
- •1) Физикалық құрамына баға беру:
- •2) Химиялық құрамы
- •3) Микроскопиялық тексеріс
- •Нәжісті қарапайым құрттарға және глист жұмыртқаларына тексеру.
- •Қақырықты бөтен (атипиялық) клеткаларға тексеру.
- •Қақырықты туберкулездің микобактерияларына тексеру.
- •Ирригоскопия.
- •Көк тамырға контрасты зат жіберіп жасалатын урография.
- •Фортрансты қолдану.
- •Бір рет қана қолдану.
- •2. Фортрансты екі бөліп қолдану.
- •Спирография
- •Эзофагоастродуоденоскопия
- •Ректороманоскопия
- •Радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Қалқанша безді тексеру (йод -131) - сцинтиграфия.
- •Бауыр мен өт қапшығының қызметін тексеру – динамикалық гепатобилиярлық сцинтиграфия.
- •Ұйқы безін радиоизотопты әдіспен тексеру.
- •Ультрадыбыспен тексеру.
- •Емдеу сауықтыру мекемелерінде санитарлық эпидемияға қарсы режим. Дезинфекция. Залалсыздандыру. Түрлері, әдістері.
- •180 Градуста 60 минут
- •Қолды жұмысқа дайындау.
- •Төсек орын ауыстыру
- •Іш киімді ауыстыру
- •Ойылудың алдын алу шаралары.
- •Ауыз қуысын күту іс әрекеттері.
- •Құлақты күту іс әрекеттері.
- •Көзді күту іс әрекеттері.
- •Шашты күту.
- •Дәрет ыдысын беру іс әрекеттері.
- •Әйел адамды төсегінде дәреттендіру.
- •Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыруға дейінгі тазалықтан өткізу кезеңдері.
- •Пациентті жасанды тамақтандыру.Әдістері, көрсеткіштері.
- •Науқасты ауруханаға қабылдау және тіркеу, антропометрия өткізу.
- •Салмақты өлшеу.
- •2) Бойды өлшеу.
- •Жылытқыш қою әдісі.
- •Термометрия. Дене қызуын өлшейтін жерлер, өлшеу әдісі, термометрді дезинфекциялау.
- •Дене қызуын өлшеу.
- •Қызба кезеңдері. Кезеңдеріне байланысты қызбаның белгілері және күту ерекшеліктері.
- •Асқазанды зондтау (фракциялық әдіспен).
- •Он екі елі ішекті зондтау.
- •Құсып жатқан пациентке көмек көрсету.
- •Асқазанды жуу.
- •Тазалау клизмасы.
- •Жел шығару түтікшесін қою әдісі.
- •Оттегін беру жолдары.
- •1) Оттегін мұрын катетері арқылы беру.
- •2) Оттегін жастықша арқылы беру.
- •Жылыту компресін қою әдісі.
- •Пульсті сәулелі артерияның бойынан анықтау және сипаттау.
- •Тыныс алу жиілігін, ырғағын, тереңдігін анықтау әдісі.
- •Дәрілерді сырттай қолдану.
- •Ер адамның қуығын катетрлеу.
- •Тері астына егу әдісі.
- •Көк тамырдан қан алу әдісі.
- •Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.
- •Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
- •Ампуладан және флаконнан дәріні алу.
- •Нәжісті тексеру әдістері.
- •1. Нәжісті копрологиялық тексеру.
- •2.Нәжісті гельминт жұмыртқаларына тексеру.
- •3. Нәжісті жасырын қанға тексеру.
- •4. Нәжісті қарапйым құрттарға тексеру.
- •5. Нәжісті бактериологиялық тексеріске жинау.
- •Люмбальды пункция
- •Абдоминальды пункция (лапароцентез)
- •Плевральды пункция (торакоцентез)
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
- •1. Емдеу және сауықтыру мекемелерінің (есм) түрлері.
- •2. Аурухана ішіндегі инфекция туралы түсінік.
- •3.Аіи дамуына себеп болатын жағдайлар:
- •4.Аіи тудыратын қоздырғыштар:
- •6.Аурухана ішіндегі инфекцияның таралу жолдары:
- •7.Аурухана ішіндегі инфекцияның алдын алу.
- •Емдеу орындарын жиыстыру түрлері.
- •2. Дезинфекцияның түрлері:
- •5. Емдеу орындарын жиыстыру түрлері
Кейбір дәрілік заттардың енгізу ерекшеліктері.
Инсулин.
Инсулин егудің мақсаты: қандағы қанттың мөлшерін азайту.
Инсулинді арнайы инсулиндік шприцтермен егеді, 1 мл-де 40 бірлік бар.
Инсулин егудің кері көрсеткіштері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергия болғанда. Инсулинді тері астына тамақтан 15 минут бұрын егеді. Егуді «жұлдызша» тәртібімен егеді, липодистрофия болдырмау үшін.
Гепарин.
Егу мақсаты: қан ұюды төмендету үшін.
Гепарин флаконда шығарылады, 1 мл-де 5000 бірлік бар. Гепариннің антогонисі дицинон 12,5% 1-2 мл к/т немесе б/е.
Гепарин егудің кері көрсеткіштері: анемия, ойық жара ауруы, қан жүйесі аурулары. Гепаринді тері астына егеді, мөлшерін дәрігер тағайындайды.
Бициллин.
Егу мақсаты: ұзақ уақыт емдеу керек болғанда және кейбір аурулардың алдын алу үшін (сифилис, ревматизм, жұқпалы асқынулар).
Бициллин-1: суда нашар ериді, еккеннен кейін бірінші сағаттарда әсер ете бастайды, әсер ету уақыты 7-14 күн.
Бициллин-3: әсер ету уақыты 4 -7 күн.
Бициллин-5: , әсер ету уақыты 4 жұма.
Бициллин арнайы сумен егердің алдында ерітіледі! Еріткеннен кейін тұнба пайда болады, сондықтан еріткесін тез егу керек .Егілген жерде депо пайда болады, сол жерден бициллин қанға біртіндеп сіңіп, ұзақ әсер етеді. Бицилиді жамбастың бұлшық етіне еккен жөн, егер алдында шприцтің поршенін өзіңе тартып тексер, егер қан болса егуге болмайды.Егілген жерге жылытқыш қою керек.
Майлы ертінділер.
Майлы ертінділер (камфора, прогестерон) тек қана б/е егіледі. Майлы
ертінділерді егер алдында оны 35-38 градусқа дейін жылыту керек. Инені кіргізгесін шприцтің поршенін өзіңе тартып тексеру керек, егер қан болса егуге болмайды, онда инені ауыстырып басқа жерге егу керек. Еккен жерге жылытқыш қою керек.
Жүрек гликозидтері.
Жүрек гликозидтері - өсімдіктен жасалған дәрілер, олар жүректің бұлшық етінің жиырылу қызметін жоғарлатады және жиырылу санын азайтады, брадикардия болдырады. Жүрек гликозидтерін қолданғанда жүректің лақтырылысы күшейіп, іркілісті болдырмайды, ісіктерді азайтады.
Строфантин, корглюкон к/т ақырындап егіледі, мөлшерін қатаң түрде дәрігер тағайындайды 0,3-0,5 мл физиологиялық ертіндіге 10-20 мл араластырып. Майларда еритін түріне дигоксин, дигитоксин жатады, олар түймедақ түрінде қолданылады.
Антибиотиктерді еріту.
Антибиотиктерді ерітуге қолданылатын ертінділер:
0,9% физиологиялық ерітінді
ампуладағы арнайы су
новокаин ертіндісі 0,25 және 0,5%
Антибиоиктерді ерітудің екі әдісі бар:
1:1 және 1:2 қатынаста.
Мысалы: пенициллинді новокаин ертіндісінде ерітеді. Ереже бойынша 1:1 қатынаста 1 мл ертіндіде 100 000 бірлік (0,1г) пенициллин ерітіледі. 1 000 0000 бірлік (1г) пенициллинді еріту үшін 10 мл новокаин ертіндісі алынады.
1:2 қатынаста 1мл ертіндіде 200 000 бірлік (0,2г) пенициллин ерітіледі. 1 000 0000 бірлік (1г) пенициллинді еріту үшін 5 мл новокаин ертіндісі алынады.
Антибиотиктерді ерітуге әзірле: бір рет қолданылатын 5-10 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта түйіршіктері, антибиотиктер, ертінділер, қолғап.
Іс алгоритмі:
қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;
дәрігердің тағайындауы бойынша антибиотикті және ертіндіні алып, атын, мөлшерін, сақтау мерзімін оқыңыз;
ампуланың мойынын (флаконның тығынын) спиртке батырылған мақтамен сүртіп, сол мақтамен сындырыңыз;
шприцке керек мөлшерде ертіндіні сорып алыңыз;
антибиотигі бар флаконды сол қолыңызға алып, оң қолыңызға ертіндісі бар шприцті алыңыз;
флаконның тығынын инемен тесіп, ертіндіні құйыңыз, инені флаконда қалдырыңыз;
флаконды сілкіп, антибиотикті толығымен ерітіңіз;
шприцпен ерітілген антибиотикті керек мөлшерде сорып алыңыз;
шприцке басқа залалсыздандырылған инені жалғастырыңыз, қалпағын жабыңыз;
шприцті крафт-пакетке салып, лотокқа салыңыз;