Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Ампуладан және флаконнан дәріні алу.

Мақсаты: Дәріні парентералды жолмен енгізу.

Әзірле: бір рет қолданылатын шприцтер, лоток, залалсыздандырылған

пинцет, 70% этил спирті, мақта түйіршіктері, ампуладағы дәрілер,

ертінділер, қолғап.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз;

  • залалсыздандырылған шприці бар крафт-пакетті алып, сақталу мерзімі мен бүтінділігін тексеріңіз;

  • асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;

  • дәрігердің тағайындауы бойынша тағайындалған дәріні алып, атын, мөлшерін, сақтау мерзімін оқыңыз;

  • ампуланың мойынын (флаконның тығынын) спиртке батырылған мақтамен сүртіп, кескішпен кесіп, сол мақтамен сындырыңыз;

  • ампуланы сол қолдың 2 және 3 саусақтарының арасына алып, тігінен төмен қаратып ұстаңыз;

  • инені ампулаға кіргізіп, шприцке керек мөлшерде ертіндіні сорып алыңыз, ауасын шығарыңыз;

  • шприцтің қалпағын жабыңыз;

  • шприцті крафт-пакетке салып, лотокқа салыңыз;

Нәжісті тексеру әдістері.

1. Нәжісті копрологиялық тексеру.

Мақсаты: Ас қорыту жолдарының әр бөлігінің қорыту қызметін анықтау.

Әзірле: құрғақ, таза шыны флакон, жолдама, шпатель.

Науқасты дайындау: 3 күн бұрын Шмидт немесе Певзнер диетасы.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике науқасты нәжісті жинау ретімен таныстырады: бөлінген нәжістің 2-3 жерінен 5-10г алып, флаконға салу;

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Ескерту: Қалыпты жағдайда нәжісте астың қалдықтары болмауы керек.

2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.

Мақсаты: Гельминт жұмыртқаларын іздеу.

Әзірле: құрғақ, таза шыны флакон, жолдама, шпатель.

Науқасты дайындау: Арнайы дайындық қажет емес.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике науқасты нәжісті жинау ретімен таныстырады: бөлінген нәжістің 2-3 жерінен 5-10г алып, флаконға салу;

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Ескерту: Тексеруді 3 реттен кем емес қайталайды.

3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.

Мақсаты: Ас қорыту жүйесі мүшелерінен жасырын қан кетуді анықтайды (асқазан, он екі елі ішектің ойық жара ауруларында).

Әзірле: құрғақ, таза шыны флакон, жолдама, шпатель.

Науқасты дайындау: 3 күн бұрын арнайы диета тағайындалады, құрамында темірі бар тамақтар алып тасталады. Бір уақыт барлық құрамында темірі бар дәрілер берілмейді.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике науқасты нәжісті жинау ретімен таныстырады: бөлінген нәжістің 2-3 қан көрінген күдікті жерінен 10-15г алып, флаконға салу;

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Ескерту: Егер науқастың қызыл иегі қансыраса, ол тісті щеткамен жууға

болмайды, тек 3% сода ертіндісімен шаяды.

4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.

Мақсаты: нәжісте қарапайым құрттарды іздеу .

Әзірле: Клиникалық зертханадан консерванты бар флакон алу, жолдама, шпатель.

Науқасты дайындау: Дайындық қажет емес.

Іс әрекеттері:

  • Мейірбике науқасты нәжісті жинау ретімен таныстырады: жаңа бөлінген нәжісті флаконға салу, тығынын дұрыстап жабу.

  • Жиналған материалды жолдамамен бірге 15-20 минут ішінде зертханаға жеткізу.

  • Зертханадан келген анализдің нәтижесін ауру тарихына жапсыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]