Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Ирригоскопия.

Мақсаты: науқастың тоқ ішегін рентгенмен тексеру: түрін, көлемін, шырышты қабатын, тонусын және перистальтикасын.

Әзірле: Эсмарх кружкасы және 1,5л барий сульфатының тұнбасы (36-37 градуста).

Іс-әрекеттері:

  • пациентке тексерістің мақсатын, дайындық тәртібін түсіндіру;

  • 2-3 күн бұрын шлаксыз диета, газ жинайтын тағамдарды тамақтан алып тастау (көкөністер, жеміс-жидектер, сүтті тағамдар, қара нан, шырындар)

  • 2 литрге дейін көп сұйық ішу керек;

  • тексерістен 12-13 сағат бұрын пациентке 30-60 мл кастор майын беру;

  • кешке және таңертең 2 сағат бұрын тазалау клизмасы немесе кешке фортранс беру;

  • таңертең пациентке жеңіл ақузды тамақ беру;

  • науқасты рентген кабинетіне апарып, тік ішекке клизма арқылы барий сульфатын (1,5 литр суға 200г барийді ерітіп) 36-37 градуста береді;

  • пациентке нәжістің түсі өзгеруі мүмкін екенін ескерту;

  • рентген кабинетінде бірнеше суретке түсіріледі;

  • стационарда болса, пациентті палатасына апарып, жағдайын бақылап тұру;

Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.

Мақсаты: Науқастың бүйрегін және зәр шығару жолдарын рентгенмен тексеру.

Іс әрекеті:

  • 3 күн бұрын шлаксыз диета тағайындалады;

  • Метеоризм болса активтелген көмір беріледі (1-2 таблеткадан 3-4 рет);

  • Тексерістің алдында 18-20 сағат бұрын тамақ қабылдамайды;

  • Тексерістен бір күн бұрын кешке және тексеріс өткізілетін күні таңертең 2 сағат бұрын тазалау клизмасы жасалады немесе 2 рет фортранс беріледі;

  • Рентген кабинетінде контрасты затты (омнипак немесе ультровист) 50-60кг салмаққа 20 мл көк тамырға жіберіп, рентгенге түсіреді;

  • Тексерістен кейін 2 сағат науқастың жағдайын бақылап тұру

Фортрансты қолдану.

  1. Бір рет қана қолдану.

Фортрансты тамақ ішкеннен кейін 1,5 – 2 сағат өткесін қабылдау керек. Бір пакетті 1 литр суда ерітеді. 1 литр ертіндіні 1 сағат бойы 1 стақаннан әр 15 минут сайын бөліп-бөліп ішу керек. 45 – 60 минуттан кейін сұйық дәрет бөліне бастайды. 2 – 3 сағаттан кейін ішек тазарады.

Ішекті толық тазалау үшін 4 пакет фортранс қабылдау керек.

2. Фортрансты екі бөліп қолдану.

Көбіне науқастарды колоноскопияға дайындаған кезде қолданады. 2

литр ертіндіні колоноскопия өткізетін күннен бір күн бұрын кешке, ал

қалған 2 литрді таңертең қабылдайды.

Спирография

Мақсаты: Әр түрлі тыныс алу қимылдарына байланысты өкпенің көлемінің өзгеруін (дем алу тербелісін) графикалық жазу:

  1. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын (ӨТС немесе ЖЕЛ)

  2. Өкпенің қалдық көлемі (ООЛ – остаточный объем легких)

  3. Өкпенің вентиляциялық көрсеткіштерін анықтайды.

Дайындық:

  • ең алдымен науқасқа ескерту жасау, бұл тексерістің таңертең ашқарында болатынын;

  • тексерісті науқас функционалды бөлмеге келіп, 15-20 минут дем алғаннан кейін өткізу;

  • Спирография таңертеңгі сағаттарда бронхолитиктер мен бетаблокаторларды қолданбағанда өткізілген жөн;

Көрсеткіштері адамның жынысы, жасы, салмағы және бойына байланысты.

Пневмотахометрия

Мақсаты: терең дем алғанда және терең дем шығарғанда «пиковый» жылдамдықты өлшеу. Алынған көрсеткіштер бойынша бронхылардың өткізгіштігін тексереді, көбіне бронхолитик дәрілерді тағайындағанда қажет.

Бронхоскопия.

Мақсаты: Тыныс жолдары арқылы эндоскоппен жұтқыншақтың, кіші және ірі калибрлі бронхтардың шырышты қабатын тексеру.

Іс әрекеті:

  • пациентке тексерістің мақсатын түсіндіру;

  • аш қарында өткізілетінін ескерту;

  • бірнеше күн бұрын дәрігердің тағайындауымен транквилизаторлар беріп, премедикация өткізу;

  • алмалы-салмалы тістері болса алып тастау;

  • қуықты және ішекті босату, дискамфорт сезімін болдырмау;

  • пациентті тыныштандыру үшін дәрігердің тағайындауы бойынша тексерістен 15 минут бұрын премедикация жасау;

  • жоғарғы тыныс жолдарына анестезия жасау;

  • бронхоскопиядан кейін асфиксия болдырмау шараларын өткізу;

  • бронхоскоп және басқа құралдарды дезинфекциялау және залалсыздандыру;

  • қолғаптарды №19 бұйрық Б класы бойынша жою;

  • тексерістен кейін науқастың жағдайын 2 сағат бойы бақылап тұру (қан кету, тұншығу, бас айналу болуы мүмкін), жағдайы нашарласа дәрігерге хабарлау, жедел жәрдем көрсету;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]