Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Ойылудың алдын алу шаралары.

Мақсаты: ойылудың алдын алу.

Ойылатыр жерлер: құйымшақ, жауырын, шынтақ, қара құс, жамбас буыны.

Көрсеткіштері: ұзақ төсек тартып жату, орталық және шеткі жүйке жүйесінің зақымдалуы, организмде зат алмасудың бұзылуы, шығару жүйесінің қызметі бұзылу.

Әзірле: лоток, салфеткалар, пинцет, шыны банка, 10 % камфора спирті, поролон немесе мақтадан жасалған шеңберлер.

Іс әрекеттері:

  • пациенттің төсегі жайлы болу керек, төсекте қоқым, қалдық, бүктеулер болмауын қадағалап отыру ;

  • әрбір 2 сағат сайын пациенттің дене қалыпын өзгертіп отыру;

  • кірленген және дымқылданған төсек-орынды уақытымен ауыстырып отыру ;

  • пациенттің терісін күніне 2 рет жылы сабынды сумен сүртіп отыру ;

  • теріні құрғатып, содан соң камфора спиртіне батырылған салфеткамен сүрту;

  • арнайы қорғаныш кремдерін жағу;

  • ойылу болатын жерлерге шеңберлер қою;

  • ойыққа қарсы матрас қолданыңыз;

Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Стоматиттің алдын алу.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, лихорадка болған пациенттер.

Әзірле:

1. 0,5% гидрокарбонат натрий, немесе 0,5% перманганат калий, ауыз кергішті, тіл ұстағышты;

2. Лоток, пинцет, дәке салфетка, шпатель;

Іс әрекеттері:

1. Қолыңызды жуыңыз;

2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

3. Пациенттің аузын кеңірек ашып, тілін шығаруды сұраңыз, егер оның

халі келмейтін болса, ауызкергіштің көмегімен аузын ашып, тілін

тілұстағышпен шығарыңыз;

  1. Әзірлеген ертіндіге салфетканы сулаңыз,

  2. Ұртын шпательмен ашып, салфеткамен ауыз қуысының шырышты қабығын, қызылиекті, барлық тісін және тілін сүртіңіз;

  3. Ерні, ауыз бұрышы тілінсе (езуі) май немесе вазелин жағыңыз.

  4. Аузын салфеткамен сүртіңіз.

  5. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Ескерту! Егер пациенттің протез тісі болса, оны түнде шешіп алып, жуып, таза стақанда сақтаңыз. Ауыз қуысын 2% гидрокарбонат ертіндісімен шаю қажет.

Құлақты күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Құлаққа құлық жиналғаннан есту қаблетінің төмендемеуі үшін.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер.

Әзірле:

Лоток, пинцет, мақта тампондары, мензурка, дәкеден жасалған дренаж (турунда), пипетка, 3% сутегі тотығы ертіндісі, 3% борлы спирт ертіндісі, Жане шприці;

Іс әрекеттері:

1. Қолыңызды жуыңыз;

2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

3. Мензуркаға 3% сутегі тотығы немесе 3% борлы спирт ертіндісін

құйыңыз;

4. Пинцетпен турунданы алып, сутегі тотығы ертіндісіне сула;

  1. Сол қолмен құлақтың ұшынан тартып, оң қолмен турунданы бұрап отырып 1см тереңдікке кіргізіп 2-3 минутқа қалдырыңыз;

  2. Турунданы құлақтан бұрап шығарыңыз;

  3. Екінші құлақты да осылай тазалаңыз;

  4. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңыз;

Мұрын қуысын күту іс әрекеттері.

Мақсаты: Мұрынмен дем алу қиындамау үшін.

Көрсеткіштері: жағдайы ауыр және әлсіз пациенттер, мұрын қуысынан бөлінетін заттар болғанда.

Әзірле:

Лоток, пинцет, мақта тампондары, дәкеден жасалған дренаж (турунда), вазелин майы.

Іс әрекеттері:

1. Қолыңызды жуыңыз;

2. Пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

3. Пинцетпен турунданы алып, вазелинге салып, жайлап сығыңыз;

4. Турунданы оң қолға алып мұрын қуысына бұрап кіргізіп, 1-3

минутқа қалдырыңыз;

5. Турунданы мұрын қуысынан бұрап шығарыңыз;

6. Екінші мұрын қуысын да осылай тазалаңыз;

7. Қолданған құралдарды дезинфекциялаңы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]