- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Кіндік аурулары
Кіндік жарасы асептика мен антисептика тәртібін қатал сақтауды қажет етеді. Кіндік маңының қабынуын омфалит деп атайды. Омфалиттің мынандай түрлері бар:
а) Суланған (катаральный омфалит)- кіндік сақинасы өзгермеген, кіндік жарасы көпке дейін жазылмай одан қанды су шығып тұрады. Кейде кіндік жарасы қабыршақпен жабылып, терінің айналасы аздап қызаруы мүмкін.
Емі: алдымен сутегі асқын тотығымен өңдейміз,содан соң бриллиант жасыл ертіңдімен өңдейміз.
б) Флегманозды омфалит- қабыну процессі кіндік айналасына және оның маңындағы тканьдерге таралуымен сипатталады. Кіндік маңының терісі қызарып ісінеді,кіндік аймағы шығып,кейде жара пайда болады,кіндік сақинасын басқанда ірің шығуы мүмкін.Баланың жалпы жағдайы нашарлайды,дене қызуы көтеріледі,диспептикалық бұзылыстар болады.
Жергілікті ем: хирургиялық операция, вешневский майын салу,сонымен қатар витамин, антибиотиктер тағайындап, керек болса плазма, қан құю.
Нәресте сепсисі
Сепсис дегеніміз - қабыну ошағынан микроорганизмдердің қанға, қан немесе лимфа жолдары арқылы үнемі, немесе оқтын- оқтын түсуіне байланысты дамыйтын патологиялық жағдай.
Сепсистің қоздырғышы:
- әр түрлі микроорганизмдер
- көбіне стафилококтар
Ұрыққа және нәрестеге анасының жүктілік кезіндегі әр түрлі аурулары қауіп тудырады, себебі бұл жағдайлар ұрықтың имунитетінің әлсіреуіне әсер етіп ,оған іште (жатырда) жұқпалы аурудың жұғуына себепші болады.
Инфекция өтетін қақпалар:
- кіндік жарасы.
- кіндіктің қан тамырлары
- зақымданған тері қабаттары (тері аурулары)
- тыныс алу,ас қорту жолдарының шырышты қабаттары.
- көз канюктивасы(конъюнктивит) т.б.
- ұзақ сусыз кезең
- аяғы ауыр әйелдің созылмалы инфекция аурулары
Инфекцийның кіру қақпаларына байланысты сепсисті мынандай түрлерге бөледі:
- кіндік сепсисі (омфалит суланған кіндік)
- тері сепсисі (пиодермия, іріңді бөртпе т.б.)
- отогендік сепсис (құлақтың қабынуы-отит)
Кіндік ауруының дамуына нәрестелік кезеңде, күту барысында санитарлық ережелерді дұрыс сақтамау себепші болады.
Сепсистің белгілері:
- әлсіздік
- дұрыс ембейді, сылбыр, тәбеті төмен
- қызуын көтеріледі
- терісінің түсі бозарып, сұрғылт тартады
- жиі құсу
- салмағы төмендейді,салмақ қоспайды, немесе аз қосады
- нәжісі сұйылады
- несебінде патологиялық өзгерістер болу мүмкін.
- қан сынамасы қабыну процесін көрсетеді ,(лейкоцитоз,ЭТЖ өседі).
- бауыры, талағы өседі.
Сепсис балаларда септицемия,септикопиемия түрінде дамуы мүмкін.
Септицемияда- микроб қанда ,бірақ іріңді қабыну ошақтары жоқ.
Септицемияның жедел ағымды түрі улану белгілерімен,дене қызуының көтерілуімен, жалпы жағдайының күрт нашарлауымен, мұрын-ерін ұшбұрышының көгеруімен, тахикардия. тіндерінің серпінділігінің төмендеуі, есінің күңгірттенуімен сипатталады.
Септикопиемияда - ірінді қабыну ошақтары пайда болады;құлағының ірінді қабынуы (отит), бас ми қабығының қабынуы (менингит), сүйектерінің ірінді қабынуы (остеомиелит), плеврит, пневмония т.б.
Сепсистін анықтамасын дәлелдеу үшін қанды залалсыздыққа (стерильность ) тексеру керек.
Шала туылған балаларда қызуы онша көтерілмеуі мүмкін, қан сынамасында да өзгерістер болмауы мүмкін, айтылған белгілер онша айқын болмайды.
Сепсистің асқынулары:
- стафилококты энтроколит (ішектің қабынуы)
- ірінді менингит
- остеомиелит (сүйектің қабынуы)
- абсцесс
- перитонит
- парапроктит ( тік ішек айналасындағы клетчатканың қабынуы
- бүйрек,бауыр, абсцессі т.б.
Шала туылған балаларда геморрагиялық белгілер жиынтығы дамуы мүмкін (геморрагия, қан кету, қанталау)
Емі: емді тағайындағандағы негізгі мақсатымыз:
-қоздырғышқа әсер ету
-баланың қорғаныш күшін (иммунитетін) көтеру
-зат алмасуын реттеу
-іріңді ошақтарды емдеу
Бала негізінде ауруханада емделуі керек. Ем ұзақ,комплексті жүргізіледі.
Тағайындалады:
- антибиотиктер
- улану белгілерін азайту үшін көк тамырға тамшылатып сұйықтықтар енгізу
- антигистаминдік дәрілер қолдану
- витаминдер
- егер іріңді септикалық ошақ болса хирургиялық жолмен
емдеу.
Сепсистің алдын алу:
- антенатальді кезеңде жүктіліктің алғашқы айларында аяғы
ауыр әйелді тексеру, емдік шараларды ұйымдастыру
-перзентханада санитарлық-гигиеналық шараларды
сақтау.
-ауруханадан шыққан баланы №30 үлгімен диспансерлік
бақылауға алу (бір жылға).
-тек қана ана сүтімен қоректендіру
-балаға үйде өте мұқият гигиеналық күтім ережелерін сақтау
-перзентханада істейтін қызметкерлерді патогенді
стафилококқа тексеру, емдеу.
-тері және кіндікті дұрыс күту.
