Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга педиатрии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Инфекциялық паратит және мысқыл

Ш о ш қ а м о й ы н

Жедел инфекциялық вирусты ауру. Жалпы интоксикация мен сілекей бездердің нерв жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.

Этиологиясы: Қоздырғышы – вирус. Қоршаған ортаға төзімсіз. Кептіргенде, жоғары температурада өледі. Ультракүлгін сәулелеріне және дезинфекциялық ерітінділерге тез өледі. Антибиотиктер вирусқа әсер етпейді.

Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Ауру инкубациялық кезеңнің соңғы 1-2 күнінен алғашқы клиникалық белгілері пайда болғанша жұқпалы, яғни қауіпті кезең болады. Жасырын және симптомсыз өтетін формасы қауіпті. Таралуы ауа-тамшылы. Сілекеймен бөлінген вирус ауада таралу арқылы жұғады. 5-15 жастағы балалар жиі ауырады. Қайталануы сирек кездеседі.

Клиникасы: Ең жиі зақымдалатын құлақ маңы безі, ұйқы және жыныс бездері. Сирек жағдайда қалқанша безі, қалқанша маңы безі, жас бездері зақымдалады. Құлақ маңы безі қабынады. Инкубациялық кезең 11-23 күн. Продромальдық кезеңнің басында мазасызды, бас ауруы, әлсіздік, ұйқы бұзылысы болады. Ауру жедел басталады, температура жоғары, құлақ маңы безінің ісіндісі біржақты, кейін екіжақты болады. Ісік емізікше өсіндісінен жоғары жаққа таралады. Құлақ сырғалығы жоғары көтеріліп тұрады, басып қарағанда тығыз және ауырсынады. Балада тамақты шайнағанда және жұтынғанда ауырсыну күшейеді. Сілекей бездерінің төмендеуіне байланысты кілегей қабаттары құрғайды. Науқастар сол жерде қызуды сезінеді. Ісік 5-7 күн бойы сақталады, 7-10 күндері жойылады. Сілекей безінің функциясы 3-4 аптада қалыптасады.

Жақ асты безінің қабынуы: екіжақты болады. Ісік сопақша және дөңгелек, төменгі жақтан ішке қарай анықталады. Осы жердің клетчаткасының ісіктері мойынға, кеуде клетчаткасына таралады.

Тіл асты сілекей безінің қабынуы: сирек кездеседі. Ісік тіл асты аймағынан мойынның жоғарғы бөлігіне таралады.

Аталық жыныс безінің қабынуы – орхит. Аталық жыныс безі 2-3 есе өседі. Ісінеді, тығыз, басқанда ауырсынады, ұмасы керіліп қызарады. Ауырсыну сезімі шап аймағында, кеуде шәуетбауы бойына таралады. Бұл 2-3 күннен кейін біртіндеп азая бастайды, 7-10 күнде кетеді.

Қыз балаларда орарит, мастит болады.

Ұйқы безінің қабынуы – панкреатит – жасырын формасының жеіл түрінде болады. Ол тек биохимиялық тексерумен ғана анықталады. Эпигастрий аймағында қатты ауырсыну болады.

Жіктелуі: Типтік: 1.Безді

2.Нерв – шектелген, ОНЖ зақымдалуы

3.Аралас (ОНЖ-безді мүшелер)

Атиптік: 1.Жасырын

2.Симптомсыз

Ауырлығына қарай: Жеңіл, орташа, ауыр дәрежелі

Асқынулары: Менингит

Менингоэнцефалит

Орхит

Панкреатит

Сезім мүшелерінің зақымдалуы

Лабораториялық диагностика: 1.Вирусологиялық

2.Серологиялық

3.Аллергиялық әдістер қолданылады.

Емделуі: Жеңіл дәрежесін үйде емдеуге болады. Орташа және ауыр дәрежесінде ауруханаға жатқызылады. Арнаулы емі жоқ, симптоматикалық ем қолданылады.

  1. Жедел кезінде температурасықалыптасқанша қатаң төсектік режим

  2. Ісінген без маңына құрғақ, жылы басу

  3. Ауызға күтім жасау, жиі сұйықтық ішу, аузын калий перманганатымен этокридин тактатымен, бор қышқылымен шаю.

  4. Бас ауруында анальгин, ацетилсалицил қышқылы, амидопирин. Орхит кезінде белгілері жеткенше төсектік режим. Панкреатит кезінде сүтті диета, май, белокты шектеу. Эпигастрий аймағына салқын басу, ферментті препараттар тағайындау.

Асқынуы: менингитке күдік болғанда жұлын сұйықтығын тексеру арқылы ғана дәлелденеді. Егер асқынуы болса сәйкес емі тағайындалады.

Алдын-алу: арнамалы алдын-алу жүргізіледі. Тірі активтендірілген вакцина баланың 12 айлығында немесе 1 жасында 0,5 мл тері ішіне немесе тері астына жіберіледі. Ауырмаған балаларға және қарсы көрсеткіштері жоқ балаларға жасалады. Науқас бала 9 күн бойы оқшауланады. Күнделікті дезинфекция жүргізіледі. Қарым-қатынаста болған балаларға оқшаулау 11 күн бойы жүргізіледі. Оқшаулау ауырмаған және привывка алмаған балаларға жасалады. Медициналық бақылаулар да жүргізіліп отырады.

С к а р л а т и н а

Балалар арасында жиі дамитын жалпы интоксикацияның пайда болуымен, көмейдің баспа түрінде өзгеруімен көрінетін және қызарған тері жамылғысындағы ұсақ бөртпелердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы – β гемолитикалық стрептококк. Бұл аурумен ауырғаннан кейін организмде арнайы антитела пайда болады. Скарлатинаны қабылдаушылықты білу үшін тері сынамасы реакция Дина (0,1 мл ерітілген токсинді тері ішіне енгізу) қолданылады.

Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам және тасымалдаушы. Қоздырғыш ауаға көмейден және жұтқыншақтан бөлінген кілегей арқылы таралады. Инфекцияның таралуы ауа-тамшылы.

Клиникасы: Ауру жедел басталады, дене қызуы жоғарылайды, басы ауырады, бала тынымсызданады, ұйқысы бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді. Тамағында ауырғандық, жұтылуы қиындайды, тамағын қарағанда шырышты қабаттары қызғылт түсті, бадамша бездері ісініп қызарады. Бадамша безінде іріңді жамылғы пайда болады. Тілінде ақ түсті жамылғы пайда болып, кейін тілі біртіндеп тазарады. Тіл үстінде емізікшелері анық көрінеді. Лимфа түйіндері үлкейеді, пальпацияда ауырсынады, терінің қабаттарында ұсақ қызыл бөртпелер пайда болады. Дақтар қызарған, олар тер қабаттарында пайда болады. Маңдайында, бетінде, шаштарында т.б бөртпелер көп орналасады, Филатов симптомы пайда болады (мұрын, ауыз, ерін үшбұрышы бозарып, дақтан таза болады, қызарғандық болмайды). Бұл аурудан бөртпелер кеткен соң алақандарының, табандарының терісі сыпырылып түседі.

Диагностика: 1. Шағымдары

2. Анамнез

3. Жалпы тексеру

4. Іріңді ангина, малина тәрізді тіл

Емі:

  1. Оқшаулау

  2. Қатал төсек режимі

  3. Көп мөлшерде сұйықтық беру

  4. Тамақты шаю

  5. Антибиотик

  6. Симптоматикалық терапия

  7. Десенсибилизациялық терапия

Асқынуы: Жүрекке, бүйрекке, нефрит, миокардит ауруларына әсер етеді.Сондықтан осы аурумен ауырған балаларды емханада емдейді. ЭКГ, ЖҚА, ЖНА алады.

Алдын-алу: Арнайы емес.