деп есептеуге болады.
Емдеу: Ем сатылы:
ауруханада
емханада
санаторияда
диспансер бақылауында (үнемі)
Өршіген фазасында ауруханада емдеу комплексті түрде жүргізеді:
төсек режимі
диета №5
төсекте ем гимнастикасы, қимыл-қозғалыс режимдерін тағайындау
дәрі-дәрмекпен емдеу, а/б (пенициллин, ампицилин, эритромицин) 10 күн, кейін бицилинмен ауыстырамыз.
созылмалы ошақты емдеу
Медикаменттік ем үш бағытта жүргізілуі тиіс:
стрептококке қарсы
қабынуды басуға
иммундық патологияны басуға
Стрептокке қарсы – пенициллин 20-25 мың өлшеммен тағайындалады 10-14 күн, араға күн салмай бицилин 1-5; 25-40 мың өлшемнен, пенициллинге реакциясы болса, онда эритромицин т.б. (ампицилин, бицилин қабылдауға болмайды).
Қабынуға қарсы – аспирин 0,2-0,25 гр, әр жасына 3-4 ретке бөлініп беріледі, 4-6 апта бойы, кейін емдік мөлшердің жартысын тағы 4-6 аптаға созады. Индометацин, ортофен, вольтарен, бутадион – бұл дәрілер стеройдтық емес деп аталады. Ревматизмнің ІІ,ІІІ дәрежесінде стеройдтар қолданады – преднизалон 1-2 мг/кг тәулігіне 3-4 ретке бөліп береді – ұзақтығы 4-5 апта. Ревматизмнің баяу өтетін түрінде стеройдтар және стеройдтық емес дәрілердің көмегі аз болуы мүмкін. Осындай жағдайда хинолин дәрілерін қолданады (резохин, хлорохин, делагил) 5-10 мг/кг. Хореяда: бром препараттары, витамин, седуксен, триоксазин, элктр тогымен ұйықтату, NaBr мойынға электр фарез.
Иммундық патологияны басуға – супрастин, димедрол, тавегил, кеотифен, аскорутин, рибоксин т.б., витаминдер. Орта есеппен алғанда бірінші рет ауырған баланы 45 күн емдейді, екінші рет ауырған баланы 60 күн емдейміз.
Профилактикасы: бірінші және екінші реттегі профилактикаға бөлінеді. Бірінші ретті (алғашқы) профилактикаға ревматизммен ауру қауіпті топқа жататын балаларды аламыз, уақытылы шынықтыру, күн тәртібін ұстау, ошақтарды емдеу (тіс, тонзилит).
Диагноз:
анамнез (стрептококктық инфекция)
шағымдары
клиникалық белгілері (негізіг, қосымша)ъ
объективті қарау
лабораториялық (ЭТЖ, С-р+++; дсипротеинемия, АСЛО жоғары)
ЭХОКГ, ФКГ
Асқынулары:
ЖБЖА (жүре біткен жүрек ақаулары)
митральды қақапақшаның жетіспеушілігі
митральды қақапақшаның жетіспеушілігің стенозы (тарылу)
қолқа қақапақшасының жетіспеушілігі
қолқа қақапақшасының жетіспеушілігің стенозы т.б.
ҚБ (қан айналысының бұзылуы)
