Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БОЛОТОВ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
18.33 Mб
Скачать

5.13 Сурет Доғаның айнымалы ток кезіндегі динамикалық вольт-амперлік сипаттамасы

Гистерезиялық сипаттама тәуелділігі (5.13,а сурет) доға плазмасының термиялық инерциялылығымен түсіндіріледі.Ілмектің жоғары тармағы жартыпериодтың бастамасымен сәйкес келеді,яғни токтың өсуі және плазманың қызуы болған кезде, төменгісі – жарты периодтың екінші жартысында, яғни кішірейген ток плазмаға өткен кезде, және оның көлемі максималды токтың ағуымен сәйкес келеді.

§5.6 Электр доғасының тұрақтылығы және оның парметрлерін реттеу

Электр доғасының тұрақты ұзақ жануын қамтамасыз ету үшін, оның сипаттмасын қоректену көзінің сипаттамасымен келістіру қажет. Егер доға шексіз қуаттан коректенсе, доғаның тогы жану шартымен сәйкестендіріліп орнатылады, және доғаның вольт – амперлік сипаттамасы сыртқы қоректену көзінің сипаттамасымен қиылысқын уақытына дейін өседі, яғни ток шексіздікке ұмтылады.

Ток доғасының күшін шектеу үшін тізбекке доғамен бірдей кедергі қосады (5.14 сурет). Сол кезде теңдеу мынандай түрге келеді

мұндағы -доғаның кернеуі, В; -доғаның тогы, А; -кедргі,Ом; - индуктивтілік, Гн.

Түзу сызық вольт-амперлік сипаттаманы А және В нүктелерінде қияды.Бұл нүктелерге және сәйкес келеді.

5.14 Сурет. Доға жүйесінің вольт –амперлік сипаттамасы- қоректену көзінің -балласт кедергісі

5.15 Сурет. Доғаның және қоректену көзінің вольт-амперлік сипаттамасы

Қарасытырылып жатқан сипаттаманы үш аумаққа бөлуге болады. Сол жақ аумақтағы нүктелер А-доғаның тұрақты өшу аумағы, А және В нүктелерінің арасында және Внүктесінің оң жағында – токты шектейтін аумақ.Доға тек нүктесінде тұрақты жана алады, А нүктесі тұрақты жанбайтын аумаққа сәйкес келеді; -тізбектегі қысқа тұйықталу нүктесі.

5.15 суретте доғаның вольт – амперлік сипаттамасы және қоректену көзінің сыртқы сипаттамасы көрсетілген. В нүктесінде энергия балансын мына түрде жазамыз

мұндағы -балласт кедергісінің кедергісі, Ом.

5.16 Сурет. Доғаның вольт – амперлік сипаттамасы:

а-қоректену көзінің кернеуі өзгерген кезде; б-балласт кедергісі өзгерген кезде

Суреттен көріп тұрғанымыздай, В нүктесінен солға қарай кедергі шыдамайды,өйткені тағы бір құраушы пайда болады - қуатты реттеу қоры, ол В нүктесінде доғаның жанғанын ескереді.

Электр доғасының қуатын бірнеше тәсілдрмен реттеуге болады.

  1. Тұрақты балласт кедергісі кезінде қоректенетін желінің кернеуін өзгерту (5.16 сурет).Реттеу және токтары өзгерген кезде жүреді,және соған сәйкес кернеулер және Бұл әдісті орындау үшін қоректену көзінің кернеуін өзгертуге болады (5.16, а сурет).

  2. Қоректену көзінің кернеуі өзгерген кезде балласт кедергісін өзгерту (5.16,б сурет).

  3. Доғаға әр түрлі факторлардың әсерінен тигізу, нәтижесінде қоректенудің тұрақты кернеуі және тізбектегі кедергісі кезінде оның жану шарттары өзгереді.

Доғаны тұтату тәсілдері. Өндіріс қондырғыларында доға разрядын қоздыру үшін келесі тәсілдер қолданылады:электродтардың импульсті жанасуы; сымдағы-кіші қимадағы өткізігіштің жарылуы; доға аралығының жоғары жиілікті жоғарывольтті ойылуы.

1 Электродты кернеу нүктесінің астынан жанастырған кезде электрод аумағын ерітетін жылу энергиясы бөлінеді.Доғаның қажетті токы кезінде электродтарды ыдырату жылдамдығы -тан аспау қажет.

2 Элетродтар қозғалмаса немесе олардың тұйықталуы кезінде берілген ток жеткілікті шектен асып кетсе доғаны қоректену көзіндегі электродатрдың өткізігішімен жағады, және ол кернеу астында тұрып, сымдармен жабылады.

3 Доғаны доға аралығындағы импульс ойығымен жағу, доғаның қоректену көзінің кернеуінде орналасқан, осциллятор көмегімен жүзеге асырылады.Осциллятор бұл-төменгі кернеудегі өндіріс тогының жиілігін , жоғары кернеудегі токтың жоғары жиілігіне алмастыратын құрал