Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.

ВОЗ анықтамасы бойынша АІИ-ға науқастардың ауруханаға түскеннен кейін, немесе емханаға барып қаралғаннан, немесе ауруханада, емханада істейтін қызметкерлердің сол мекемеде жұмыс істеу барысында болған ауруды айтады.

АІИ денсаулық сақтау мекемелеріне көп экономикалық және әлеуметтік шығын әкеледі. АІИ –ің көбі медициналық араласудан болады, оның 85 % - іріңді – септикалық аурулар, 15 % - өткір жұқпалы инфекциялар.

3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:

  1. организмнің иммунитеті төмен

  2. антибиотиктерге сезімтал емес микроорганизмдердің көбеюі

  3. жасы үлкен, жағдайлары нашар адамдардың көбеюі

  4. науқасқа күту көрсеткенде тазалық сақтамау

  5. инвазивті манипуляциялардың (мүшенің бүтіндігін бұзатын) көбеюі

  6. ЕСМ-ің жұмысының көбеюі

  7. Құралдардың ескіруі және т.б.

4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:

Корь, скарлатина, дифтерия, сальмонеллез, В және С гепатиті ауруларының қоздырғыштары және условно-патогенді микрофлора.

Осы патогенді микрофлоралардың ішінде жиі кезесетіні стафилококк, стрептококк, синегнойная палочка, ішек таяқшасы, протей, сальмонеллалар.

Осы инфекциялардың қоздырғыштары инфекция ошағында болады. АІИ инфекция ошағы болуы мүмкін:

  • медицина қызметкерлерінің қолы

  • ішек қуысы, зәр шығару жүйесі, мұрын қуысы, тері, шаш, ауыз қуысы.

  • қоршаған орта: мед.қызметкерлер, шаң, су, тамақ

  • құралдар

  • дәрілер

5.Инфекциялық процесс - дегеніміз макро және микроорганизмдердің қатынасынан жұқпалы аурудың таралуы өткір, созылмалы, жасырын түрде.

6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:

  • аэрозольды (ауа- тамшы)

  • тұрмыстық - қатынас арқылы

  • жасанды (артифициальный) – қан, зәр, нәжіс және басқа да биоматериал арқылы.

7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.

Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу үшін емдеу және алдын алу мекемелерінде төмендегідей шараларды жүргізеді:

  1. снаитарлық-гигиеналық режим сақтау

  2. науқастарды ауруханаға қабылдау тәртібін сақтау (науқастарды битке тексеру, дене қызуын өлшеу, мұрыннан және тамақтан жұғынды алу)

  3. жиыстыру құралдарын, дез.ертінділерді сақтау ережелерін сақтау САН ПиН 90100176 бұйрығы бойынша

  4. жұмыс киімдерін сақтау ережелерін қолдану

  5. ауруханадағы науқастарға санитарлық тазарту жүргізу және киімдері мен төсегін ауыстыру 7-10 күн сайын

  6. кір киімдерді сақтау ережелерін бұзбау

  7. науқастарды күтуне қолданатын медициналық құрал-жабдықтарды дезинфекциялау № 1050 бұйрық бойынша жүргізіледі

  8. жұқпалы аурулармен ауыратын науқастарды бақылап табу,олармен қатынаста болған адамдарға бақылау жүргізу уақытын сақтау

  9. тамақтандыру режимін қадағалау: ыдыстарды, жиыстыру құралдарын тазалау, сақтау, үйден әкелінген тамақты тексеру

  10. жұқпалы аурулармен және аса қауіпті аурулармен ауыратын науқастар болса, бөлімдерде ескрту – схемалары болу керек, онда мед.қызметкерлерінің жұмыс істеу тәртібі көрсетілген, жедел жәрдем беру, хабарлау схемасы, керекті жиынтықтар тізбесі

  11. САН ПиН 533 бұйрығы бойынша емдеу және алдын алу мекемелерінде қалдық заттарды жинау, сақтау, жою тәртібін

Дезинфекция: түрлері,әдісі, қолданылатын заттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]