Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга педиатрии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Ревматизм

Дәнекер тканьдердің оның ішінде, әсіресе жүрек қантамырлары мен буындарды зақымдайтын инфекциялық аллергиялық ауру.

Этиологиясы: β-гемолитикалық стрептококк. Ол көбіне созылмалы ошақтарда, ангина, құрт жеген тіс, гайморит арқылы таралады.

Клиникасы: Ревматизммен көбіне мектеп жасындағы балалар ауырады. Аурудың бірінші шабуылы көбіне қатты түрде басталады. Әлісздік, дене қызуы жоғары, интоксикация, буынның ісіну белгілері, полиартрит, артралгия.

Полиартриттің ревматоиды артриттен айырмашылығы:

Ірі буындар қабынады. Олардың симметриялы зақымдалуы болады. Ауру белгілері тез басылуы мүмкін. Тиісті ревматизмге қарсы дәрілер қолданғанда азайып жойылады. Буынның қабынуы ауыр жағдайда болса да дистрофиялық өзгерістер болмайды.

Полиартриттің белгілері: ісіну, қызару, ауырсыну, қимылының бұзылуы. Ауырған балаларда 80-85%-да полиартрит өткен соң жүректің қабыну белгілері пайда болады кардит. Баланың жалпы жағдайы бұзылып, өңі бозарып, жүрек соғуы басталады, ауру сезімі ентігу болады. Жүрек көлемі үлкейіп тахикардия, бродикардия, экстрасистолия, тондарының әлсіреуі байқалады. Тиісті ем қолданбаса эндокардит пайда болады. Ол қақпақшалардың зақымдалып жүрек ақауына алып келеді. Ең жиі зақымданатын митральды клапан. Негізгі белгісі қатты естілетін, үрлеген сарынды систолалық шу. ЭКГ, ЭхоКГ арқылы анықталады. Ал қақпақшалардың зақымдалуы ФКГ арқылы анықталады. Балаларды соңғы уақытта жиі кездесетін хорея белгілері бар. Ол үлкен және кіші деп бөлінеді.

Кіші хореяда баланың ұстағанының түсіп кетуі, жазудың бұзылуы.

Үлкен хореяда баланың жүрісі бұзылады (ОНЖ зақымдалады).

Жиі кездесетін ақаулар:

  1. Митральды қақпақтың жетіспеушілігі

  2. Митральдық тарылу (стеноз)

  3. Қолқа қақпақтың жетіспеушілігі

  4. Қолқа стенозы

Диагностикасы: Ревматизм диагностикасын қою үшін Нестеров критерийлері қолданылады. Оның 2 түрі бар: Негізгі

Қосымша

Негізгі критерийлер:

  • Кардит

  • Полиартрит

  • Хорея

  • Тері астыңғы түйіндер

  • Ревматизмдік анамнез

  • Байқау емі

Байқау емі: Аспирин: а) қан сұйылту

б) температураны түсіру

в) қабынуға қарсы

Қосымша критерийлер:

І. Клиникалық белгілері. Дене қызуының жоғарылауы, әлсіздік, шаршағандық, терінің боз болуы, терлегіштік, артралгия (ауырсыну)

ІІ. Лабораториялық тексеру. Лейкоцитоз, диспротеинемия, ЭТЖ жоғарлауы, С реактивті белоктың пайда болуы.

Емдеу: Өршу фазасында ауруханада комплексті ем жүргізіледі.

  1. Төсектік режим. Кейін гимнастика, қозғалыс режимдері тағайындалады.

  2. Дәрі-дәрмекпен емдеу

  3. Созылмалы инфекциялық ошақтарды емдеу

  4. Медикаменттік ем 3 бағытта жүргізіледі. 10-14 күндік курспен:

    1. Стрептококқа қарсы ем

    2. Қабынуға қарсы ем

    3. Иммунды патологияны басу

  5. «Д» тіркеуге алу

Алдын-алу: Біріншілік реттік

Екіншілік реттік

Біріншілік алдын-алу – ревматизм ауруымен ауырып қалу қаупі бар балаларға жүргізіледі.

Екіншілік алдын-алу – ревматизммен ауырған балаларға жүргізіледі.