Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
klinika.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
462.85 Кб
Скачать

Көк тамырдан қан алу әдісі.

Мақсаты: Көк тамырдан қанды биохимиялық зерттеуге алу.

Әзірле: Бір рет қолданылатын 10-20 мл шприц, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, пробиркалар, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша,

жолдамалар.

Іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз, асептика ережелерін сақтап, крафт- пакеттен шприцті құрастырыңыз;

  • пациентті отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

  • тесетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;

  • шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;

  • иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;

  • пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен тесетін жерді сүртіңіз;

  • шприцті оң қолыңызға алыңыз, 2 саусағыңызды иненің канюлясына қойып, қалған саусақтармен шприцтің цилиндрінен ұстаңыз;

  • сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

  • шприцті теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;

  • сол қолдың саусақтарын босатып, поршенді өзіңізге тартып, қан бар ма екенін тексеріңіз;

  • көк тамырға түссеңіз шприцке 5-10 мл қан сорып алыңыз;

  • бұраманы босатыңыз;

  • тескен жеріңізге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;

  • пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

Көк тамырға тамшылатып дәрі жіберу әдісі, бір рет қолданылатын жүйені құрастыру.

Мақсаты: Дәрілік заттарды емдік мақсатпен көк тамырға ақырын,

тамшылатып енгізу.

Көрсеткіштері: қан шеңберлеріндегі қанның мөлшерін толықтыру, сулы-электролитті балансты қалпына келтіру, интоксикацияны азайту, парентералды тамақтандыру.

Әзірле: Бір рет қолданылатын жүйе, штатив, лоток, 70% этил спирті, мақта

түйіршіктері, дәрілер, қолғап, бұрама, клеенкалы жастықша,

лейкопластырь.

Бір рет қолданылатын жүйені құрастыру іс алгоритмі:

  • қолыңызды жұмысқа дайындап, қолғап киіңіз;

  • бір рет қолданылатын жүйені алып, герметикалығын және қолдану мерзімін тексеріңіз;

  • дәрігердің тағайындауы бойынша дәріні алып, дәрінің атын, мөлшерін, енгізу жолын, сақтау мерзімін оқыңыз;

  • флаконның металл қақпағын пинцетпен ашып, резеңке тығынын спиртке батырылған мақтамен 2 рет сүртіңіз;

  • крафт-пакеттегі жүйені алып, оның ұзын түтікшесінде орналасқан қысқышын жабыңыз;

  • ұшында инесі бар қысқа ауа шығаратын түтікті алып, оны флаконның резеңке тығынын тесіп кіргізіңіз;

  • флаконның түбін жоғары көтеріп, сол қолмен тамызғыштың бос жағын ұстап, флаконды штативке бекітіңіз;

  • тамызғыштың сүзгісін көлденеңінен ұстап, қысқышты ақырын ашып, ауаны шығара отырып, сүзгіні жартылай және түтікті сұйықпен толтырыңыз;

  • тамызғышты тігінен ұстап, түтіктің төменгі жағындағы ауаны шығару үшін, егу жасайтын инеден ауасы бар сұйықты шығарыңыз;

  • ұзын түтіктегі ауа көпіршігінің жоқ екенін тексеріп, жүйе сұйыққа толғаннан кейін, қысқышты және иненің қалпағын жауып штативке іліп қойыңыз;

Көк тамырға тамшылатып дәрі енгізу іс алгоритмі:

  • пациентті жайлы жатқызыңыз;

  • егетін жерді дайындап, қолмен басып қараңыз;

  • шынтақ иінінің астына клеенкалы жастықша қойыңыз;

  • иықтың 2/3 орта бөлігіне бұрама салыңыз;

  • пациентке қолыңызды ашып-жұмып жұмыс істеуін сұраңыз, содан соң жұдырығын қысып ұстауын сұраңыз;

  • спиртке батырылған екі мақта түйіршігін алып, біреуімен кең аумақты, екіншісімен егетін жерді сүртіңіз;

  • жүйеге жалғасқан иненің қалпағын алып, ауасын шығарыңыз;

  • инені қиығын үстіне қаратып, оң қолыңызға алыңыз,

  • сол қолыңыздың бір саусағымен көк тамырды бекітіңіз;

  • инені теріге параллель бағытта ұстап, иненің 1/3 бөлігін көк тамырға кіргізіңіз;

  • инеден қан көрінгенде, пациенттің жұдырығын ашыңыз, резеңке бұрауды шешіңіз, оған әзірлеген жүйені жалғаңыз;

  • инені үстінен лейкопластырмен бекітіңіз;

  • тамшының ағу жылдамдығын дәрігердің тағайындауы бойынша бұрамалы қысқышпен реттеңіз;

  • пациенттің жағдайын бақылап отырыңыз;

  • процедура аяқталғасын, ине тұрған жерге 3-ші мақта түйіршігін басып, инені алып шығыңыз;

  • пациенттің қолын шынтақ иінінде қысып ұстауын сұраңыз;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]