Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Книга педиатрии.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.09 Mб
Скачать

Нәресте аурулары Туылу кезінде бас миының зақымдалуы. Гемолитикалық ауру.

Жаңа туған нәрестеге жан­-жақтағы қоршаған ортаның ықпалы әсер етеді. Нәрестелік кезеңде жиі кездесетін патологиялар: туылу кезіндегі жарақаттар,тұншығу, туа біткен ақаулар, (аномалиялар) тұқым қуалаушылық аурулар, сепсис.

Дүниеге келген нәрестенің 50%-на жуығы бірінші жұманың ішінде бас миының жарақатына байланысты өлімге душар болады. Орталық жүйке жүйесінің (ООЖ) зақымдалуы тек қана өлім халіне әкеліп қоймайды, ол баланың ақыл ойының, физикалық көрсеткіштерінің дамуына қауіп төндіреді. Туа біткен аномалияларға жатады: жоғарғы ернінің, жұмсақ, қатты таңдайының дұрыс бітпеуі, микроцефалия, анэнцефалия, әр түрлі стигмалар (алтышы саусақтың пайда болуы т.б.). Туылу кезіндегі жарақаттар үш топқа бөлінеді.

1.Туылу кезіндегі жанасып-шектесіп тұрған жерлерінің жарақаттары:

- туылу кезіндегі пайда болатын ісік. Қан мен лимфаның айналуының бұзылуына байланысты жұмсақ тінде ісік пайда болады. Егер бала желке-шүйде тұсымен келсе, ісік төбе сүйегінің тұсында, егер жамбаспен келсе, ісік бөксе тұсында,жыныс мүшелерінде,егер бетімен келсе, бетте пайда болады. Ісіктің көлемі, үлкендігі қысымның күшіне, босану уақытының ұзақтығына байланысты болады.

Бұндай ісіктер сипаған кезде флюктуация бермейді және жақын жатқан бірнеше мүшелерге таралады, 7-10 күнде кетеді, артық ем қолданылмайды. Ауыр түрінде инфекция түссе, асқынуы мүмкін.

- кефалогематома - қанды ісік, сүйек үсті қабатының астына (поднадкостница) қан құйылу (жиналу)нәтижесінде пайда болады. Көбінде бас сүйектердің бір сүйегінің тұсында пайда болады, флюктуация бар. Гематоманың түбін сипаған кезде жұмырлық сезіледі. Бір жұмада гематома өсуі мүмкін, 7-10 күннен кейін кішірейіп, 6-8 жұмадан кейін толық кетеді.Емі:бір аптадан кейін тесіп,қанды сорып алу,К-витаминін,аскорутин,хлорлы калций тағайындау,бас жағына салқындық қою т.б.

- тері ішінің қанталауы;

- көзінің қанталауы және т.б.

2. Босану кезіндегі қиындықтарға байланысты акушерлік көмек көрсеткенде пайда болатын жарақаттар:

- бұғана, сан және т.б сүйектерінің сынуы;

- бет нервісінің аяқтарының салдануы (паралич-парез);

- бұлшық еттерінің жыртылып, қан құйылып гематома пайда болуы (қисық мойын). Бұл патологиялар хирург, травматолог, невропатолог дәрігерлерімен бірге емделеді.

3. Босану кезіндегі, ми қан айналымның бұзылуына байланысты болатын орталық нерв жүйесі жұмысының жарақаты. Бұл топтағы патологиялар нәрестені мүгедектікке және өлімге әкеліп соқтырады.

Тұншығу (асфиксия)

Тұншығу (асфиксия) - нәрестенің туылу кезіндегі оттегінің жетіспеуіне байланысты көмір қышқылының қанда, ткандерде көбейуіне байланысты дамитын жағдай.

Біріншілік түрі: жүктілік және босану кезінде қиындықтарға байланысты.

Екіншілік түрі: дүниеге келгеннен кейін анасыннан айырғаннан кейінгі нәрестенің тұңшығуы.

Негізгі себептері:

  • кіндігінің мойынына, денесіне оралып қалуы;

  • кіндігінің түйілуі, түсіп кетуі;

  • босану процессінің ауыр түрде өтуі;

  • анасының аурулары (гезтоз, анемия, лейкоз, шок, наркоз, жүрек және тыныс жолының ауруы);

  • нәрестенің туа біткен ақаулары (ІБЖА), аурулары (сепсис, гемолитикалық ауру т.б).

Клиникасы: тұншығудың үш дәрежесі бар:

І-дәрежесінде Апгар шкаласы бойынша 6-7 балл, терісі аздап көкшіл, дем алысы үзік-үзік, жүрек соғысы анық, 1 - минутта 100 рет, бұлшық еттері ширақ, физикалық рефлекстері жақсы.

ІІ-дәрежесінде Апгар шкаласы бойынша 4-5 балл, терісі көгерген, дем алысы мүлдем жоқ, жүрек соғысы күңгірт, 1 – минутта 50-90 рет, бұлшық еттері ширақтылығы, физикалық рефлекстері төмен І-ІІ дәрежелі асфиксия - көк асфиксия деп аталады.

ІІІ-дәрежесінде, ауыр түрі, Апгар шкаласы бойынша 1-3 балл, терісі бозғылт, ақшыл түсті, дем алысы мүлдем жоқ, жүрек соғуы күнгірт, біркелкі емес сирек, 1 – минутта 20-30, бұлшық ет ширақтылығы, рефлекстері жоқ. Асфиксияның бұл дәрежесі ақ асфикция деп аталады.

Асфиксия кезде берілетін көмек:

І-дәрежесінде жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алып, тыныс жолын ашу, денесіне салқын су шашу немесе құйрығынан ұру, дем алысы үзік-үзік болса оттегін беру.

ІІ-дәрежесінде жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алып, тыныс жолын ашу, денесіне салқын су шашу немесе құйрығынан ұру, дем алысы үзік-үзік болса ауыз мұрын арқылы қолдан дем алдыру, жүрек тұсын уқалау 120-130 рет, тыныс алу 30-40 рет. Кіндік тамырына 4% сода ерітіндісін енгізу керек.

ІІІ-дәрежесінде жоғарыда айтылған көмекке қосымша кіндік тамырына кокорбоксилаза, преднизалон, гидрокартизон енгізеді. Жүрек соғысы 90-нан төмен болса, тамырға 10% глюканат кальций ертіндісі 2-3 мл, ал тоқтап қалса адреналин 0,1%-0,1 мл кіндікке немесе тіл астына енгізу.