- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
Баланың терісі жұқа, нәзік, жұмсақ, қан тамырларына бай.
Терінің негізгі қызметтері:
қорғаныштық қызметі дамымаған, сондықтан да микробтар тез тарап, іріңді аурулары дамиды.
тері тыныс мүшесі, терінің бұл қызметі көмір қышқылы мен суды қоршаған ортаға шығару арқылы орындалады. Бұл қызмет ересектермен салыстырғанда, балада 8 есе артық, сондықтан терінің 2\3 бөлігі зақымданса (қою, ауа өткізбейтін майларды жағу) баланың тұншығып өлуіне әкеліп соқтырады.
тері организімнен зат бөліп шығарады, бұл жұмыс балада өте жақсы дамыған.
тері жылу реттеу мүшесі - бұл қызмет толық жетілмеген, сондықтанда бала тез тонып, тез қызып кетеді.
тері сезім мүшесі болып табылады, бұл қызметі әлсіз дамыған.
тері зат алмасу мүшесі - әсіресе су алмасуында маңызы зор. Емшек жасдағы бала терісінің 10-17% судан тұрады. Ал ересектерде 6-8% - ды құрайды. Бала организмінде кальций, фосфор алмасуында да терінің маңызы зор. Нәтижесінде ферменттер, иммунды денелер, Витамин Д түзіледі.
Жаңа туылған нәрестенің терісін сұр түсті шарана жауып тұрады, ол құрсақта жатқан баланың терісін құрсақ ішіндегі судан қорғайды және ананың босану жолдары арқылы баланың өтуін барынша жеңілдетеді.
Тері аурулары:
Баздану (Опрелость) - тері қыртыстарында пайда болады. Тері қыртыстары қызарып, ісініп суланады, аурудың 2,3 - дәрежесінде терісі сылынып түседі. Баздану көбіне аллергияға бейім балаларда жиі кездеседі.
Негізгі себептері:
дұрыс күтім жұмыстарының жүргізілмеуі(қымтау, жөргектерінің таза болмауы және т.б);
нәресте күтімін жүргізетін адамдар бактерия тасымалдаушылар болса;
анасы жүктілік кезінде отит, тонзиллит, пиелонефритпен ауырса;
ұзақ сусыз кезең және т.б.
Емі және күтімі:
бөлмедегі температураны реттеу;
ауа ваннасы жүргізу (1-2мин), бос жөргектеу, памперс кигізбеу;
баланы күніне екі рет шомылдыру (ромашка қайнатпасымен әлсіз перманганат калий ерітіндісімен);
тері қыртыстарын сұйық маймен майлау;
ультракүлгін сәулесімен емдеу.
Пысынаушылық (потница) - баланың денесінде диаметрі 1-2 мм тең қызғылт түйіршіктер мен дақтардың пайда болуы.
Негізгі себептері:
дұрыс күтім жұмыстарының жүргізілмеуі (қымтау, жөргектерінің таза болмауы және т.б);
нәресте күтімін жүргізетін адамдар бактерия тасымалдаушылар болса;
анасы жүктілік кезінде отит, тонзиллит, пиелонефритпен ауырса;
ұзақ сусыз кезең және т.б.
Емі және күтімі:
бөлмедегі температураны реттеу;
ауа ваннасы жүргізу (1-2мин), бос жөргектеу, памперс кигізбеу;
баланы күніне екі рет шомылдыру (ромашка қайнатпасымен әлсіз перманганат калий ерітіндісімен);
тері қыртыстарын сұйық маймен майлау;
ультракүлгін сәулесімен емдеу.
Терінің ірінді аурулары: (пиодермия, везикулопустулез, көпіршіктену-пузырчатка, псевдофурункулез) - жатады.
Пиодермия - тері зақымдануының жеңіл түрі. баланың денесінде бірнеше немесе көптеген іріңді бөрітпелер пайда болады. Іріңді бөрітпелер айналасы қызарып, жиектелген, арасындағы терінің түсі өзгермейді.
Негізгі себептер:
баланың құрсақ ішілік инфекциялануы;
баланы күту барысында санитарлық-гигиеналық ережені дұрыс сақтамау.
Емі: бөрітпелерді бриллиант жасылы ерітіндісімен немесе 10% марганец
ерітіндісімен күйдіру, ал терінің сау жерлерін 70% спиртпен немесе 1% левомицитин спиртімен өңдейді.
Везикулопустулез – жаңа туған нәрестелерде жиі кездеседі. Алғашқы кезде теріде кішкене күлдіріктер кейін пустулалар пайда болады. Олардың мөлшері мен орналасуы әр түрлі, дене қызуы қалыпты, кейде субфибрильді.
Емі: чистотел қосқан суға шомылдыру, бөрітпелерді бриллиант жасылы ерітіндісімен өңдеу, жалпы УКС сәулелендіру.
Көпіршіктену (пузырчатка) - бала денесінде бұршақтың үлкендігіндей әртүрлі пішінді ішіне ірің толған көпіршіктер пайда болады. Олардың арасындағы тері қызарып, ісінеді, кейде көпіршіктер жарылып, эрозиялы беті ашылып, қанталап тұрады. Бұндай көпіршіктер табан мен алақанда болмайды. Баланың жалпы жағдайы өзгереді, қызу көтеріліп, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы болады. Көпіршіктенудің қатерлі түрінде эксфолиативті Риттер дерматиті дамиды.
Емі: көпіршіктерді спиртелген мақтамен жарып, 5% калий перманганат ерітіндісімен немесе бриллиант жасылы ерітіндісімен өңделеді. Баланың жалпы жағдайына байланысты антибиотиктер, иммунопрепараттар, витаминдер тағайындалады..
Псевдофурункулез – тері бездерінің шығару түтікшелерінің қабынуы. Бастапқы кезде желкесінде, мойнында, арқасында қою қызғылт-көк түсті, мөлшері әртүрлі (бұршақ, орман жаңғағы) түйіндер пайда болады. Қабынған ошақ ортасында флюктуация байқалып, оны жарғанда жасыл-сары қою ірің ағады.
Емі: түйіндерді жарып, тесіп, вишневский майымен таңу. Иммунитетті көтеру мақсатында витаминдер тағайындау, қажет болса антибиотиктер мен гемотерапия қолдану.
