Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга педиатрии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Дифтерия немесе күл ауруы

Қоздырғыш организмнен сыртқы ортаға сілекейдің және тыныс мүшелері шырыштарының тамшылары арқылы шығып тарайтын инфекцияның формасы ауа тамшылы жол деп аталады. Ауырған адам дем шығарғанда, жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде сыртқы ортаға қоздырғыштар бөлінеді. Ал басқа балалар сол ауамен тыныстау арқылы тыныс жолдары бойымен ауруды өзіне жұқтырады. Бұндай инфекцияға жататын аурулар:

  • Дифтерия

  • Қызылша (қызамық)

  • Скарлатина

  • Желшешек

  • Көкжөтел т.б.

Дифтерия ауруы кілегей қабықтың зақымданып, оларда ақшыл-сұрғылт қабықшаларының пайда болуымен және организмнің жалпы улануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы дифтерия таяқшасы. 1884 жылы Леффлер ашқан. Осыған байланысты Леффлер таяқшасы деп аталады. Бұл тяақша сыртқы ортада өте тұрақты. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады. Ойыншықтарда, ыдыс-аяқтарда, көрпе төсектерде көпке дейін сақталады. Сонымен қатар бұл таяқшалар өте улы экзотоксин бөліп шығарады.

Эпидемиологиясы:

  1. Ауру көзі – ауру адам және қоздырғыш тасымалдаушы

  2. Таралуы – ауа тамшылы және басқа да заттар арқылы.

  3. Сезімталдылық – 3-7 жас аралығындағы балалар жиі ауырады.

  4. Маусымдылық – көбіне қыс кезінде, соңғы кезде жыл бойына арту болып отыр.

  5. Иммунитет – тұрақты.

Патогенезі: Қоздырғыш мұрын, көмей, жұтқыншақ кілегей қабаттары арқылы еніп, сол жерде өсіп-өніп улы экзотоксиндер бөліп шығарады. Осыған байланысты эпителий клеткалары өліп, фибринозды ақшыл-сұрғылт қабықшалар пайда болады. Бұл қабықшалар шпательмен қиып алынады. Орнында қансыраған жара қалады.

Клиникасы: Жасырын кезең – 2-10 күн. Инфекцияның ену орнына байланысты аурудың бірнеше клиникалық түрлері белгіленген. Жұтқыншақтың, көмейдің, көздің, жыныс мүшенің т.б дифтериясы.

Ж ұ т қ ы н ш а қ д и ф т е р и я с ы

Ең жиі кездесетін түрі 95-97%. 3 клиникалық формасы бар:

1. Жайылмаған

2. Жайылған

3. Токсикалық улағыш

1. Баланың жалпы жағдайы нашарлап, улану белгілері пайда болады. Таңдай бездері үлкейіп ісінеді. Жұтқыншақтың кілегей қабатын қан кернейді, қызарады (гиперемия). Бұл жайылмаған жұтқыншақ дифтериясының катаральды түрі. Аурумен жиі қарым-қатынаста болған балаларда жиі кездеседі. Кейбір жағдайларда бадамша безінің әр жерінде ақшыл-сұрғылт қабықшалар пайда болады. Бұл аральдық түрі. Ал қабықшалар таңдай безін толық жауып жатса, қабықшаланған түрі деп аталады. Баланың жұтынуы қиындайды, тамақ ішуі кезінде мазасыздық пайда болады.

2. Жайылған

жұтқыншақ дифтериясы. Қабықшалар жұтқыншақтан жұмсақ таңдайға таңдай тілшігінің имектеріне дейін жайылады. Улану белгілері айқын көрінеді. Улану негізінде басқа мүшелердің қызметі бұзылады. Жүрек соғуы әлсірейді, артериялдық қысымы төмендейді, жұмсақ таңдай парезі болады.

3. Уланғыш токсикалық жұтқыншақ дифтериясы. Қабықшалар одан әрі өсіп, тіпті қатты таңдайды жабады. Аурудың аузынан тәтті иіс шығады. Дене температурасы жоғарылайды, қатты басы ауырады, іші бүреді, құсуы мүмкін. Жұтықнгшақты қан кернейді, гиперемия болады және мойынның тері асты шел май қабаты ісінеді. Ауру дәрежесінде ісік бұғанадан төмен таралады.

4. Көмей дифтериясы. 3 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі және өте ауыр өтеді. Қабықшалар көмейде, кеңірдекте пайда болады. Тыныс жолдары тарылып, баланың дем алуы қиындайды. Дифтериялық круп катаральдық белгілерден баяу басталады. Баланың дене қызуы көтеріледі, құрғақ иттің үргені тәрізді жөтел пайда болады. 1-2 күннен кейін демді ішке тарту қиындап, дем алысы шуылдап шу естіледі, даусы жойылады (афония). Тыныс жолдарының тарылу белгілері ұлғайып баланың жағдайы қиындайды. Демалысы үстірт беткей, терісі боз, көкшіл, аяқ-қолы мұздай, жүрек соғуы күңгірт, тершең және көзінде үрей пайда болады. Шұғыл көмек көрсетілмесе бала өліп кетеді.

Асқынуы: Миокардид

Парез

Паралич

Нефроз

Өкпе қабынуы

Диагностикасы: 1. Эпидемиялық анамнез

2. Клиникалық белгілері

3. Бактериофаг

Емі:

  1. Ауруханаға жатқызу, төсектік режим, ұйқыны ұзарту.

  2. Сұйық жақсы жеңіл қорытылатын тағамдар беру. Ауыр жағдайда жұмсақ таңдай параличінде зонд арқылы тамақтандыру

  3. Негізгі ем дифтерияға қарсы: анатоксин сарысу (сыворотка) 1/10 т/і 0,1мл енгіземіз де 20 минут күтеміз. Егер де реакция болмаса тері астына 0,1мл енгіземіз. Содан кейін 30 минут күтеміз. Реакция болмаса қалғанын бұлшықетке егеміз. Бұл әдіс Безредко әдісі деп аталады.

Сарысудың дозасы аурудың дәрежесіне байланысты.

  1. Детоксикациялық ем: Физ.ерітінді

Полиглюкин

Реополиглюкин

  1. Симптоматикалық ем: Қызуын басу

Ауырсынуды басу

  1. Витаминотерапия

  2. Гормональды терапия: Преднизалон 1-2 мг/кг

  3. Антибиотикті терапия

  4. Дифтериялық круптың ауыр түрінде интубация немесе трахеостамия жасау

Күтімі:

  1. Палатада эпидемияға қарсы режимді мұқият сақтау керек

  2. Төсек орын, іш киім тазалығын бақылау

  3. Баланың төсек режимін сақтауын қадағалап, қан қысымын, жүрек соғу жиілігін тексеру

  4. Баланы тамақтандыра білу (зондпен, қасықпен)

  5. Дәрігердің ңұсқауымен егулерді жүргізу. Жұтқыншақтан бактериологиялық тексеруге жұғынды алу

  6. Трахеостомдық түтікке күтім жүргізу

Алдын-алу: Арнайы алдын-алу

Арнайы емес алдын-алу

Арнайы алдын алу – көкжөтел, дифтерия, сіріспе ауруларына қарсы бірге жүргізілді: АКДС

Бала 2-3-4 айға толған кезде жүргізіледі 0,5мл бұлшықетке немесе тері астына.

І-ревакцинациясы 18 айлығында.

ІІ-ревакцинациясы 6 жасында АДС-М.

Арнайы емес алдын-алу:

  1. Ауру баланы мейлінше ерте оқшаулау

  2. СЭС-ке № 0-58 формамен хабар беру

  3. Аурумен қарым-қатынаста болған балаларды оқшаулау. Оларды 2 рет бактериологиялық тексеруден өткізу. Аурудан жазылған балаларды 2 рет бактериологиялық анализі таза болғанда ғана ауруханадан шығарамыз

  4. Инфекциялық ошақта дезинфекция жасау

  5. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу

  6. Бактерия тасымалдаушыларға тетрациклин тобындағы антибиотиктермен ем жүргізу

К ө к ж ө т е л ( к о к л ю ш )

Тыныс алу жолдарымен, ОЖЖ зақымдануымен және булығып жөтелумен сипатталатын жұқпалы ауру.

Этиологиясы: Қоздырғышы – Борде Жангу таяқшасы. 1906 жылы француз ғалымы ашқан. Микроорганизм қоршаған ортада төзімсіз, жоғарғы температурада, күн сәулесінде және дезинфекциялық ерітінділерде тез өледі.

Эпидемиологиясы: Ауру көзі – ауру адам. Таралу жолы ауа-тамшылы. Сезімталдылық 10 жасқа дейін. Маусымдылығы күз, қыс мезгілі. Гемолитикалық тұрақты.

Клиникасы:

1.Жасырын кезеңі 3 күннен 15 күнге дейін. Орта есеппен 5-8 күнге созылады.

2.Катаральды кезең 1-2 аптаға созылады. Ауру біртіндеп басталады, әуелі құрғақжөтел болады, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, 1-2 жұмадан кейін булықпа жөтел басталады, бұл аурудың 3-ші кезеңі. Булықпа жөтел кенеттен басталады, бала терең дем алғаннан кейін бірнеше жөтел қимылдарын жасайды. Бұл қимылдар бірінен кейін бірі ішіне алған ауа біткенше өтеді. Бала көгеріп барып, ысқырып дем алады. Булықпа жөтелден кейін бұл ысқырып дем алудың репризі дейді. Булықпа жөтелдің кезінде баланың тілі аузының сыртына шығып кетеді де, тісіне тиіп жарақаттанады. Беті қызарып, мойнындағы тамырлары ісінеді, көзінен жас ағады, терісіне, көздің шырышты қабығына қан құйылуы мүмкін. Бұл кезеңде баланың дене қызуы қалыпта болады. Булықпа жөтел аралығында баланың жағдайы жаман емес. Булықпа жөтелдің жиіліген байланысты көкжөтелді дәрежеге бөледі: жеңіл түрінде жөтел 5-15 ретке дейін және қысқа болады; орташа түрінде 15-24 ретке дейін және ұзағырақ болады; ауыр түрінде 25-30 ретке дейін және ұзақ 10-15 минутқа созылады. Бала әлсіз, құсады, нашарлайды. 3 кезеңі 2-8 аптаға дейін созылады.