- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Асқазанның функциональдық бұзылыстары (АФБ) секреторлық қозғалыс бұзылыстарымен ерекшеленіп, гистологиялық зерттегенде морфологиялық өзгерістер байқалмайды. 8-14 жастағы балаларда жиі кездеседі.
Себебі: Тамақтың құрғақтылығы, уақытылы тамақтанбау, тамақты тез, асығыс, ыстық күйінде немесе салқын түрінде қабылдау. Соңғы кездері тамақ аллергиясы және түрлі нервтік эмоциональдық жүктемелерге алып келеді.
Клиникасы: Әр түрлі болып келеді. Көбіне диспепсиялық сипат алады. Асқазан қыжылдауы, ауамен тамақпен кекіру, лоқсу, құсу, іш ауыру белгілері болады. АФБ-ң гипер, норма, гипо және астеникалық типтері болады.
Гиперстезиялық типі – асқазан сөлі және оның құрамының гиперсекрециясы асқазан сөлінің мөлшеріашқарында көп қышқыл бөлу, оның әсерінен гастроспазм және сфингтер тонусының жоғары болуы.
Гипо және астеникалық типі – асқазан сөлі және оның құрамының гипосекрециясы, оның гипомоторикалық қызметіне байланысты.
Нормостеникалық типі – балаларда сирек кездеседі.
Жіктелісі: І типіне байланысты: гипер, гипо, нормо, астениялық.
ІІ формасына байланысты: ауырсынумен өтетін
диспепсиялық
аралас
ІІІ ағымына байланысты: жедел
латентті
рецидивті
Емі: ауруханада емдеу. 2 апта І-А стол
3 апта І-Б стол – яғни сүт тағамдары көп.
ОЖЖ-н, асқазанның функциясын қалыптастыруға бағытталады. Олар седативті, спазмолитикалық, анальгетиктік, антоциттік әсері бар препараттар.
Гиперстезиялық типте но-шпа, алмагель, папаверин.
Гипостезиялық типте прозирин.
Секрециясын күшейтетін дәрілер: жусан тұнбасы, мыңжапырақ.
Ферменттер: пепсин, ацедил пепсин.
Майлар: облепиха, шиповник.
А с қ а з а н ж ә н е о н е к і е л і і ш е к а у р у ы
Көбіне 8-12 жастағы балаларда кездеседі.
Этиологиясы: Созылмалы гастрит, гастрдуаденит
Тұқымқуалаушылық: 3 кезеңі бар: І. Ашық жара
ІІ. Жазыла бастаған жара
ІІІ. Тыртықталған жара
Фазасына байланысты: І. Қайталамалы
ІІ. Сирек ремиссия
ІІІ. Клиникалық ремиссия
Жараның орналасуына байланысты: І. Асқазан жарасы
ІІ. Он екі елі ішек жарасы
Асқынулары: Қан кетумен, перфорациямен, стенозбен, асқынумен жүреді.
А с қ ы н б а ғ а н ...
Клиникасы:
Ауырсыну синдромы ұстамалы, «қанжар сұққандай» ауырсыну, эпигастрий аймағында, кейде бел арқаға таралады.
Жалпы өзгерісі: мәжбүрлі қалып, жылауық, мазасыз.
Астеновегетативтік синдром. Бала тершең, бродикардия, гипотония.
Диспепсиялық синдром
Эндоскопиялық көрініс
Диагноз қою үшін: І рентген арқылы зерттеу (бариймен)
ІІ радиотериметриялық қышқыл көрсеткішіне зерттеу
ІІІ ФГДС
Емі: 1. Төсектік режим 3-4 апта
2. Диета
3. Медикаменттік ем: витаминдер, антоцидтік, седативтік
4. Жараның жазылуына әсер ететін дәрілер
5. Физио ем, санаторлы-курорттық ем
6. Операция және диспансерлік тіркеуге алу
Д и с к и н е з и я л а р
Өт қабы мен өзекшелерінің бірыңғай салалы бұлшықеттерінің қозғалысы арқасында ұлтабарға өттің бөлінуінің өзгерісі. Дискинезияның 2 түрі байқалады:
Гипертониялық – гиперкинетикалық - өт өзгерістерінің және сфингтордың тонусы жоғары.
Гипотониялық – гипокинетикалық тонусы төмен.
Себептері: тамақтандырудың бұзылуы: майлы тамақ, құнарсыз, уақыт сақтамай желінген ас, қозғалыс аздығы, кіндік тұсының зақымдануы, баланың ваготоник немесе симпатотоник бейімділігі – бұл себептері біріншілік дискинезияға алып келеді. Ал балаларда екінші дискинезиялар әлдеқайда жиі кездеседі. Себебі лямблиоз, гельминоздар, гастриттер, дизбактериоздар, семіру, диабеті бар.
Клиникалық көрінісі: Көбіне невроз сипаттары айқын: тез шаршайды, мазасыз, көп жылайды, тершеңдік, жүрек соғуы, оң қабырға астында немесе іш үстінде ауру сезіміне шағымданады.
Гипертониялық типте: ауру жедел, ұстамалы, бірақ көпке созылмайды, көбіне эмоциялық, физикалық ауыртпалыққа немесе майлы асқа байланысты.
Гипотониялық типте: тұрақты сыздау оң қабырғасында, кекіру, лоқсу, тәбеттің тұрақты төмендеуі.
Диагнозы: УЗИ арқылы.
Емі |
Гипотониялық |
Гипертониялық |
Диета |
Стол №5. Өсімдік клетчаткалары бар тағам |
Стол №5. Майсыз, химиялық, тағамдық, тітіркендіргішсіз |
Нейтротроптық дәрілер |
Кофеин, элеутерококк, фибс, алоэ, женьшень |
Новокаин, транквилизаторлар |
Спазмолитикалық дәрі |
Қажетсіз |
Негізгілері: но-шпа, папаверин, атропин |
Емдік дене тәрбиесі |
Кең қолданады, тонус күшейту түрі |
Қажеті жоқ |
Дуадинальдық зондылау, дюбаш – минеральды сулармен |
Кең түрде, аптасына 2-3 рет, жоғары немесе орта минеральды сумен 1°C бірдей күні немесе 3 рет, 300-400 мл екіге бөліп |
Төменгі минеральды гидрокарбонат. Газ аз, жылы күйде күніне 5-6 рет аз мөлшерде |
Физиоем |
Тонус көтеруге – гальванизация, балшық басу |
Седативтік әсер: электрофорез, седативті, спазмолитиктік дәрілермен |
П о л и о м и е л и т – с а л а у р у ы
Жедел инфекциялық ауру. Қоздырғышы – вирус. Қоршаған ортада өте төзімді. Бөлме температурасында 3 айға дейін сақталады. Кептіргенде және төменгі температурада өте шыдамды.
Эпидемиологиясы: Ауру көзі вирус тасымалдаушы және ауру адам. Таралуы ауа-тамшылы, ішек инфекциясы арқылы. Вирус лас ойыншықтар арқылы және лас қол арқылы берілуі де мүмкін. 4 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Полиомиелит ауруынан кейін иммунитет тұрақты. Аурудың қайталануы сирек. Маусымдылығы: жаз, күз айлары.
Патогенезі: Вирустың ену қақпасы болып жұтқыншақтың лимфа түйіндері және ішек жолдары есептеледі. Регионарлық немесе аймақтық лимфа түйіндерде көбейеді. Кейін лимфатикалық жолдар арқылы қанға өтеді, вирусемия пайда болады. Нәтижесінде вирустар нерв клеткасына түсіп зақымдайды.
Клиникасы: Инкубациялық кезең 5 күннен 35 күнге дейін. Орташа есеппен 9-12 күн. Полиомиелит мынадай формаларға бөлінеді:
Инаппаранттық форма (клиникалық белгілерінсіз өтеді)
Висцеральдық форма (ЖЖ зақымдануынсыз өтеді)
ЖЖ-ң зақымдануымен өтетін форма. 2 түрі бар: 1) Салданусыз өтетін полиомиелит
2) Салданумен өтетін полиомиелит
ЖЖ зақымдануымен өтетін форма:
1.Менингиальды форма (салданусыз өтетін). Жалпы инфекциялық симптомдар болады. Дене қызуы жоғары, мазасыздық, әлсіздік, бас ауруы, катаральды өзгерістер, бронхит, тонзилит, фарингит. Осы көріністердің үстіне аурудың 2-3 күнінде менингиальды симптомдар қосылады. Олар шүйде бұлшықеттерінің тартылуы, Кернинг симптомы, Брудзинский симптомы.
2. Салданумен өтетін форма. Бұл формасы 4 кезеңге бөлінеді:
Салдану алды кезеңі
Салдану кезеңі
Қалпына келу кезеңі
Қалдық көріністер кезеңі
1) Салдану алды кезеңі
ЖЖ-ң қозу симптомдары мен қызметінің бұзылыстары болады. Олар құсу, бас ауруы, кейде сана-сезімінің көмескіленуі, сандырақтау, тоника-клоникалық құрысулар. Менингиальдық симптомдардың пайда болуы және гиперстезия. Баланың жату қалпын өзгерткенде нерв тамырларының түбіршектерінің ауырсынуы.
Салдану кезеңі
Кездейсоқ болады. Полиомиелит ауруында салдану жұлынның алдыңғы аяқшаларының клеткаларының зақымдануынан болады. Ол клиникасында көбіне аяқтың бұлшықеті кейін ~ (дельта) тәрізді бұлшықеттің зақымдануымен көрінеді. Баланың қол-аяқтарының бұлшықеттері атрофияланады. Сирек жағдайда кеуде, мойын, іштің тік бұлшықеті, тыныс алу бұлышқеттерінің зақымдалуы болады.
Қалпына келу кезеңі
Интоксикациялық белгілер біртіндеп қайта бастайды. Аяқ-қолдарының да қызметі біртіндеп қалпына келеді.
Қалдық көріністер кезеңі
Полиомиелиттің ауыр дәрежесінде қалдық көріністер қалуы мүмкін. Олар аяқ-қолдың салдануы және бұлышқеттің атрофиясымен.
Емі: 1. Төсектік
Ауруханада оқшаулау
ЖЖ әсер ететін дәрілер
Деинтоксикациялық терапия
Витаминотерапия
Симптоматикалық терапия
Ауыр дәрежесінде гормондар
Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы бар. Ол нәрестенің 2-3 айлығында тірі вакцина аузына 2-4 тамшы тамызылады, тіл түбіне.
Арнайы емес алдын-алу: ауруды оқшаулау, № 0-58 формамен хабарлама беру. СЭС-қа қарым-қатынаста болған адамдарды бақылау. Санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.
