
- •1) Физикалық құрамына баға беру:
- •2) Химиялық құрамы
- •3) Микроскопиялық тексеріс
- •Нәжісті қарапайым құрттарға және глист жұмыртқаларына тексеру.
- •Қақырықты бөтен (атипиялық) клеткаларға тексеру.
- •Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.
- •Ирригоскопия.
- •Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.
- •Фортрансты қолдану.
- •Бір рет қана қолдану.
- •2. Фортрансты екі бөліп қолдану.
- •Спирография
- •Эзофагоастродуоденоскопия
- •Ректороманоскопия
- •Радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
- •Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
- •Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Ультрадыбыспен тексеру.
- •Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
- •180 Градуста 60 минут
- •Қолды жұмысқа дайындау.
- •Төсек орын ауыстыру
- •Іш киімді ауыстыру
- •Ойылудың алдын алу шаралары.
- •Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
- •Құлақты күту іс әрекеттері.
- •Көзді күту іс әрекеттері.
- •Шашты күту.
- •Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
- •Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
- •Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
- •Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.
- •Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.
- •Салмақты өлшеу.
- •2) Бойды өлшеу.
- •Жылытқыш қою әдісі.
- •Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.
- •Дене қызуын өлшеу.
- •Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.
- •Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).
- •Он екі елі ішекті зондтау.
- •Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
- •Асқазанды жуу.
- •Тазалау клизмасы.
- •Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
- •Оттегін беру жолдары.
- •1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
- •2) Оттегін жастықша арқылы беру.
- •Жылыту компресін қою әдісі.
- •Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
- •Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.
- •Дәрілерді сырттай қолдану.
- •Ер адамның қуығын катетрлеу.
- •Тері астына егу әдісі.
- •Көк тамырдан қан алу әдісі.
- •Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
- •Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
- •Ампуладан және флаконнан дәріні алу.
- •Нәжісті тексеру әдістері.
- •1. Нәжісті копрологиялық тексеру.
- •2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.
- •3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
- •4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.
- •5. Нәжісті бактериологиялық тексеріске жинау.
- •Люмбальды пункция
- •Абдоминальды пункция (лапароцентез)
- •Плевральды пункция (торакоцентез)
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
- •1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.
- •2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.
- •3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:
- •4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:
- •6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:
- •7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.
- •Емдеу орындарын жиыстыру түрлері.
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
Тексерістен 3 ай бұрын йод және бром препараттарын тағайындамайды немесе тоқтатады. Егер тексерістен 2-3 жұма бұрын құрамында йоды бар контрасты заттар қолданған болса (холецистография, холангиография, урография) және терісін йод ертіндісімен немесе Люголь ертіндісімен сүрткен болса, радиоизотопты тексеріс кейінге жылжытылады.
Мақсаты: пациентте қалқанша бездің қатерлі ісігі болса немесе болуы мүмкін деп күдіктенсе және сәулелер мен хирургиялық емдеу әдісін таңдағанда.
Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
Бұл тексеріске пациент таңертең ашқарында келеді, өзімен бірге 2 шикі жұмыртқа әкеледі.
Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
Бұл тексеріс ұйқы безінде қатерлі ісік болғанда немесе күдік туғанда жүргізіледі. Науқасты дайындау үшін ішке 2% Люголь ертіндісін 10-15 тамшыдан күніне 3 рет немесе 10% 3-5 тамшыдан күніне 3 рет тексерістен бұрын 3 тәулік және тексерістен кейін 3 тәулік беріледі.
Ультрадыбыспен тексеру.
Ультрадыбыс – жүрек-қантамыр жүйесінің диагностикасында (жүрек), ас қорыту жүйесі (бауыр, өт қабы, көк бауыр), зәр шығару жүйесі (бүйрек, қуық), жыныс ағзалары (жатыр, аналық без, қуық асты безі), эндокрин жүйесінен (қалқанша және ұйқы безі) жиілігі жоғары толқынды дыбыс арқылы тексеру тәсілдері. Бұл тексеріс арқылы мүшелердегі патологиялық өзгерістерді (ісік, киста, поликистоз, гидронефроз) көруге болады.
Бұл әдістің артықшылығы: пациенттердің барлық жағдайында өткізуге болады, ағзаға ешқандай зат жіберілмейді, зиянды емес және тексерістің нәтижесін бірден алуға болады.
Іш қуысы мүшелерін (бауыр, өт қапшығы, ұйқы безі, көк бауыр) және бүйректерді ультродыбыспен тексергенде пациенттерді дайындау тәртібі:
пациентті тесеру мақсатымен таныстыру;
метеориз болатын науқастарға 3 күн бұрын шлаксыз диета тағайындау;
дәрігердің тағайындауы бойынша активтелген көмір таблеткаларын беру;
кешкі 18-ден кейін тамақ ішпеу;
таңертең аш қарында;
Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
Емдеу сауықтыру мекемелерінде мейірбикенің бір міндеті болып санитарлық эпидемияға қарсы режимді сақтауды қадағалау саналды. Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (еденді жуу, жиһаздарды, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу немесе дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.
Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде таңбаланған болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ген. уборка арнайы кестемен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ген.уборка жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операция жасайтын бөлме, таңба және егу бөлмелерінде) кесте бойынша кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек .
Дезинфекция дегеніміз қоршаған ортадағы патогенді микроорганизмдерді жою.
Дезинфекцияның түрлері:
Сақтандыру дезинфекциясы аурухана ішінде инфекцияны болдырмау үшін жүргізіледі
Ошақты дезинфекция екі түрге бөлінеді:
Ошақты күнделікті - ол инфекция ошағы бар жерде, науқас жатқан жерде және барлық емдеу сақтау бөлмелерінде күніне екі реттен кем жүргізілмейді.Дезинфекцияны рұқсат етілген жуу және химиялық ертінділермен инструкциясы бойынша жүргізеді. Ертінді құйылған ыдыстар белгіленген болу керек, онда ертіндінің аты, концентрациясы, дайындаған күні жазылып тұру керек. Ертінділер арнайы, бөлек бөлмеде сақталады. Жиыстыруға қолданылатын құралдар белгіленген болу керек.
Ошақты ақырғы – ол бір рет науқас тәуір болып үйіне шыққанда, қайтыс болғанда немесе жұқпалы аурулар бөліміне ауыстырылғанда жасалады. Оның мақсаты инфекциялық ошақты аурудың қоздырғыштарынан мүлдем жою үшін.
Дезинфекцияның әдістері: Механикалық, физикалық, химиялық және құрастырма деп төрт түрге бөлінеді.
1) Механикалық дезинфекцияға жатады:
- бөлмені және бөлмедегі құралдарды ылғалды жиыстыру
- төсек - орынды қағып – сілку
- бөлменің шаңын тазалау пылесос арқылы, сылау, сырлау
- қолды жуу
2) Физикалық дезинфекция:
- күннің сәулесін қолдану
- ультрофиолеттік сәулелерді қолдану
- ыстық өтектеу, күйдіру
- қоқыстарды, керек емес құралдарды өртеу
- қайнату
- пастерлеу
Физикалық әдіс ең қауіпсіз, ең қолайлы әдіс.
Химиялық әдіс:
Емдеу сауықтыру мекемелерінде осы әдіспен жұмыс істегенде науқаспен немесе биоматериалмен қатынаста болған құралдарды толық химиялық ертінділерге батыру керек. Егер науқаспен қатынаста болмаса онда ол заттарды осы ертінділерге батырылған салфеткалармен немесе мәрлімен екі рет сүрту кеерек. Емдеу сауықтыру мекемелерінде тек қана Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің департаментінде госсанэпиднадзор рұқсат етілген химиялық ертінділермен жұмыс істеледі.
Құрастырма әдісінде дезинфекция арнайы дезинфекциялық камераларда жүргізіледі:
паровоздушный – ылғалды ауамен 110 градус температурада, қысымы 0,5 атм., экспозициясы 20 мин.
Пароформалиновый – 0,5 атм., температурасы 90 градус, экспозиция 30 мин
Залалсыздандыру.
Қазіргі медициналық қызмет көрсететін емдеу сауықтыру мекемелерінде САН ПиН 533 бұйрығы бойынша медициналық құрал - жабдықтарды дезинфекциялау және стерилездендіру (залалсыздандыру) әдістері, құралдары, тәртібі қолданылады, ол кейіннен №533 бұйрығымен толықтырылған. Бұл құжаттар барлық емдеу және сауықтыру мекемелерінде міндетті түрде қолданылуы керек.
Залалсыздандыруға барлық жарамен, қанмен және егулерде қатынаста болған медициналық құралдар жіберіледі.
Асептика туралы түсінік – инфекцияны жараға, науқастың организміне түсірмеу үшін қолданылатын шаралар.Ол үшін науқаспен қатынаста болған құрал-жабдықтардың бәрін дезинфекциялау қажет.
Стерилиздендіру (залалсыздандыру) – физикалық факторлардың әсерімен және химиялық препараттарды қолдану арқылы қоздрғыштарды және олардың спораларын жою.
Стерилизендіру әдістері:
- термикалық әдіс (ыстық температура арқылы);
ультрофиолетті сәулелерді қолдану (таңба, егу, операция жасайтын бөлмелерді);
ультродыбысты стерилиздендіру;
инфра қызыл сәулелермен стерилиздендіру;
стерилиздендірудің химиялық әдісі полиэтиленнен жасалған құралдарды, жасанды дем алдыру аппаратын, әртүрлі эндоскоптарды дезинфекциялық ертінділерді қолдану арқылы өткізіледі;
газбен стерилиздендіру;
Клиникалық тәжірибеде көбіне термикалық әдіс жиі қолданылады: автоклавта және құрғақ ауа шкавында.
Медициналық құралдарды залалсыздандыру емдеу сауықтыру мекемелерінде орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.
\
Автоклавта стерилиздендіру режимі
1-ші режим 132 С, қысымы 2 атм., уақыты 20 минут
2-ші режим 120 С, қысымы 1 атм., уақыты 45 минут
Бірінші режим (негізгі) бойынша бөз бен мәрліден жасалған таңба материалдары, киім, төсек, әйнек және металдан жасалған құралдар стерилиздендіріледі.
Екінші режим (щадящий) бойынша резеңке, латекс, полимерлерден жасалған заттар стерилиздендіріледі.
Бумен стерилиздендірілетін заттар алдымен крафт-пакеттерге немесе бикстерге салынады САН ПиН 90100176 бұйрығына сәйкес. Стерилиздендірілген заттардың залалсыздығы крафт-пакеттерде 3 тәулік сақталады.
Құрғақ ауа шкавында стерилиздендіру