- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
Негізгі себептері:
ауыр жағдайда босану, (вакум,қысқыш) қолдану.
Клиникасы: баланың тыныс алуының өзгеруі, бұлшық еттің гипотонусы, шартсыз рефлекстерінің төмендеуі, дұрыс ембеуі, қақалуы, дауысы әлсіз, шыңғырып жылауы, ыңқылдауы, құсуы, ұйқысының бұзылуы, құрысу-тұрысу болады. Қол-аяқтарыны дірілдеп, есіней береді және жиі ықылықтайды.
Бас ми жарақаты кезде көрсетілетін көмек: баланы патология бөлімшесіне ауыстырып, зондпен тамақтандыру, кювезде күтім жұмыстарын жүргізу, бос жөргектеу, басын көтеріп жатқызу керек. Құрысуға қарсы магний сульфаты, натрий оксибутират (ГОМК), кальций хлориді және т.б.қолдану. Баланың бас жағына мұздық қойылады.
Мойын омыртқасы зақымдалуы - жиі кездесетін жарақаттардың бірі, соның ішінде жұлынның зақымдалуы өте жиі кездеседі, ол кезде ми мен жұлын сұйықтығы (ликвор) айналымы бұзылып, балада перинатальдық энцефалопатия дамиды.
Клиникасы: балада мазасыздық, тырысу–құрысу, құсу, баланың бірінші айда талып қалуы. Қалпына келуі кезеңі бір жылға созылады. Ондай жарақат алған балалардың 25% жазылады, 25% -да салдану (ДЦП)дамиды, ал 50% қайтыс болады.
Гемолитикалық ауру
Бұл ауру негізінде эритроциттер қабықшасының жарылып, олардың ішінен билирубиннің қан плазмасына өтуі жатады.
Негізгі себептері:
анасы мен баланың қан топтарының және резус факторларының қайшылығына байланысты (анасында резус теріс, балада оң, немесе анасының қан тобы І, ал баласында ІІ, ІІІ, ІУ болса).
Ұрықтың ағзасынан резус антиген, резус «-» ананың қанына түседі, оған қарсы арнайы антидене пайда болады. Антирезус – антидененің ұрықтың жолдасынан (плацента), ұрықтың қанына өтуі антиген/антидене реакциясына алып келеді, нәтижесінде агглютинация (желімделу, бір-біріне жабысу) және гемолиз (еру) болады. Резус теріс ананың қанындағы антидененің деңгейі бұрын болған жүктіліктерге, резус келіспейтін қан құюға байланысты. Гемолитикалық аурудың үш клиникалық түрі бар.
Анемиялық, женіл түрі: балада бірінші аптаның аяғында эротроцит және гемоглабин көрсеткіштері төмендейді. Баланың тері және шырышты қабаты бозғылт, бала аздап сылбырлау.
Емі: симптоматикалық (қай белгі басым, соны емдейді). Жаңа туған нәрестеде гемоглобин 170-280 г/л.
Сарғыш түрі: егерде ауыр дәрежесі болса, туғаннан кейінгі алғашқы сағаттарда баланың көзінің ақ қабығы, терісі сарғаяды. Баланың қан сынамасында билирубин мөлшері көбейеді. Ал жеңіл және орташа дәрежесінде сарғаю 1-2 күннен кейін пайда болады. Рефлекстері төмен, емуі әлсіз, несебі қою. Сарғаю үш немесе оданда көп апта сақталуы мүмкін және ауыр дәрежесінде «ядролық сарғаю» дамиды. Бұл баланың ақыл-ойының кемістігіне, балалар церебральды параличне (ДЦП) әкеледі . Негізгі көмек қанды алмастыру.
Ісік түрі: баланың денесі ісік, сарғайған, көбінде іштен өлі туады не болмаса туылғаннан кейін алғашқы сағаттарда өледі.
Гемолитикалық аурумен ауратын балалар күтімі:
алмастырып қан құю;
донарлық сүтпен қоректендіру;
сұйықтықты көп ішкізу;
бас жағын көтерінкі ұстау.
Перзентханадан шыққаннан кейін невропатолог пен бірге кеңесіп қарап, бақылау.
Алдын алу жолы:
жүкті әйелдер мен жұмыс істеу, олардың антирезус- антидене титрін анықтау , тексеру;
резус теріс ананың бірінші жүктілігін сақтау.
