- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Қан айналым органдарының аурулары.
Жаңа туған нәрестенің жүрегінің салмағы 16,5-25 г, яғни салмаүғының 0,6-0,8% құрайды, ал ересектерде ≈0,5%, нәрестенің жүрегеінің салмағы 1 жаста 2 есе, 2-3 жаста 3 есеге өседі, 16 жасында 240 г жетеді.
2 жастаға балада жүрегі жоғары және көлденең орналасқан, екі жастан кейін баланаңы жүруіне, өкпесі мен көкірек сарайының өсуіне және диафрагмасының (кеуде көкеті) төмен түсуіне байланысты жүрек «қисық»- көлденең орналасу кейпін алады.
Артериялар мен веналар енді (тең), 1:1 капиллярлары жақсы дамыған. Осының бәрі қан айналымын жеңілдетеді.
Пульс- артерия қабырғасының ырғақты қозғалысы. Ол балаларда тез өзгергіш, бұған баланың қозғалысы, жылауы, айқайлауы, емуі, т.б. әсер етеді.
Тамыр соғысының жиілігі (1 минуттағы):
жаңа туған балада – 140-160 рет
6 айда – 130-135 рет
1 жаста – 120 рет
5 жаста – 100 рет
8 жаста – 90 рет
10 жаста – 85 рет
12 жаста – 80 рет
Пульс - бала тыныш (ұйқы) кезінде анықталады, ол кезде пульс 20 одан да көпке азаяды.
Қан қысымы балада үлкендерге қарағанда төмен, нәрестеде 70-74 мм. сын.бағ. (50-58 см), 1 жаста 80-85 мм. сын.бағ. Ал 1 жастан кейін Молчанов фориуласы бойынша анықтайды: 80+2·n (n- бала жасы ). Диастолық қысым систоликалық қысымның 1/2 немесе 2/3 бөлігін құрайды.
Салыстырмалы шекара. Кесте
Жүректің тексерілетін жақтары |
0-2 жас |
2-7 жас |
7-12 жас |
Сол жақ |
1,5-2 үрпі сызығы сол жаққа қарай тыс. |
1,0-1,5 см тыс үрпі сызығы |
үрпі сызығы бойында |
Оң жақ |
оң жақ парастернальды |
кішкене ішіне қарай парастернальды сызықтан |
төстің оң жақ қырына жақын |
Жүректің ұшының түртісі |
IV-қабырға аралық 1-2 см тыс сол жақ үрпі сызығынан |
V-қабырға аралық 1 см тыс сол жақ үрпі сызығынан |
V-қабырға аралық 0,5-1,0 см ішке қарай үрпі сызығынан немесе үрпі сызығы бойында |
Іштен пайда болған жүрек ақаулары. ІБЖА
«Іштегі дамуда пайда болған жүрек-қан тамырларындағы анатомиялық бұзылыстары».
жүректің оң және сол бөлімдерінің арасында
магистральдық ірі қан тамырлар ортасында
клапандық аппараттарда
Себептері:
хромосомалық бұзылыстар
гендік мутация
сыртқы ортаның әсерлері: маскүнемдік, дұрыс тамақтанбау, радиация, рентген, дәрі-дәрмектер.
- инфекциялар:
- қызамық
- тұмау
-мысқыл әсіресе бірінші 3-ай, себебі вирус имбрионалдық тканде жақсы дамуы деп есептелінеді
- анасының жасы
- тұқым қуалаушылық
ІБЖА – балалар арасында көп таралған, іштен туа біткен барлық ақаулардың арасында 30%-ке жуық орын алады, түрі 200-ден аса. Туған әр баланың 3-8-і ІБЖА-мен туылған. Қазақстанда 15 жасқа дейінгі балалар арасында ІБЖА саны 10 мың төңірігенде.
ІБЖА:
Цианозсыз:
қан солдан оңға түседі
(ЖАПД; ҚАПД; ААТ)
Қолқа коарктациясы
өкпе артериясының жеке стенозы
декстрокардия т.б.
Цианозбен:
магистралдық қан тамырларының транспозициясы
Фалло ауруы:
а) Тетрадо:
өкпе артериясының стенозы
жоғары орналасқан ҚАПД
қолқа оңға ығысқан транспозиция
оң қарынша гипертрофиясы
б) Пентадо:
өкпе артериясының стенозы
жоғары орналасқан ҚАПД
қолқа оңға ығысқан транспозиция
оң қарынша гипертрофиясы
ЖАПД
в) Триадо:
өкпе артериясының стенозы
қолқа оңға ығысқан транспозиция
оң қарынша гипертрофиясы
Клиникалық белгілері: әр түрлі, ақаудың ерекшелігіне, компенсация дәрежесіне, асқынуларына байланысты (цианоз, ентігу, шу жатады, жүресінен отырады, жүрек шекарасы кеңейеді, діріл систолалық ).
ІБЖА-ның үш фазасы бар:
1 фаза – алғашқы адаптация. Гемодинамикалық бұзылыс көп болмаса, клиникалық белгілері аз. Ал гемодинамикалық бұзылыс басталса миокард гиперфункциясы байқалады: ентігу (емгенде, жылағанда, еңбектегенде, ойнағанда), жүрек соғу, тез шаршайды, жиі пневмония өкпедегі гипертензияға байланысты болады (ақаудың түрі, көлемі?).
Бір жастан асқан соң, ақауы бар балалардың хал жағдайы едәуір жақсарып, қан, газ алмасу бұзылыстарына организмі бейімделіп алады. Бұл 2 фаза – салыстырмалы компенсация. Бұл кезде кейбір белгілері азайып, баланың дамуы жақсара бастайды. Егер осы кезде тиісті ем жасалмаса біраз уақыттан соң ақаудың 3 – терминалды фазасы келеді. Бұл фазада компенсаторлық мүмкіншіліктер сарқылады, жүрек, өкпе, т.б. ағзаларда дистрофиялық-дегенеративті өзгерістер әбден өрбиді.
ІБЖА диагнозын анықтаудың бес сатысы бар:
Балада ІБЖА бар екенін дәлелдеу
Негізгі гемодинамикалық бұзылыстарды анықтау
Ақаудық анатомиялық орналасқан жерін табу
Ақаудың фазасын анықтау
Дамыған асқынуларды анықтау
Диагнозын анықтау үшін білу керек:
Клиникалық белгілерін:
ентігу
шаршау
цианоз
жүрек шекарасы жоғары
систолалық-диастолалық шулар
кеуде сүйегінің деформациясы
саусақ, башпай ұштарының домбығуы
тырнақтары көк, «сағат әйнегі» тәріздес
коарктацияда: қолда Қ/Қ жоғары; аяқта
Рентген
ЭХОКГ
Катетерлеу
Ангиография
Асқынулары:
Жүрек жұмысының жетіспеушілігі
Пневмония-өкпе гипертензиясы
бактериоцидті эндокардит
Аритмия
Тромбоэмболия
1 жасқа дейін өлім
Емі:
кардиохирургия орталығында операция.Диспансер-ревматологта, күтім, тамақтандыру, салқын тигізбеу, таза ауа.Егер компенсация бұзылмаса рұқсат.операциядан бұрын кардиолог бақылауына алу.
