
- •§ 2.3 Электр жылытуды және электр қыздыруларды орнату
- •§ 2.4 Кедергінің электр пештері
- •§ 2.5 Кедергі пештерін электрожабдықтау және параметрлерін реттеу
- •§4.2 Индукциялық балқыма қондырғылары
- •4.2 Сурет. Индукциялық канал пешінің сұлбасы
- •4.3 Сурет.Алмастыру және икп векторлық диаграммасының сұлбасы.
- •4.5 Сурет. Канал пештеріндегі индукциялық бірліктің конструкциясы
- •4.6 Сурет. Икп конструкциясының негізгі түрлері:
- •4.7 Сурет. Индукциялық тигель пешінің сұлбасы
- •4.9 Сурет.Аумақты балқудың сұлбасы.
- •§4.3 Индукциялық қыздырылған қондырғылар
- •4.10 Сурет. Үзіліссіз әрекеттесу кезіндегі индукциялық қызу қондырғыларының сұлбасы.
- •4.11 Сурет. Беттегі индукциялық қыздырудың технологиялық сұлбасы
- •4.12 Сурет. Индукциялық қыздырудың сұлбасы
- •§4.4 Диэлектрлік қыздырудың физикалық негіздері
- •4.13 Сурет. Электр өрісіндегі диэлектрик поляризациясының түрлері
- •4.14 Сурет. Айнымалы электр өрісіндегі диэлектрик ішіндегі токтың векторлық диаграммасы
- •4.15 Сурет.
- •§5.4 Электр доғасы бағанасының негізгі заңдылықтыры
- •5.6 Сурет. Электр доғасының вольт-амперлік сипаттамасы
- •5.11 Сурет. Дәлдігі күшті доғада радиус бойынша температураны бөлу
- •§5.5 Айнымалы ток доғасының ерекшеліктері
- •5.12 Сурет. Таза активті (а) және индуктивті кедергі (б) тізбегіндегі ток доғасының және кернеуінің осциллограммасы
- •5.13 Сурет Доғаның айнымалы ток кезіндегі динамикалық вольт-амперлік сипаттамасы
- •§5.6 Электр доғасының тұрақтылығы және оның парметрлерін реттеу
- •5.14 Сурет. Доға жүйесінің вольт –амперлік сипаттамасы- қоректену көзінің -балласт кедергісі
- •5.15 Сурет. Доғаның және қоректену көзінің вольт-амперлік сипаттамасы
- •5.16 Сурет. Доғаның вольт – амперлік сипаттамасы:
- •5.17 Сурет. Осциллятор сұлбасы.
- •§6.1. Доғалық пештердің жіктелуі
- •6.1.Сурет. Жанама әрекетті доғалық пештің сызбасы
- •§6.2. Тура әрекетті доғалық пештер
- •6.2. Сурет. Доғалық болат балқытушы пештің сызбасы.
- •6.3.Сурет. Дсп-200м01 доғалық пеші:
- •6.4 Сурет. Негізгі процеспен толық тотықсыздандырумен балқыту кезіндегі доғалық болат балқытатын пештің қуатының және кернеуінің графигі
- •§6.3. Доғалық пештердің қондырғыларының электрлік жабдықтары
- •6.5. Сурет. Электрлік пеш қондырғысының сызбасы:
- •6.6. Сурет. Доғалық пештік қондырғының электрлік жалғануларының сызбасы:
- •6.7. Сурет. Дбп екінші ретті токсымдарының жалғануының сызбалары
- •§6.4. Жұмысшы режимдер және электродоғалық пештер сипаттамалары
- •§ 6.5. Доғалық болат балқытушы пештерде металлды магнитті араластыру
- •§6.6. Электржабдықталу жүйесіндегі доғалық болат балқытатын пештер
- •§6.7. Доғалық болат балқытатын пештің энергетикалық балансы
- •§6.8 Кенді термиялық пештер
- •6.10 Сурет. Аз қоқысты және қоқыссыз үрдістер үшін пеш сұлбасы
- •6.11 Көп қоқысты үрдістер үшін пеш сұлбалары
- •6.12 Сурет. Мысты-термиялық пештің қысқа желілі сызбасы:
- •6.13 Сурет. Пештердің орын басу сұлбасы.
- •6.14 Сурет. Симметриялы пешті орнатудың аралас сұлбасы
- •Плазмалық технологиялық қондырғылар және процестер
- •§ 8.1 Төмен температуралы плазма алу қондырғылары және олардың қолдану облысы
- •– Сурет. Газдардың энтальпиясының температураға тәуелділігі
- •- Сурет. Сутегі(1), гелий (2), азот (3), аргон (4) үшін жылу беріліс коэффициентінің температураға тәуелділігі
- •- Сурет. Доғасы қабырғамен тұрақтандырылатын плазмотрон сұлбасы
- •- Сурет. Газдың құйынды ағынымен тұрақталатын доғалы плазмотрон
- •- Сурет. Секцияланған пн-6 электрод аралық қосымшасы бар плазмотрон
- •1)Орталық электрод ;2)сыртқы электрод ;3)соленоид ;4)доғаның тіреуі ;5)плазма ағысы ;6)газ жеткізу ;7)изолятор
- •1)Қыздырылған газдың ағыны ;2)шүмектің шығысы ;3)соленоидтар ;4)камераның корпусы ;5)доғаның тұтану механизмі ;6)тороидальды электродтар; 7)экран
- •§ 8.2. Плазмотрондардың энергетикалық сипаттамасы және қорек көздері
- •8.3 Плазмалық балқымалы қондырғылар
- •8.4 Металдардың плазмалық кесу және дәнекерлеу қондарғылары
- •8.5 Жабынды түсірудің плазмалық қондырғылары
§ 6.5. Доғалық болат балқытушы пештерде металлды магнитті араластыру
Шихтаның біраз бөлігі балқытылғаннан кейін ваннаны араластыру процесті үдетудің тиімді құралы болып табылады. Осы кезекте араластыру химиялық құрамды бірдейлендіруге, балқымадан газдар мен зиянды компоненттердің шығарылуын тездетеді.
Доғалық пеш ваннасындағы сұйық металл жылжымалы магнит өрісі бар айнымалы токтың электромагниттік құрылғылары көмегімен қозғалысқа келтіріледі.
Электромагниттік араластырудың индукторларын цилиндрлі немесе тегіс конструкция түрінде орындайды. Біріншілері балқыманың бүйір жағын қамтиды, екіншілері оның түп жағында орналасады. Статордың пеш ваннасының түбінде орналасу кезінде пайдаланатын жиілікке, статордың конструкциясы мен магнит өрісі қозғалысының бағытына байланысты балқытудың әр түрлі кезеңдері үшін тиімді болатын балқыма қозғалысының әр түрлі схемасы алынуы мүмкін. Балқыманың қозғалу жылдамдығы индуктор тогына тәуелді және 0,2 – 1 м/с-ты құрайды.
Магниттік араласудың мүмкіндігі балқыту ваннасының тереңдігіне тәуелді қоректік токтың төмен жиілігінде ғана жүзеге асырылады. Әр түрлі пештердегі балқыманың тереңдігі 6.2 кестеде келтірілген.
6.2 кесте.
Пештің маркасы |
Айналардың диаметрі,м |
Тереңдігі,м |
Пештің маркасы |
Айналардың диаметрі,м |
Тереңдігі,м |
ДСП-5 МТ ДСП-12 ДСП-12 |
2,4
3,4 4,0 |
0,33
0,555 0,775 |
ДСП-50 ДСП-100 ДСП-200 |
5,05 5,16 6,96 |
0,995 1,08 1,48 |
Сұйық ваннаның параметрлері осындай болғанда тиімді араласу 0,4-1,0Гц жиіліктерде орын алады.
Электромагниттік араласудың өнеркәсіптің қондырғылары үш компоненттен тұрады: индуктордан, қорек көзінен және суыту жүйесінен. Кейбір индукторлардың сипаттамалары 6.3 кестеде келтірілген.
6.3 кесте.
Статордың параметрлері |
Пештің сыйымдылығы, т |
|||
25 |
50 |
100 |
200 |
|
Статордың түрі Номинальді жиілік,Гц Фазаның қуаты,кВ·А Ток күші, кА Фаза кернеуі, В Қуат коэффициенті |
СЭП1-25
0,9
575 2,5 115
0,5 |
СЭП1-50
0,65
550 2,4 115
0,59 |
СЭП1-100
0,5
860 2,4 180
0,58 |
СЭП1-200
0,4
525 2,0 130
0,6 |
Статор – металл жүйесінде оттықтың отқа төзімді футеровкасынан түзілген магниттік емес аралықтың үлкен мәндерінде статордың сызықтық жүктемесі 100,0-150,0кА/м құрайды.
Статордың қорек көзі ретінде электромагниттік түрлендіргіш агрегаттар және жиілікті тиристрлік түрлендіргіштерқолданылады. Егер статор мыс түтікшеден жасалса, ол сумен немесе ауамен ішкі орамның арнайы каналдары бойынша суытылады. ЭМП қондырғысының құны пеш құнының 30-100% құрайды, ал ондағы балқытылған 1т болаттың энергия шығыны жалпы энергия шығынының 3-5% ғана құрайды.
Электрлік режимдегі доғалық болат балқытатын пештің (ДБП) басқарылуын автоматтандыру. Қондырғыны автоматтандырудың тапсырмалары мыналар: 1)пеш қуатын бағдарламамен анықталатын деңгейде ұстау; 2)трансформатордың кернеуін реттеу; 3)қалыпты режимнен барлық ауытқуларды жылдам жою.
Қойылған тапсырмалар бағдарламалық-басқарушы құралдармен жабдықталған автоматты қуат реттегіштерінің көмегімен шешіледі. Бұл жүйелер балқытудың ең аз ұзақтығын, 1т металл балқымасына ең төмен шығын шығындалатындай қорек кернеуінің тиімді мәнін, пештің фазаларымен электродтары арасындағы энергияның рационалды таралуын, реактивті энергияның компенсациясының басқарылуын, берілген шекте температураның және металдың химиялық құрамының бірқалыпты ұстап тұрылуын қамтамасыз етеді.
Реттегіштер басқарылатын шамалардың датчиктерімен, ақпарат сигналын күшейткіштермен, орындаушы құралдармен және жетекпен жабдықталады.
ДБП автоматтандырылуының болашағы бар бағыты доғалық пештің және жалпы өндірістің БЖА (басқару жүйесін автоматтандыру) құрылуы болып табылады.