Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері

Барлық ем өткізілетін бөлмелер, құралдар, медициналық және басқа да инвентарьлар таза болуы керек. Бөлмеде ылғалды жиыстыруды (пол жуу, мебельді, терезені, есікті сүрту) тәулігіне екі рет жуу және дез.ертінділерді қолдану арқылы өткізеді.

Жиыстыру жүргізуге қолданылатын құралдар міндетті түрде маркировкаланған (белгіленген) болуы керек және оларды бөлек сақтап, тағайындауына байланысты қолдану керек. Палаталар және басқа да бөлмелер мен кабинеттерде ген. уборка арнайы графикпен кем дегенде айына бір рет өткізіледі. Егу және таңба бөлмелерінде ген.уборка жұмасына бір рет өткізіледі. Ерекше режиммен жұмыс істейтін бөлмелерде (операционная, таңба және егу бөлмелерінде) кварц немесе бактериоцидты лампалар қосылуы керек график бойынша

Емдеу сауықтыру мекемелерінің түрлері. Аурухана ішіндегі инфекция.

Мақсаты: Емдеу сауықтыру мекемелерінің түрлері, олардың атқаратын негізгі қызметтері және аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік беру.

Жоспар:

  • Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (ЕСМ) түрлері.

  • ЕСМ- дегі мейірбикелердің міндеті.

  • Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.

  • АІИ дамуына себеп болатын жағдайлар.

  • АІИ тудыратын қоздырғыштар.

  • Инфекциялық процесс туралы түсінік.

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары.

  • Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.

1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.

Тұрғындарғамед. Көмек көрсету үшін әртүрлі емдеу сауықтыру мекемелері қызмет етеді.

Ауруханалар – ауруларды ауруханаға жатқызып емдеу үшін қызмет етеді.

Ауруханаға жедел көмек, үнемі бақылауды қажет ететін және күніне бірнеше рет егулер мен системалар алатын, қан құюды қажет ететін науқастар жатқызылады. Ауруханалар бір және көп профильді болып бөлінеді:

  1. Бір профильді (мамандандырылған) – аурудың бір түрін ғана емдейді. Мысалы: туберкулез ауруы.

  2. Көп профильді – аурудың бірнеше түрін емдейді. Мысалы ауруханада терапия, хирургия, неврология т.б. бөлімдер болады. Әр бөлімде істейтін мейірбикенің міндеті әртүрлі.

Емханалар – көп профильді ЕСМ, ауруларға үйде көмек береді (егулер жасап, дәрілер береді), емханаға шақырып, тексерулер өткізеді.

Емхананың құрамы: қабылдау кабинеттері, лаборатория, аптека, егу бөлмесі, таңу бөлмесі, физиотерапия, массаж кабинеттері, әр түрлі тексерістер өткізетін кабинеттер (УДТ, Рентген,ЭКГ т.б.). Мұнда түрлі мамандар жұмыс істейді. Емхананың жұмыс істеу принципі –териториалды-учаскілік.Әр участоктың бекітілген дәрігері мен мейірбикесі болады.

Диспансерлер – мамандандырылған мед. Мекеме, аурудың бір түрін ғана емдейді. Мысалы: онкодиспансер, тубдиспансер, кож.вен.диспансер т.б. Ондағы мед.қызметкерлердің міндеті тұрғындар арасынан ауруларды тауып, оларды тіркеуге алып, үнемі бақылау жасап отырады, көмек көрсетеді, аурудың алдын алу шараларын өткізеді.

Амбулатория – емхана сияқты, айырмашылығы оның шағындылығында ғана, мұнда көп адам жұмыс істемейді, тек 4-5 мед. қызметкер болады.

Медико-санитарлық бөлімүлкен құрылыс, транспорт, өндіріс мекемелерінде істейтін жұмысшылардың денсаулықтарын бақылап, денсаулықты нығайту және аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Жұмысшылардың жұмыс орындарына жағдай жасайды.

Жедел жәрдем станциясы бұл мекеме тәулік бойы жарақат алған, улданған, қан жоғалтқан, босанатын әйелдерге және миокард инфарктсі, гипертониялық криз болған науқастырға көмек көрсетіп, ауруханаға тасымалдауға көмектеседі. Мұнда бригада болып жұмыс істейді, бригада құрамында 1 дәрігер, 2 фельдшер болады.

Балалар мен аналарды қорғау мекемелері, оған әйелдер консультациясы мен босану үйлері жатады. Әйелдер консультациясында жүкті әйелдер тіркеуге алынып, үнемі босанғанға дейін бақылауда болады, керек жағдайда ем жасалады. Мұнда жыныс ағзаларымен ауыратын әйелдер де емделеді.

Санаторий, профилакторийлар – қолайлы ауа райы, минералды сулар, саз, арнайы тамақтану, физиотерапияны қолдану.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]