Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Эзофагоастродуоденоскопия

Мақсаты: өңеш, асқазан, он екі елі ішектің шырышты қабатын эндоскопиялық тексеру, биопсия алу және емнің нәтижесін бағалау.

Әзірле: орамал.

Іс әрекеті:

- пациентке тексерістің мақсатын және дайындалу тәртібін түсіндіру;

- зерттеу таңертең ашқарында жүргізілетінін пациентке ескерту;

- шылым шекпеу, тіс тазаламау, су ішпеу және дәрілер қабылдамауды

ескерту;

- тексерістен бір күн бұрын кешкі асты сағат 19.00-ден кеш қабылдамау;

- тексеріс алдында тіс протезі болса, алып тастау;

- пациент өзімен бірге орамал алуын ескерту, сілекейі көп ағып,

дискамфорт болмас үшін;

- пациентке тексеріс кезінде сөйлемеуді және сілекейін жұтуды ескерту;

- тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің жағдайын бақылап тұру;

- егер тексеріс үстінде биопсия жүргізілсе, онда бір тәулік бойы тағамды

суық күйінде қабылдау;

- инструкция бойынша эндоскопты және басқа да құралдарды

дезинфекциялау және заласыздандыру;

- қолғаптарды №19 бұйрық Б класы бойынша жою;

Колоноскопия

Колоноскопия - тоқ ішектің жоғарғы бөліктерінің шырышты қабатын эндоскопиялық тексеру.

Іс әрекеті:

  • пациентті өткізілетін тексерістің мақсатымен таныстыру;

  • 3-5 күн шлаксыз диета (№4 диета);

  • 2 күн бұрын ішті босататын дәрілер беру;

  • 2 рет тазалау клизмасын жасау немесе фортранс беру;

  • Дәрігердің тағайындауы бойынша премедикация жасау;

  • Тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің жағдайын бақылап тұру;

Ректороманоскопия

Ректороманоскопия (RRS) – тік ішектің және сигма тәрізді ішектің шырышты қабатын эндоскоппен тексеру.

Бұл тексерістің көмегімен қабыну процестерін, жара, геморрой, қатерлі ісіктерді анықтауға және күдікті жерден биопсия алуға болады. Тексеріс кезінде пациент шынтақты-тізерлі жағдайда болады.

Дайындық:

  • тексеріс таңертең ашқарында болатынын ескерту;

  • фортранс беру немесе тексерістен 2 сағат бұрын тазалау клизмасын жасау;

  • дәл тексеріс алдында пациент зәрін сындыру керек;

- тексерістен кейін 2 сағат бойы пациенттің жағдайын бақылап тұру;

Лапароскопия.

Іш қуысында патологиялық өзгерістерді табу үшін қолданады. Бұл тексерісті асептикалық ережелерді қолдана отырып, тек қана арнайы маман жүргізе алады. Науқасты лапароскопияға операцияларға дайындағандай дайындайды. Тексерістен бір күн бұрын науқасты жуындырып, тазалау клизмасын жасайды немесе фортранс береді. Кешке жатарда дәрігердің тағайындауы бойынша тыныштандыратын дәрі береді, таңертең тамақ және су да ішуге болмайды. Тексерістен 1 сағат бұрын 1 мл 1% промедол немесе 1 мл 0,1% атропин ертіндісін береді. Операция өткізілетін жерге науқасты каталкамен апарады.

Радиоизотопты әдіспен тексеру.

  1. Радиоизотопты әдіспен тексеру. Бұл әдіс кейбір ағзалар өз бойында белгілі бір химиялық элементтерді жинау қасиетіне негізделген, мүшедегі радиоактивті изотоптардың арқасында ерекше тіркеуші құралдар тексеретін ағзаның бейнесін алуға көмектеседі.

Жалпы тәртібі: Бұл тексеріс тек 40-тан ақан пациенттерге жүргізіледі. Радиоизотопты тексеріс жүргізген күні рентген тексеріс жүргізуге болмайды. Радиоизотопты тексерісті бір реттен көп жүргізсе, онда радиолог-дәрігердің консультациясы керек. Кері көрсеткіштеріне жатады: жүктілік, лейкопения және гипопластикалық анемия.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]