Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга педиатрии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Зәр шығару жүйесінің афе, аурулары, күтімі және оларды бақылау.

Зәрді сүзу және шығару мүшелеріне жатады: бүйрек, несепағар, қуық.

Сәбилердің бүйректерінің төменгі шегі жамбас сүйегінің жотасына жетіп жатады. Ал жоғарғы шегі біраз өзгеріп тұрады. Ол нәрестенің қозғалысына және демалысына, дене бітіміне байланысты. Несеп жолдары баланың денесінің ұзындығына қарағанда ұзын болып келеді. Шамамен 13-14 см. Тегіс бұлшықеттердің әлсіздігінен несеп жолдарының қозғалуы, жиырылуы байқалмайды.

Қуықжаңа туған баланың құрсақ мүшесі болып есептеледі. Тек алғашқы 2 жылда төмен кіші жамбасқа түседі. Бұлшықеті нашар жетілген, жиырылуы әлсіз. Қуықтың сиымдылығы: жаңа туған балада – 30 мл

1-3 жаста – 50-90 мл

5-9 жаста – 200 мл

12-15 жаста – 300-400 мл.

Үрпі каналы – ер бала – 5-6 см, өсе келе 10-12 см.

Диаметрі бойынша бірдей емес. Себебі: 3 физиологиялық тарылу бар:

  • Ішкі сфингтерде

  • Жамбас көкетіне ауысатын жерде

  • Несеп жолының сыртқы тесігінде.

Қыз баланың үрпі каналықысқа, диаметрі – енді.

Нефрон – бүйректің функциялық және морфологиялық бірлігі болып есептеледі. Әрбір бүйректе 1 млн-ға жуық нефрон болады. Нефрон 2 бөліктен тұрады:

  • Мальпигиев денешіктері

  • Өзекше (Генди тұзағы)

Бүйрек – үздіксіз несеп бөледі. Ұрықтың 5 айлығынан басталады. Қан түзу процесі гидростатикалық қысымның айырмашылығына байланысты. Алғашқы несептің сапалық құрамы, ол қан құрамына ұқсас келеді. Тек қан түйіршіктері мен белок болмайды. Алғашқы несептің құрамындағы заттар нефронның дистальды бөліктерінде реабсорбция және секреция процестеріне байланысты қанға түседі.

Нефронның дистальды бөлімі 3 бөлімшеден тұрады:

1. Проксимальды өзекше

2. Генри тұзағы

3. Дистальды өзекше

Г л о м е р у л о н е ф р и т

Гломерулонефрит дегеніміз – бүйрек шумақтарының иммундық қабынуы, яғни бүйректің сүзілу процесі бұзылады. Көбіне инфекциялық аурудан кейін 1-3 апта өткен соң басталады.

Себептері: Әртүрлі болып келеді. Ең негізгі β-гемолитикалық стрептококк. А тобына жатады. Бала баспамен, скарлатинамен және вирустардың әсерінен де пайда болуы мүмкін және салқын тию әсерінен де болады.

Жіктелуі:

Жедел ағынды гломерулонефрит:

  • Нефротикалық

  • Нефретикалық

  • Жеке зәр синдромы

Созылмалы гломерулонефрит:

  • Нефротикалық

  • Гематуриялық

  • Аралас

Бүйректің қабілетіне байланысты:

  • Бүйрек қабілеті сақталған

  • Бүйрек қабілеті төмендеген

  • Жедел бүйрек жетіспеушілігі

Бүйректің функциялық белсенділігіне байланысты:

  • Алғашқы белгілеу кезеңі

  • Айығу кезеңі

  • Созылмалы кезеңге өту

Клиникасы: Негізгі белгілері: ісіну, қан қысымының көтерілуі және зәрдегі өзгерістер. Бұл кезде баланың басы ауырып, көңіл-күйі бұзылып, тамаққа тәбеті болмайды, шаршап әлсізденуі мүмкін, зәрі азайып қызғылт тартады. Гипертензия мен ісінудің белгілерін анықтау үшін қан қысымы мен баланың салмағын күн сайын өлшеу керек. Бұл белгілер қысқа уақытқа созылуы да, созылмауы да мүмкін. Олар неғұрлым ұзақ сақталса, ауру соғұрлым қауіпті болады.

Гломерулонефритке тән ренальдық белгілер:

  • Олигоурия

  • Протеинурия

  • Гематоурия

  • Цилиндрурия

Олигоурия – шумақ сүзгішінің өзгеруінен фильтрация төмендейді, жедел ағымды. Гломерулонефрит олигоуриясы 1-2 күнге созылады, кейде болмайды. Олигоурияның жедел бүйрек жетіспеушілігінен айырмашылығы зәр аз болғанымен салыстырмалы тығыздығы жоғары болады.

Протеинурия – шумақ зақымдануының негізгі белгісі. Ол базальдық мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауына байланысты. Протеин мөлшері тәулігіне 3 г-нан аспайды. Егер де жоғары болса нефротикалық синдром қалыптасады.

Гематоурия – зәрде қанның болуы, жалғыз белгі болып кездесе береді. Гематурия екіге бөлінеді: макро және микро гематоурия.

Цилиндрурия – бүйрек зақымдануының негізгі дәлелі. Ісіну алғашқыда таңертең тұрғанда оның бетінде, қабағында байқалады. Сосын бүкіл денесіне таралады.

Клиникалық синдромдар: