- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
1. Ауыздың уылуы – молочница – ауыздың кілегей қабатының саңырауқұлақтармен қабынуы. Көбінесе емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі. Әсіресе салмағы аз, әлсіз нәрестелерде. Себебі нашар күтім, гигиеналық режимді сақтамау, балалардың антибиотиктерді ретсіз қабылдауы.
Клиникасы: Ауру баланың тілінде, қызыл иегінде, ұртында ақ түсті қабықтар пайда болады. Олар кеңірдекке, өңешке жайылуы мүмкін. Балалар мұндайда тамақтан бас тартады, жұтынуы қиындайды.
Емі: Зақымданған жерді 10% глицерин немесе 2-3% ас содасы ерітіндісімен тазалап бір мезгіл нистатин беру керек. Диетада көмірсуларды азайтып, йод препараттарын беріп, гигиеналық режимді сақтау керек.
2. Ауыздың ойылуы – стоматит – ауыз қуысының кілегей қабаттарының қабынуы. Себебі: 1) Вирусты инфекциялармен ауырғаннан соң пайда болады.
2) Дұрыс күтпегеннен
3) Жарақаттан кейін
Клиникасы: ауыздың кілегей қабатын қан кернейді, ісініпсілекей шұбырады. Бұл түрі катаральды стоматит деп аталады. Шырышты қабаты қызарып, ісініп әр жерде ақшыл сары күлдіреуіктер пайда болуын афтозды стоматит деп атайды. Мұндай күлдіреуіктер ұртына, таңдайға, қызыл иекке, тіліне шығады. Баланың дене температурасы жоғары болады. Емдеуден бас тартады, тынышсызданады. Қан кернеген, ісінген қабатта жаралар пайда болуын жаралы стоматит деп атайды. Бұл түрі ересек балаларда жиі кездеседі.
Емі: 1. Балаға бөлек ыдыс-аяқ шығару
2. Балаға берілетін тамақ жылы және сұйық болуы керек
3. Тамақ ішер алдына баланың аузына лидокаин жағу қажет немесе жұмыртқаның ағына 5 мл 0,5% новокаин немесе лидокаин араластырып жағуға болады.
3. Гельминтоздар дегеніміз – адам және жануар денесіндегі паразиттік өмір сүретін құрттар. Бұл құрттардың шақыратын ауруларын гельминтоздар деп атайды.
Себептері: гигиеналық режимді сақтамау, жуылмаған жеміс-жидектер арқылы, тырнақ, кір ойыншық арқылы баланың аузына құрт жұмыртқалары түседі. Ол асқазан ішек жолдары арқылы түсіп өсіп жетіледі, өскен құрттар баланың қанымен, ішкен тамақтарымен қоректенеді. Өздерінің улы заттарын бөледі. Олар ішектің қызметін бұзады, зат алмасуды бұзады, аллергия тудырады, гельминттер көбейсе ішектің түйілуі ауруына әкеледі. Гельминтоздың ауруының 2 түрі бар: аскаридоз, энтеребиоз.
Аскаридоз ауруының қоздырғышы – аскарида. Ұзындығы 25-40 см, ақ түсті құрттар. Ащы ішекте өмір сүреді. Жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шығады.
Энтеребиоз кішкене жұмыртқа. Ұзындығы 2-10 мм. Ішек құрты қоздырғышы – острица. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, түнде тік ішектің аналь тесігінде жұмыртқа салады. 5-6 сағатта жұмыртқа құртқа айналады.
Клиникасы: Баланың іші ауырады, ұйқы бұзылуы, тәбетінің төмендеуі, құйрығының қышуы байқалады. Бала салмақ қоспайды, тері жамылғысы бозғылт тартқан. Шаршағыш келеді, жүрегі айниды. Кіндік түбінде ауырсыну болады. Себепсіз іш өту немесе іш қату.
Аскаридозда: Үлкен дәреті құрт жұмыртқасына тексеріледі.
Энтеребиозда: Тік ішектен жұғынды алынады.
Емі: 1. Баланың тырнақтарын қысқа етіп алу, іш киімдерін, төсек орындарын үтіктеп пайдалану, іш киімін таңертең үтіктеп ауыстыру.
2. Гельминттерге препараттар беру.
3. Оттегімен емдеу
Алдын-алу: 1. Жеке бас гигиенасын сақтау
2. Жемісті ыстық сумен шаю
3. Жылына 2 рет балабақшада, асханада, балалар ауруханасында жұмыс жасаушыларды тексеру керек.
