Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.

Мақсаты: Өкпе туберкулезінде Кох таяқшаларын іздеу.

Көрсеткіші: Тыныс алу мүшелері аурулары, өкпе туберкулезіне күдік болу.

Әзірле: 3 бір рет қолданылатын залалсыздандырылған қақпағы бар шыны контейнерлер, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • пациентті қақырықты жинау ретімен таныстыру;

  • халат, маска,қалпақ, қолғап кию:

  • ТБ 05 медициналық үлгісін толтыру;

  • пациент туралы мәліметтерді ТБ 05 журнал үлгісіне жазу;

  • контейнерге пациенттің тегін және номерін жазу;

  • пациентке қолын жуып, аузын шаюды ескерту;

  • қақырық тапсырар алдында ауа сорғыш вентиляторды қосу;

  • пациентті ашық терезе алдына қаратып қою;

  • пациентке контейнерді беріп, қақпағын ашу;

  • пациенттің артында 1м қашықтықта тұру;

  • пациенттің қақырынып, 3-5мл қақырық түкіріп беруін сұрау;

  • пациентке контейнердің қақпағын жауып, мейірбикеге беруін сұрау;

  • контейнердің қақпағын тексеріп, дезертіндімен сүртіп, бикске салу;

  • қолды ағынды сумен жуып, инструкция бойынша тазарту;

  • қолғапты шешіп, №533 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;

  • пациентке екінші контейнерді беріп, үйде екінші үлгіні қалай жинау керек екенін түсіндіру;

  • екінші контейнерді таңертең мейірбикеге әкелу керек екенін түсіндіру;

  • пациентке үшінші үлгіні тағыда осы кабинетте тапсыратынын ескерту;

  • ТБ 05 журнал үлгісін толтыру;

  • Пациент кеткесін 10 минуттан кейін ауа сорғыш вентиляторды тоқтату;

Тамақтан жұғынды алу.

Мақсаты: Қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Ішінде таяқшасы бар залалсыздандырылған шыны пробирка, бір рет қолданылатын залалсыздандырылған шпатель, стеклограф, бикс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті жұғынды алу ретімен таныстырып, келісімін алу;

  • Қолды жұмысқа дайындап, маска және қолғап кию;

  • Пациентті жарыққа қаратып отырғызу;

  • Пробиркаға стеклографпен номер қойып, пробирканы штативке қою;

  • Сол қолыңызға пробирка мен шпательді алу;

  • Пациенттің аузын ашуын сұрау;

  • Шпательді тілінің түбіне басып, оң қолыңызбен пробиркадан таяқшаны алу;

  • Ауыз қуысының шырышты қабатынан жұғынды алу;

  • Таяқшаны пробирканың сыртына тигізбей енгізу, қақпағын жабу;

  • Пробирканы штативке қойып, бикске салу, жабу;

  • Шпательді алып, №533 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;

  • Пробирканы жолдамамен бірге зертханаға жіберу;

Мұрыннан жұғынды алу.

Мақсаты: Қоздырғыштарды іздеу, қоздырғыштар табылса олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.

Әзірле: Ішінде таяқшасы бар залалсыздандырылған шыны пробирка, бір рет қолданылатын залалсыздандырылған шпатель, стеклограф, бикс, үлгімен толтырылған жолдама.

Іс әрекеттері:

  • Пациентті жұғынды алу ретімен таныстырып, келісімін алу;

  • Қолды жұмысқа дайындап, маска және қолғап кию;

  • Пациентті жарыққа қаратып отырғызу;

  • Мұрын қуысын қарап, оның таза екеніне көз жеткізу;

  • Пробиркаға стеклографпен номер қойып, пробирканы штативке қою;

  • Сол қолға пробирканы алу;

  • Оң қолмен пробиркадан таяқшаны алу;

  • Сол қолыңыздың саусағымен мұрынның ұшын көтеріп, оң қолыңызбен бұрап отырып, таяқшаны енгізу;

  • Мұрын қуысының шырышты қабатынан жұғынды алу;

  • 2-ші мұрыннан да солай алу;

  • Таяқшаны пробирканың сыртына тигізбей енгізу, қақпағын жабу;

  • Пробирканы штативке қойып, бикске салу, жабу;

  • Шпательді, қолғапты №533 бұйрықтың Б класына сәйкес жою;

  • Пробирканы жолдамамен бірге зертханаға жіберу;

Рентген тексеріс туралы түсінік.

Рентгендиагностика деп ағзаны рентген сәулесімен зерттеуді айтады, бұл тәсілдің негізі сәуленің әр түрлі тығыздықтағы ұлпалар арқылы өтуі.Егер сәулені адам ағзасы арқылы өтуін экранға немесе фотоқағазға бағыттаса, онда зерттелетін ағзаның бейнесін алуға болады.

Рентгендиагностиканың түрлері: рентгеноскопия, рентгенография, рентгенофлюорография , компьютерлі томография .

  1. Рентгеноскопия – ішкі ағзаны рентгенмен көру және оның анатомдық-физиологиялық ерекшелігі мен қызметін зерттеу.Бұл тексерістің жеткіліксіздігі – оны бір ғана маман көре алады, оның қателесуі мүмкін, кейбір қиын жағдайда басқа мамандарға көрсетуге мүмкіндік жоқ.

  2. Рентгенография – рентген сәулесі арқылы суретке түсіру (өкпені, жүректі), керек жағдайда бірнеше проекцияда жасайды. Бұл әдіспен рентген суретін бірнеше маман көруге болады және суреттерді салыстыруға болады.

  3. Флюорография – рентгенография сияқты, өзгешелігі кішірейтіліп түсірілген (үнемді). Бұл тәсіл жалпы сауықтыру және қалыпты диагностикалық зерттеулерде қолданылады.

  4. Томография немесе компьютерлі томография – мүшелердің әр қабатын рентгенмен тексеру.

Бұл тексерістерді дайындықсыз өткізуге болады.

Қуыс ағзаларды рентгенмен тексерер алдында ерекше контраст заттармен толтырады. Оның алдында контрасты заттарға сезімталдығын тексерелді. Мысалы:

  1. Бронхография - трахея мен бронхтарды арнайы контрасты заттармен толтыру арқылы рентгенмен тексеру. Тексерістің алдында йодты заттарға сезімталдығын анықтау сынамаларын өткізеді (пациентке 2-3 күн бойы 1 ас қасықтан 3% йодид калий ертіндісін береді). Науқасқа тексерістің мақсаттарын түсіндіреді. Егер іріңді қақырық болса 3-4 бронх ағашын тазалауды жүргізеді (бронхтардың дренажы, қақырық түсіретін дәрілер т.б.). Бронхографияның алдында 30-60 минут бұрын дәрігердің тағайындауы бойынша фенобарбитал (0,1), атропин (0,1%- 1,0) тері астына немесе пипольфен (0,025г), седуксен (0,005г)береді. Егер асқынулар болса, ол анестезияға немесе котрасты затқа байланысты болады.

  2. Ангиография – артериялардың ішіне рентгенконтрасты заттарды жіберу арқылы ішкі ағзаларды рентгенмен тексеру.

  3. Коронарография - коронарлы артерияларды контрасты зат жіберу арқылы рентгенмен тексеру.

Холецистография

Мақсаты: өт қапшығы ауруларының диагностикасы.

Қарсы көрсеткіштері: бауыр ауруларының ауыр түрлері, бауырдың дене қызуының жоғарлауымен өтетін жедел қабыну аурулары.

Іс әрекеттері:

  • пациентке тексерістің қажеттігі туралы түсіндіру, дайындыққа үйрету: тексерістің алдында ішекті босату;

  • метеоризм болса, кешке ұйқыдан 2 сағат бұрын тазалау клизмасын қою немесе фортранс беру;

  • тексеріске дейін, 14-17 сағат аралығында10 минут сайын 6 таблетка контрасты затты қабылдау, тәтті шәймен бірге;

  • егер науқастың денесі ірі болса контрасты заттың мөлшерін екі есеге көбейтеді.

  • пациентке таңертең ашқарында рентген кабинетке келу керек екенін ескерту;

  • пациент стационарда болса, 2 сағат бойы жағдайын бақылап тұру;

Холангиохолецистография.

Мақсаты: өт қапшығын және өт жолдарын контрасты затты көк тамыр арқылы жіберіп рентгенмен тексеру.

Дайындық:

Өт жолдарын контрастау үшін қолданады: ампуладағы 20 мл билигност немесе билиграфин.

Науқасты дайындау контрасты затқа сезімталдығын анықтаудан басталады. Ол үшін 1-2 күн бұрын көк тамырға 1-2 мл контрасты жібереді. Егер науқас сезімтал болса, оның белгілері: әлсіздік, көзден жас ағу,түшкіру,тері қышу, лоқсу, құсу.

Тексеріс күні науқас таңертең тамақ ішпейді, тексерістің алдында кешке және таңертең тазалау клизмасы жасалады немесе фортранс беріледі.

Рентген кабинетінде науқасқа контрасты затты жатқызып қойып көк тамырға береді. Алдымен контрасты затты 37 градусқа дейін жылытады, сосын ақырын 5-8 минут аралығында 20 % 30-40 мл билигносты немесе 50%

20 мл билиграфинді (семіз және холецистэктомия болған науқастарға) береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]