- •Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.
- •1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:
- •2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:
- •Тұншығу (асфиксия)
- •Туылу кезіндегі бас ми жарақаты
- •Гемолитикалық ауру
- •Нәрестенің тері аурулары. Кіндік ауруы. Сепсис.
- •Кіндік аурулары
- •Асқорытудың жедел бұзылысы - Диарея.
- •Сүйек бұлшық ет жүйесінің анатомиялық - физиалогиялық ерекшелігі, мешел гипервитаминоз, спазмафилия (балалар тетаниялар)
- •Мешел (рахит)
- •Қан айналым органдарының аурулары.
- •Ревматизм.
- •Миокардиттер.
- •Вегетативтік қан тамырларының дистониясы.
- •Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.
- •1. Жедел ағымды нефрит синдромы.
- •2. Нефротикалық синдром.
- •3. Аралас синдром.
- •Қант диабеті.
- •Дифтерия немесе күл ауруы
- •1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
- •Инфекциялық паратит және мысқыл
- •Ревматизм
- •Асқорыту жүйелерінің аурулары. Ауыздың уылуы, ойылуы, гельминтоздар.
- •Жедел созылмалы гастрит. Жара ауруы. Дискинезиялар
1 Жасқа дейінгі балалардағы көкжөтелдің ерекшеліктері:
Жасырын және катаральды кезеңдері өте қысқа – 3-5 күн. Булықпа жөтел кезінде реприздердің болмауы мүмкін, бірақ баланың беті қызарып, көгеріп, кейде демі тоқтап қалуы мүмкін. Денесінің құрысып тырысуы болады.
4 кезең аурудың айығу кезеңі. 2-4 аптаға созылады. Аурудың белгілері біртіндеп жойыла бастайды.
Диагностикасы: 1. Эпиданамнез
2. Аурудың клиникалық белгілері
3. Лабораториялық тексерулер
ЖҚА: лейкоцитоз, лимфацитоз.
Бактериологиялық тексерулер: баланы Петри табақшасына жөтелдіріп, термостаттауға қойғанда қоздырғыш колониясы өсіп шығады.
Асқынуы: Өкпе қабынуы
Парез
Паралич
Энцефалит
Емі: Ауырған балалар ауру білінген күннен бастап 30 күнге оқшауланады.
Таза ауада көп серуендеу.
Баланың ішетін тамағы жасына сәйкес аз-аздап жиі тамақтандырған жөн.
Антибактериальдық терапия: Эритромицин, Тетрациклин, Ампициллин, Левомицитин. Баланың жасына сәйкес 7-10 күндік курспен.
Витаминотерапия
Симптоматикалық терапия
Күтімі: Булығып жөтелу аралығында:
Таза ауада ұзақ серуендету
Баланың сергек кезінде көңілін ойнауға, кітап оқуға, сурет салуға алаңдату
Баланың ауыз қуысына күтім жүргізу, аузын шайып тісін тазалату
Бөлмеге ылғалды тазарту жұмыстарын жүргізу, ауасын тазарту
Булықпа жөтел кезінде:
Баланы жұбату
Таза ауаның жеткілікті келуін қадағалау
Төсекте көтеріп жатқызу
Қысатын киімдерді шешу
Инфекция ошағында жүретін шаралар:
СЭС-ке № 0-58 формамен хабар беру
Ауырған баланы булықпа жөтел басталғаннан күннен бастап 30 күнге оқшаулау
Ауру баламен қарым-қатынаста болған, бұрын көкжөтелмен ауырмаған 7 жасқа дейінгі балаларға 14 күнге карантин белгілеу. Карантин кезінде балаларды бақылап, жаңадан балалар қабылдауға тыйым салу
Көкжөтелмен ауырған адам болған бөлмеге ылғалды тазарту жұмысын жүргізу, ауаны барынша тазарту
Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу
Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы бар. 2-3-4 айлығында тері астына 0,5 мл. Ревакцинация 18 айлығында.
Арнайы емес алдын-алу – ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды уақытылы дұрыс өткізу. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
Қ ы з ы л ш а ( к о р ь )
Қызылша ауруы дегеніміз – жоғарғы тыныс жолдарының қабынуымен, көздің катаральды кілегей қабатының қабынуымен және дақты популезды бөрітпелердің теріде пайда болуымен сипатталатын жедел инфекциялық ауру.
Қоздырғышы: Вирус. Қоршаған ортаның физикалық факторларына өте сезімтал. Адам организмінен тыс вирус тез өледі. Балалар 1-5 жасқа дейін және мектеп жасындағы балалар жиі ауырады.
Эпидемиологиясы: Ауру көзі тек қана ауру адам. Жұқтырылған бірінші күннен бастап продромальды кезең басталады. Төртінші күні бөртпе пайда болады. Жұғу жолы ауа-тамшылы. Ауырған адамда иммунитет өмір бойы сақталады. Қайталануы өте сирек жағдайда кездеседі.
Клиникасы: Инкубациялық кезең – 9-10 күн, кейде 17 күнге дейін созылады. Қан және плазма құйылған балаларда 21 күнге дейін созылады. Продромальды кезең 3-4 күн. Дене қызуы жоғары, жалпы жағдайы нашарлайды, мұрнының кілегей қабатының өткізгіштігі жоғалады. Балада іріңді-серозды ринит пайда болады. Көмейдің зақымдануы болады. Ларингит жалған крупқа дейін барады. Көз зақымданады, коньюктивит, жарықтан қорқу, блефараспазм.
Қызылшаға тән симптомдар:
Белского – Филатова – Коплика белгісі. Ұрттың кілегей қабатында ұсақ нүкте тәрізді ақ дақтар пайда болады. Жиегі қызылмен жүргізілгендей. Бұл аурудың ерте шығатын белгісі 2-3 күнде пайда болады. Теріде бөртпе пайда болғаннан кейін 2-3 күні жойылып кетеді.
Энантема. Жұмсақ және қатты таңдайдың кілегей қабатында қызыл дақтар пайда болады.
Бөртпе. Бөртпе дақты популезды жоғарыдан төмен қарай таралады. 1күні бетте, мойнында пайда болады. 2күні кеудеде. 3күні аяқ-қолға
таралады. Кеткенде 1-2-3 сатыдан өтеді. Өзінен
кейін із қалдырады. Тері жамылғысы ылғалды
болады. Себебі тері бездерінің секрециясы
жоғарылайды, температура қалыптасқанда
жалпы жағдайы жақсарады. Ерте жастағы
балаларда іш өтуі, ұйқының бұзылуы, тәбетінің
бұзылуы, қозғыш мазасыз болады. Ересек
балаларда бас ауруы, шаршағандық, құсу,
мұрнынан қан кету, іш ауруы болады. Бөртпенің
шығу кезінде 4-5 күнде дене қызуы 40°C-қа
дейін барады. Интоксикация
айқындалып,
кілегей қабатының өткізгіштігі жоғарылайды.
Жіктелісі: Типтік – жеңіл, орташа, ауыр.
Атиптік – созылыңқы, жасырын түрі.
Жеңіл түрінде ЖҚА – лейкоцитоз, нейтрафилез.
Бөртпе шығу кезеңінде лейкопения, лимфацитоз, ЭТЖ жоғарылайды.
Асқынуы: Ларингит
Пневмония
Стоматит
Энцефалит
Паратит
Емдеу: Дұрыс күн тәртібін қою, бөлмені жиі тазалау. Тамақтану режимін сақтау, тағам тез қорытылатын витаминдер мен микроэлементтерге бай тағамдар беріледі. А, В, С витаминдері қажет. 1 жастағы балаларға табиғи жеміс-жидек шырындарын беру. Көз бен ауызға міндетті түрде күтім жасау керек. Көзге 1-2 тамшы стерильді балық майын немесе вазилин, күніне 4 рет қолданылады. Бор қышқылымен тазалау әрбір тамақ ішкеннен кейін ауызды шаю немесе су ішкізу. Мұрынға өсімдік майын немесе вазилин майын тамызу. Көп бөлініс болғанда 2% эфедрин ерітіндісін тамызу.
Витаминдер тағайындау: аскорбин қышқылы 0,1-0,2 г. Күніне 2-3 рет.
В1 витаминін 2 рет 0,005 г
А1 витаминін 2-3 тамшы.
Теріге күтім жасау – гигиеналық ванна. Асқынуы болағнда сәйкес ем жүргізіледі.
Алдын-алу: Арнаулы алдын-алу бар. Баланың 1 жасында активті иммунизация жүргізіледі. Тірі әлсіретілген вакцина ауырмаған балаларға жүргізіледі. Мөлшері 0,2-0,5 мл ерітілген вакцина тері ішіне немесе тері астына. Жалпы жүргізілетін шаралар инфекцияның таралуын тоқтатуға, алдын-алуға бағытталады. Балабақшаларда, мектептерде профилактикалық шаралар жүргізіледі. Оқшаулау 17-21 күнге дейін.
Қ ы з а м ы қ ( к р а с н у х а )
Этиологиясы: Қоздырғышы – вирус, қоршаған ортада төзімді.
Эпидемиологиясы: Инфекция көзі – ауру адам. Ауру жұқтырылғаннан кейін 1-2 күнде ауру белгілері білінеді. Бөртпе шыққаннан кейін 5 күннен соң қауіпті емес, таралуы ауа-тамшылы. Жүкті әйелдердің ауруы ұрыққа өте қауіпті, ұрықтың қан айналымы мен жүрек ақауларына әкеледі.
Клиникасы: Инкубациялық кезең 11-23 күн. Продромальды кезең бірнеше сағаттан 1-2 күнге дейін болады. Катаральды көпіршіктер мұрынның бітуі, жөтел, көп қызаруы, дене температурасы субфеврильді. Ауру жағдайы орташа. Негізгі белгілері: Полиаденит. Шүйде және мойынның артқы лимфа түйіндері зақымдалады. Бөртпе бірінші бетте, мойында, кейін тез кеуде клеткасына таралады. Бөртпе ұсақ дақ немесе папула тәрізді, бір-біріне қосылған, аяқ-қолдың жазғыш бетінде және арқада, құйрықта көп болады. Бөртпе 2-3 күнде кетеді. Өзінен кейін із қалдырмайды.
ЖҚА – Инкубация кезеңінде: лейкоцитоз, нейтрафилез.
Бөртпе шығу кезеңінде: лейкопения, лимфацитоз және плазматикалық клеткалар болады.
Асқынуы: Менингит
Энцефалит
Пневмония
Отит
Емі: Жедел кезінде – төсектік режим. Жалпы қуаттандырушы терапия және симптоматикалық терапия. Тамақтануы толық құнарлы болуы керек. Бөртпе шыққан күннен бастап 5 күн оқшаулау.
Арнайы алдын-алу – 1 жасында, қызылшамен қатар КПК.
Ж е л ш е ш е к ( в е т р я н к а )
Желшешек ауруы дегеніміз – вируспен қоздырылатын дақты визикулярлы бөртпемен өтетін жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы:
Қоздырғышы – вирус. Ол желшешек
көпіршіктерінде болады. Вирус тек адам
организмінде көбейеді. Қоршаған ортада
тез өледі. Баланың сілекейінен жұққан
вирус 10-15 минутта өледі. Тікелей күн
сәулесіне және қыздырғанда тез өледі.
Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Науқас бала бөртпе шыққан күннен бастап 5-күні соңғы элементтер шыққанға дейін қауіпті, яғни жұқпалы. Одан кейін ауру қауіпті емес. Жұғу жолы ауа-тамшылы. 5-10 жастағы балалар жиі ауырады. Аурудан кейін тұрақты өмірлік иммунитеттілік пайда болады. Маусымдылығы – күз, қыс, көктем.
ЖҚА – лейкопения, нейтропения, салыстырмалы лимфацитоз және плазматикалық клеткалар.
Клиникасы: Инкубациялық кезең 11-23 күн. Орташа 14-17 күнге дейін созылады. Ауру жедел басталады, кілегей қабыққа көпіршіктер ұртында, тілінде, көмейде және теріде болады. Алғашында көпіршіктер басқа, бетке шығады, кейін кеудеге қол-аяққа шығады. Көпіршіктер алақанда және табанда болмайды. Бастапқы кеудеде қызыл кішкене дақтар болады. Бірнеше сағаттан соң ішіне сұйықтық пайда болады. Екінші күні көпіршіктің беті семеді, тыртықтанады. Ортасына қарай ойылып тұрады. Келесі күні қабыршақтанады, бірте-бірте кебеді. Бөртпелер 1 мезгілде шықпайды, біртіндеп шығады. Дақтан қабыршаққа дейін барады. Кейде терісі қызарған,ұсақ бөртпелер көп, ашық түсті скарлатина бөртпесіне ұқсас болады. 1-2 күнде жойылады. Ауру 1-2 аптаға созылады.
Жіктелісі: ауырлығына байланысты: жеңіл, орташа, ауыр. Жеңіл дәрежесінде дене қызуы субфеврильді, құсу, бас ауруы және айқын интоксикация болады.
Асқынуы: Пневмония
Энцефалит
Серозды менингит
Абсцесс
Флегмона лимфоаденит
Емі: арнаулы емі жоқ. Бөртпе шығу кезеңінде балаға төсектік режим. Көпіршіктің жарылу кезінде жақсы күтім жасау керек, гигиеналық күтім. Желшешек көпіршіктерін спиртті ерітінділер, 1-2% метилин көгі және бриллиант жасылы ерітіндісімен өңдейміз. Көпіршіктер тез кеіп қышуы азаяды. Екіншілік инфекциялық алдын аламыз. Ауыр жағдайда антибиотиктер, витаминдер тағайындаймыз. Балаға көп мөлшерде сұйықтық беру, интоксикацияны азайту үшін.
Алдын-алу: Арнайы алдын-алуы жоқ. Арнайы емес алдын-алу – ошақта эпидемиялық шаралар жүргізу. Науқас баланы ерте оқшаулау 11-21 күнге.
